Мұғалiм: Қабжан Қанзия Егізбайқызы Сынып- 2,3,4 Оқушылар саны -8 Тақырыбы



Дата31.07.2017
өлшемі73,67 Kb.
#22391
«Өзін өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп Белағаш орта мектебі

Мұғалiм: Қабжан Қанзия Егізбайқызы Сынып- 2,3,4 Оқушылар саны -8

Тақырыбы: Талаптыға нұр жауар

Құндылық : Дұрыс әрекет

Қасиеттері: сыйластық, бақыт, мейірімділік, сүйіспеншілік, талаптану

Сабақтың мақсаты : Оқушыларға жақсылыққа талаптану арқылы дұрыс әрекет жасауға болатынын түсіндіру.

Сабақтың міндеттері :

Білімділік : Оқушыларға бақыт, сыйластық, мейірімділік қасиеттері адамға дұрыс әрекет жасауға ықпал ететінін түсіндіру;

Дамытушылық : сыйластық, мейірімділік, бақыт, талаптану қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: сыйластық, мейірімділік, бақыт, талаптану қасиеттерін дамыту.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі



Шаттық шеңбері :

  1. Релаксация «Мейірімділік » (аудио жазба) қосып тыныштық сәтіне енгізу

  2. Тыныштық сәті Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.



Сергіту сәті

Өнер


Домбырам күмбірлеп (Сол қолын жанына көтеріп, домбыра тартады)

Күй шерте аламын

Бұрала би билеп, (Екі қолын кезекпен көтеріп би қимылдарын жасайды)

Суретте саламын. (Қылқалам ұстаған қимыл көрсетеді)

Ұқсатып кілемге (Ауада төртбұрыш сызады)

Кесте де тігемін (Ине ұстап тігін тіккен қимыл жасайды)

Жалықпай талай күн

Жасаймын мүсін де (Ермексаз илегенді қимылмен көрсетеді)




Ресустар: (құралдар,мәліметтер)

Оқулық,дәптер,белсенді тақта,аудио жазба т.б



Сабақ барысын талдау:

  1. Үй тапсырмасын тексеру

Тақырыпқа сай оқушылар үйде үлкендердің көмегімен қосымша дайындалу.

  1. Үй тапсырмасын тексеру

Б. Әділовтың «Қанат пен Жанат» әңгімесі

Сұрақтар:

1.Атасының үйіне келген қонақ кім еді?

2. Жанат пен Қанаттың әрекеттері туралы не айтар едіңдер?

3. Қанат домбыраны үйренуниетіне қалай жетті?

4. «Талаптыға нұр жауар» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

5. Талапты бала қандай болады деп ойлайсыңдар?






Жаңа ақпарат

Адам өзінің ынта –ықыласы, жігері және талмас талабы арқылы көдеген мақсатына жете алады.

ІV. Оқиға айту (әңгіме)
«Өмір сүрудің ең жақсы жолы»
Шағын бір ауылда орта жастағы бір кісі дүкен ашып сауда жасамақ болады. Сөйтіп алға қойған жоспарын бастапта жіберіпті. Ол ақ көңіл, жайдарлы, еңбекқор болғандықтан ауылдың барлық адамдары оны жақсы көріпті. Оның дүкеніне барып сауда жасайтын.Ауылдың тұрғындары тамыр – таныстарына да сол адамнан сауда жасауға кеңес беретін. Шаруасын кішігірім дүкеннен бастаған еңбекқор жан , бір жылдың ішінде жан жақтағы қалалардан сондай шағын дүкендер ашып тастайды. Бір күні науқастанып, бұл дүниеден өтерін сезген адам, артында қалған үш ұлын қасына шақырып:
Үшеуіңнің біреуі барлық дүкенімнің иесі болады. Мирасымды соған қалдырамын. Менің жиған дүние мүлкіме қайсысың лайықты екенін білу үшін үшеуіңе де бір – бір доллардан беремін. Осы долларға бір нарселер алыңдар. Кешкісін келгенде алған нарселерің менің осы бөлмемді толығыменн толтыруы керек.Шартым осы. Ұлдары бұл мүмкіндіктен айырылып қалмауды ойлап, не істерлерін білмей қатты абыржиды. Қалаға барып үшеуі де долларларын жаратты. Кешкісін әкелеріне келіп, үлкен ұлы:
Әке, досымның шаруашылығына барып, екі қап сабан сатып алдым, - деді де, қаптарды ашып сабанды әр тарапқа шаша бастады. Алайда көп ұзамай сабандар еденге түсіп, бөлмені толтыра алмады. Екінші баласы: Дүкенге барып екі жастық алдым,- деді де, жастықтарды сөгіп, ішіндегі жүндерін бөлменің ішіне шашып тастады. Бірақ, жүн де бөлмені толытыра алмады.
Үшінші ұлы:
Әке, долларды ұсақтап, 50 центін мешітке, 20 центін қайырымдылық қорына, ал 20 центін мүсәпір кемтарларға тараттым. Қалған 10 центіне екі нарсе алдым,- деді де, қалтасынан сіріңке мен шырақты шығарды. Бөлменің жарығын сөндіріп, шырақты жақты. Сабан мен жүнге толмаған бөлме аз уақыттың ішінде шырақтың нұрына бөленді. Әкесі ұлына риза болып: ұ
Мирасымды саған қалдырамын ұлым. Өйткені өмір сүрудің ең жақсы жолы – айналана жарық тарату деген екен
Сұрақтар:
1.Үшінші ұлының әрекетіне деген өзіңіздің көз қарасыңыз?
2.Айналана жарық тарату дегенді қалай түсінесіз?
3.Әкесі неліктен баласының талабына риза болды?



  1. Дәйек сөз

"Талаптан да білім мен өнер үйрен,

Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл."

Ш. Құдайбердиев

Дәйексөздің мағынасын ашу. Хормен қайталату, дәптерге жазғызу.

Ұл балалар қайталайды, қыздар қайталайды, сосын бәрі түгел хормен айтады.

1.Нақыл сөзден түйген ойыңыз?
2.Талаптану адамға қандай мүмкіндіктер береді?

Ойын «Құндылықтар беру» ойын







  1. Оқып үйренейік

Мен талапты баламын

Ойнап бал бұл жанамын,

Кітап оқи аламын.

Әке сөзін тыңдайтын

Мен талапты баламын.
Талпынамын тойлаймын,

Талабымды жоймаймын.

Ұлы мақсат шыңына

Шықпай әсте қоймаймын.


Ер жеткен соң қалай мен

Бір жаңалық ашпаймын?!

Қиындықтан саспаймын.

Әдептен де аспаймын.


Әбес деме мұнымды,

Айтайын бір шынымды.

Талмай оқып,ізденіп,

Игеремін ғылымды.


Адал ұлмын халқыма,

Адал болам антыма.

Кім болсам да ,елімнің

Дақ салмаймын даңқын!




  • Адам талаптану арқылы қандай жетістіктерге жете алады деп ойлайсыңдар?




  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Сынып 2 топқа бөлінеді

1топ: (төменде берілген сөздерден талапты балаға тән қасиеттерді тауып, айтып беріңдер : ізденгіш,енжар,ұмтылғыш, талантты,жалқау,ұқыпты,қабілетті,еңбекуқор,өнерлі,әдепті, сабырлы, табанды)

2 топ: «Талапты жетер мұратқа» тақырыбында пікір талас






  1. Топпен ән айту. Біз өмірдің гүліміз

Сөзі Ә Дүйсенбиевтікі
Әні Б.Ғизатовтікі

Зеңгір көктен


Нұрын төккен
Ортақ біздің күніміз.
Жайдары өскен,
Жайнап өскен
біз өмірдің гүліміз.
Бал достыққа,
Жолдастыққа
Шақырады әніміз,
Тыныштықта,
Нұр құшақта
Бақыттымыз бәріміз!

VІІІ.Сабақтың қорытынды сәті
Болғанда ақылың дария, кеудең кеме,
Кемесіз дариядан өтем деме.
Кеудеңде саңан болса, талап ізде,
Талапсыз мақсатыңа жетем деме






  1. Үй тапсырмасы.

17 - сабақ тапсырманы орындау

18 сабақ «Мен талапты баламын» өлеңін оқып, талдау.






7.Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет