МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ
|
|
Тақырыбы: Сыбайлас бұрыштар
|
|
Мақсат:
|
|
|
Жаңа білім
|
• Сыбайлас бұрыштардың ұғымымен танысып, олардың қасиеттерін білу.
|
|
Жаңа түсінік
|
• Бір қабырғасы ортақ, ал қалған екі қабырғасы толықтауыш сәуле болып келетін екі бұрыш сыбайлас бұрыштар деп аталатынын түсіну.
|
|
|
Қолданым әрекеті
|
• Сыбайлас бұрыштардың қасиеттерін амалдарды қолдана есептер шығару.
|
|
Талдау әрекеті
|
• Сыбайлас бұрыштар жөніндегі теорема, теореманы дәлелдеу.
|
|
Шығармашылық әрекет
|
• Сыбайлас бұрыштарға сыныпта есептер шығару.
|
|
|
Бағамдау әрекеті
|
•Сыбайлас бұрыштарды және оның ұғымдарын қорытындылау.
|
|
Сабақ құрылымы:
|
|
|
І. Ақпарат алмасу (10 мин.).
ІІ.Алғашқы бекіту (5 мин.).
ІІІ.Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).
ІV.Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).
V.Бағамдау-бағалау (5 мин.).
|
|
Сабақ типі: • фронтальді, жұптық, топтық.
|
|
Оқыту әдісі: • репродуктивті, ішінара ізденушілік.
|
|
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
|
|
|
•оқушыларға бағыт-бағдар, қажет болған жағдайда көмек береді
|
|
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
|
|
|
•сыбайлас бұрыш, сәуле, қабырға, түзу, теорема, аксиома
|
|
Оқушыда дағды қалыптастыру:
|
|
|
• тақырып бойынша әртүрлі танымдық сұрақтарды шешу, белгілеген мақсатқа қол жеткізу, өзін-өзі дамыту, топпен жұмыс істеу және топ жұмысының нәтижесін көру, өз ойын сынып алдында қорғай білу.
|
|
Ақпарат көздері:
|
|
|
1. Ж.Қайдасов, Г.Досмағанбетова, А.Абдиев “Геометрия” 7сынып оқулығы. Алматы «Мектеп» 2012.
|
|
Оқушы жетістігін бағалау:
|
|
|
• оқушыға сабақ блоктарының деңгейлік тапсырмаларын уақытылы орындауы, топтық жұмысқа қатысуы мен үй жұмысын орындауына байланысты баға қойылады
|
|
Үй тапсырмасы:
|
|
|
• Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы:
Есеп шығару сабағына дайындық ретінде, алдыңғы тақырыптарды қайталап кел.
|
САБАҚ БЛОКТАРЫ
|
|
|
|
і. аҚПАРАТ алмасу
|
|
Тақырып жоспары:
Кіріспе:
1. Сыбайлас бұрыштар
Сыбайлас бұрыштар жөніндегі теоремасы
Теореманы дәлелдеуі
Слайдтар:
2-слайд
Бұл тақырыпты оқу кезінде сыбайлас бұрыштар туралы білімдеріңді кеңейтіп, тереңдете түсесіңдер; сыбайлас бұрыштар ұғымымен танысып, олардың қасиеттерін үйреніп, оларды қолданып, есептер шығаруды үйренетін боласыңдар.
|
4-слайд
∙ Суретте BOD және DOA сыбайлас бұрыштары OD қабырғасы ортақ, ал OB мен
OA қабырғалары толықтауыш сәулелер, бірін-бірі түзуге толықтырып тұр.
|
5-слайд
Теорема. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы 180°-қа тең.
|
6-слайд
Дәлелдеу. Үшінші топтың екінші аксиомасы негізінде былай жаза аламыз:
∠AOD+∠DOB=∠AOB
∠AOB-жазыңқы бұрыш
онда ∠AOB=180°
ендеше, ∠AOD+∠DOB=180°
Теорема дәлелденді
|
Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Сыбайлас бұрыштар
|
Сыбайлас бұрыштар теорема
|
Сыбайлас бұрыштар дәлелдемесі
|
|
|
|
Қорытынды:___________________________________________________________
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
1. Сүйір бұрыш сызыңдар. Осы бұрышты ABD жазыңқы бұрышқа толықтырыңдар. Пайда болған бұрыштарды жазыңдар.
_________________________________________________________________________
2. Берілген АВС және СВЕ сыбайлас жатқан бұрыштар арқылы АВЕ бұрышын табыңдар. АВЕ және АВС бұрыштарын салыстырыңдар.
_________________________________________________________________________
3. Сыбайлас бұрыштардың біреуі 1) 45° 2) 120° 3) 18° болса, онда оның екінші бұрышы неге тең?
_________________________________________________________________________
4. Сыбайлас бұрыштардың бірі 48° болса, онда екіншісі нешеге тең?
_________________________________________________________________________
ІІ деңгей тапсырмалары
1. Екі бұрыштардың қиылысуынан пайда болған бұрыштардың бірі 50°-қа тең, қалған бұрыштарын табыңдар. Мұндағы сыбайлас бұрыштарды, жазыңқы бұрыштарды көрсетіңдер.
_________________________________________________________________________
2. Сыбайлас бұрыштардың бірі екіншісінен 5 есе артық болса, ол бұрыштардың үлкені нешеге тең?
_________________________________________________________________________
ІІІ деңгей тапсырмалары
Сыбайлас бұрыштардың биссектрисcалары арасындағы бұрыш 90°-қа тең болатынын дәлелдеңдер.
_________________________________________________________________________
Топтық жұмыс.
a) Сыбайлас бұрыштардың биссиктрисалары арасындағы бұрыш 90˚ - қа тең болатынын дәлелдеңдер.
b) Біреуі 60˚ - қа тең болатын сыбайлас бұрыштар биссиктрисалары арасындағы бұрыштың шамасын табыңдар.
c) Кез - келген сыбайлас бұрыштардың биссектрисалары арасындағы бұрыштың шамасы қандай?
_________________________________________________________________________
Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |