Мұғалімі: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Батырова Бибигуль Рахимовна Телефон: 87028871649



Дата05.06.2017
өлшемі178,9 Kb.
#18152
түріОқулық

Мұғалімі: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Батырова Бибигуль Рахимовна

Телефон:

87028871649

Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Қ.И.Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі


Күні

10. 09. 2014 1 сабақ

Пәні:

Әдебиет 7»А» сыныбы

Тақырыбы:

Жыр –көне дәуір мұрасы. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының тақырыбы мен идеясы.

Жалпы мақсаттары:

Тақырып пен идея мәнін анықтау, негізгі түйінін түсіне білу. Сұрақ қою дағдыларын, сыни тұрғыда ойлауын, өзара ынтымақтастықты, жүйелі қорытынды жасау, өзара бағалау біліктерін дамыту.

Сілтеме:

Оқулық авторы: Қансейіт Әбдезұлы, Сәуле Чапайқызы Тұрсынғалиева.

Негізгі идея:

15 нұсқасы бар. Марабай жыршының айтуы бойынша сақталып, ауызба – ауыз тарағандығын түсіндіру. Қодардың кесірінен екі жас бір-бірімен қосыла алмайды. Қозының өміріне кедергі келтірген де Қодар. Тіпті бейіт басында екі гүл өсіпті, арасында бір тікенек шығыпты деген аңыз да бар. Екі гүл Қозы мен Баян, ортасындағы тікенек Қодар болыпты.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Көрнекілік

Үлестірмелі материал (ватман, маркер, ашық сұрақ парағы, бағалау критерийлерінің парағы).

Әдіс-тәсілдері:




Блум таксономиясы (білу, түсіну, қолдану)

Топтастыру, сын тұрғысынан ойлау, өзара бағалау.



Күтілетін нәтиже




Тақырып, идеяны түсінеді, мағынасын аша алады. Өз ойын еркін жеткізеді. Жырдың негізгі идеясын табады.Оқушылар өз ойларын жүйелеп жеткізеді, бір-бірін мұқият тыңдап, толықтырып өзара сыйластық, ынтымақтастық ахуалы қалыптасады.

Тапсырмалар

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті







1. Қызығушылығын ояту. Сыныпты ұйымдастырып, оқушылар зейінін сабаққа аудару.

Тренинг «Гүл сыйлау» Оқушыларды шеңбер құрғызып тұрғызу.



2. Мағынаны тану. Блум бойынша жіктеу:

Білу. Сұрақтар қою:А). Жырдың қай кезде шыққандығын айыратын белгісі не? (Күмбезі)

Ә). Лиро-эпостық жыр дегеніміз қандай жыр? (Ғашықтық жыр)

Б). Жырды кімдер зерттеген?

(Ш.Уәлиханов Жанақ ақынның аузынан жазып алған.Радлов, Әуезов, Потанин, Марғұлан)

В) Ғашықтық жырлардың батырлық жырлардан айырмашылықтары неде?

(батыр елін қорғайды, ғашықтық екі адамның сүйіспеншілігі)

Г) Жырдың неше нұсқасы бар?

(20-дан астам)

Д) Пушкин жыр бойынша не жазды? (поэма)

Түсіну. Оқулық бойынша топтық

жұмыс: І, ІІ, ІІІ топтары Жырдың композициялық құрылымы.


1.Әр оқушы өзінің сол жағында тұрған оқушыға гүл сыйлап, бір жақсы тілегін айтады (Мен саған .... тілеймін)Топқа бөлінеді(резинка түстері арқылы)

2. Сұраққа жауап беру арқылы тақырыпқа назар аударады.









1. Жырдың басталуы (экспозиция) Қарабай мен Сарыбайдың аңда кездесуі, бір-бірімен құда болуы.

2. Жырдың байланысы.  Сарыбайдың өлімі.

3. Жырдың шиеленісуі.  Қарабайдың Аягөзге көшуі.

4. Жырдың шарықтау шегі. Қозының Баянды іздеуі, бір-бірін ұнатуы.

5. Жырдың шешімі. Қозы мен Баянның трагедиясы.



Қолдану. «Ақылдың алты қалпағы» Эдвард де Боно

тәжірибесі бойынша әр топқа жеке тапсырмалар беріледі.



1. Ақ қалпақ: Жырдың қажетті тұстарына тоқталады.

2. Сары қалпақ: Жырдың жағымды жақтарын зерттейді және жақсылықтарын іздейді.

3. Қара қалпақ: Жырдың жағымсыз жақтарын табады, оны өз беттерінше қорғайды.

4. Қызыл қалпақ: Жыр туралы болжамды және ішкі өз ойларын, сезімдерін білдіреді.

5. Жасыл қалпақ: Жыр кейіпкерлерінің мүмкіндіктеріне, олар бақытты болуға лайықты жол таба алатындығына, жаңа идеялар табады.
6. Көк қалпақ: Алты топтың айтқан пікірлерінің сәтті, сәтсіз шыққандығына тоқталады.
4. Толғаныс сәті. Видео-ролик көрсету. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»  дастанының  ең  көп  тарағаны Жанақ нұсқасы.  

Жырдың тақырыбы – екі жастың бір- біріне деген адал сүйіспеншілігі. Жырдың идеясы – сезімнің жоғарғы шыңы, махаббаттың жолындағы бөгет көбіне дәрменсіз екендігі өмір шындығы.



3. Оқулық және постермен жұмыс жүргізіледі.

4. «Ақылдың алты қалпағы» (топтық жұмыс, өзара бағалау)


Кері байланыс

«Неге , неге, неге?» сұрақтарына жауап беріңіз.

Неге Қарабай қызын Қозы Көрпешке бергісі келмеді?

Неге Қозы Баянды іздеп шықты?

Неге Қодар екі жастың махаббатына қарсы тұрды?



Сұрақтарға жауап береді, стикерлер жазады.
Отбасы жағдайына байланысты

Ғашық болғандықтан

Байлыққа қызыққандықтан


Кейінгі тапсырма



«Жырдан алған әсерім» атты шағын шығарма.

Шығарма жазып келу.










Мұғалімі:

Б.Р.Батырова

Күні

11. 09. 2014 2 сабақ

Пәні:

Әдебиет 7»А» сыныбы

Тақырыбы:

Жыр кейіпкерлері

Жалпы мақсаттары:

Ұнамды, ұнамсыз кейіпкерлерді анықтау. Білімдерін кеңейту.

Сілтеме:

Оқулық авторы: Қансейіт Әбдезұлы, Сәуле Чапайқызы Тұрсынғалиева.

Негізгі идея:

Қозы Көрпеш- Баян сұлу арасындағы адал махаббат.

Жастар махаббатына ертедегі қоғам және жеке адамдардың қарсы іс-әрекеттері.Қозы, Баян, Қодар, Сарыбай, Қарабай т.б. бейнелері.



Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Көрнекілік

Үлестірмелі материал (ватман, маркер, ашық сұрақ парағы, бағалау критерийлерінің парағы).

Әдіс-тәсілдері:




БЛУМ таксономиясы (талдау, жинақтау,бағалау) РАФТ

Топтастыру, сын тұрғысынан ойлау, өзара бағалау.



Күтілетін нәтиже




Кейіпкерлердің мінез-құлықтарын біледі. Ұнамды және ұнамсыз кейіпкерлерді ажыратады.

Тапсырмалар

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті







1.Қызығушылығын ояту.

Ұнаған заттарын алу арқылы

3 топқа бөлу, тақырыпқа сай топ атауын құрастыру, топ басшысын анықтау.

«Менің жырдан алған әсерім» атты шығармаларын сұралады.


2. Мағынаны тану:
Талдау Кесте толтыру

Жыр кейіпкерлері Қандай?


Жинақтау

Жырдағы салт-дәстүрлерді жазу


Роль-Қозы Көрпеш

Аудитория – халық

Форма- ой толғау



1.Топқа бөлінеді, атауын, топ басшысын анықтайды


2. Шығармаларын оқиды.

3. Кейіпкерлер бейнесін бейнелейді.

4. Интерактивті тақтаға жазады, түсіндіреді.

5. РАФТ бойынша жұмыстанады.








Тақырып- «Махаббат – екі жастың тағдыры»

Бағалау

Құрылысына қарай талдау (ауызша)


3.Толғаныс сәті: Поэмадағы бас қаһарман Қозы жастайынан мейірімді де ақылды, ізгі ниетті адамдар арасында еркін өсіп, келешек ұрпаққа үлгі боларлық тәлімі бар. Қарапайым адам қалпында, шындық болмысқа сай алғыр азамат ретінде суреттелген.


Өз ой-пікірлерімен бөліседі.

Жырды талдайды.



Кері байланыс

Сұрақтар қойылады. Жыр ұнады ма? Неліктен ұнады? Қандай әдеби-теориялық ұғымдар кездеседі?

Сұрақтарға жауап береді, стикерлер жазады.

Кейінгі тапсырма



Үзінді жаттау. «Жырды қалай өзгертіп жазар едің?» ой толғау



Ой толғау жазады, үзінді жаттайды.



Мұғалімі:

Б.Р.Батырова

Күні

17. 09. 2014 3 сабақ

Пәні:

Әдебиет 7»А» сыныбы

Тақырыбы:

Шешендік сөздер

Жалпы мақсаттары:

Халқымыздың даналығы шешендік асыл қазынасының тәлім-тәрбиелік сипаттарын, ғасырлар бойы халық сынынан екшеліп өткен құнды мұра екендігін таныту

Сілтеме:

Оқулық авторы: Қансейіт Әбдезұлы, Сәуле Чапайқызы Тұрсынғалиева.

Негізгі идея:

Шешендік сөздер ата-бабамыздан келе жатқан ауыз әдебиетінің бір түрі. Ертеде сот болмаған кезде аталарымыз өздерінің тапқырлығымен, сөзге шешендігімен үлкен дау-жанжалдарды ұтымды шешкен.


Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Көрнекілік

Үлестірмелі материал (ватман, маркер, ашық сұрақ парағы, бағалау критерийлерінің парағы).

Әдіс-тәсілдері:




Диалогтық оқыту



Күтілетін нәтиже




Кейіпкерлердің мінез-құлықтарын біледі. Ұнамды және ұнамсыз кейіпкерлерді ажыратады.

Тапсырмалар

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті







1. Қызығушылығын ояту:

«Ой қозғау» әдісімен бағыттаушы сұрақ қояды.

2.Мағынаны тану: Оқулықпен жұмыс.

3. Ой-толғаныс. Шығармашылық тапсырма.

1-топ. Ыстық орындық

2-топ. 5 жолды өлең

3-топ. Жиренше шешен

4. Үй жұмысы

Келесі өтілетін сабақпен байланыстырады.


1.Нөмерлер арқылы топқа бөлінеді.

2. Диалогтік әдіспен сұраққа жауап беру арқылы тақырыпқа назар аударады.

3. Өзіндік пікірін білдіреді, бағалайды, оны негіздейді, ұсыныс жасайды.

4. Оқулық, көркем шығарма оқу, қосымша мәлімет жинайды, ашық сұрақтарына ойланып жауап береді.



Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру: 1. Сәлемдесу

2. Оқушыларды түгендеу





Қызығушылығын ояту 1,2,3 сандарын карточкаға жазып теріс аударып таратып 3 топқа бөлу, топ атауын құрастыру, топ басшысын анықтау.



Мағынаны тану:

1-тапсырма.

1-топ. Шешендік сөздер дегеніміз не?

2-топ. Шешендік сөздердің, риторика ілімінің қалыптасуына үлес қосқан тұлғалар кімдер?

3-топ. Шешендік сөздердің өзіндік ерекшеліктері қандай?

Бағалау критерийлері үлестіріледі:

Қосымша мәліметтер қамтылу керек.

Жауап нақты болу керек.



Бағдаршам




1-топ




2-топ




3-топ




2-тапсырма. Шешендік сөздердің түрлері

1-топ. Шешендік арнау.

2-топ. Шешендік толғау

3-топ. Шешендік дау.

Әр топ қарсы топтарға 1 жабық және 1 ашық сұрақтан қояды. Сонда әр топ барлығы 6 сұрақ құрастырады. Бағалау критерийлері үлестіріледі:

«Шешендік сөздердің түрлері»


Топтың аты, балы




  1. Сұрақ нақты, түсінікті, дұрыс құрастырылған болу керек.




  1. Жауап қысқа да нұсқа болу керек.






Ой-толғаныс:




Барлық топтар бағалауларын негіздеп, топтардың жұмысын қорытындылап, жиынтық бағалары, жеңген топ анықталады. Оқушы пікірлері, ұсыныстары қабылданады.

Үй жұмысы:




Дүниеде не өлмейді?” жаттау.


Кері байланыс

Әр топ мүшелері өткен сабаққа рефлексия жасайды: Мен.... таныстым..; .....маған оңай болған жоқ. Ерекше ұнағаны..; Мен болашақта..; ..жазып көремін.

Оқушылар өз ойларын айтады, ой бөліседі.


Кейінгі тапсырма



1-топ реферат «Шешендік сөз – асыл мұра» .

2-топ. Көркем әдебиеттерден мысалдар жазып келу.



3-топ.«Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді” ой толғау жазу.








Мұғалімі:

Б.Р.Батырова

Күні

18. 09. 2014 4 сабақ

Пәні:

Әдебиет 7»А» сыныбы

Тақырыбы:

Билер сөзі – нақылдың көзі

Жалпы мақсаттары:

Көнеден қалған нақыл сөздердің мазмұнын ашу, ой бөлісу.

Сілтеме:

Оқулық авторы: Қансейіт Әбдезұлы, Сәуле Чапайқызы Тұрсынғалиева.

Негізгі идея:

Сұрақтарға ұтымды жауап беру, үш бидің алар орны, нақыл сөздерінің мәнін ашу.Жеті атасын білуге баулу.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Көрнекілік

Үлестірмелі материал (ватман, маркер, ашық сұрақ парағы, бағалау критерийлерінің парағы).

Әдіс-тәсілдері:




Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер


Күтілетін нәтиже




Кейіпкерлердің мінез-құлықтарын біледі. Ұнамды және ұнамсыз кейіпкерлерді ажыратады.

Тапсырмалар

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті







1.Ұйымдастыру
2. Қызығушылығын ояту:

Үй тапсырмасын сұрау

3. Мағынаны тану:

- бағыт береді, бақылайды

- тапсырманы орындайды.

- сұрақтар қойылып, жауабы тыңдалады.


4. Ой-толғаныс:

- жүйелейді.


5. Үй жұмысы

Келесі өтілетін сабақпен байланыстырады.



1.Топқа бөлінеді, атауын, топ басшысын анықтайды

2. Үй жұмысына жауап беру арқылы тақырыпқа назары ауады.

3. Презентация көреді, тапсырма орындайды.

5. Оқулық, көркем шығарма оқу, рөлге бөлініп көріністер қойылады., 6. Ашық сұрақтарына ойланып жауап береді, мысалдар келтіреді.



Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру: 1. Сәлемдесу. 2. Оқушыларды түгендеу. 3.Әр түсті қағаздар беріп әр түрлі ауылдарға 3 топқа бөлу, топ атауын құрастыру, топ басшысын анықтау.

Қызығушылығын ояту:

1.Үй тапсырмасы «Дүниеде не өлмейді?»

1. Үш бимен таныстыру. Сұрақтар қою:Қазақтың атақты би-шешендері кімдер?Олар не істеді? Аттары қалай қалды?


Мағынаны тану:

1-тапсырма. Оқулық бойынша жұмыс. 1-топ «Төле би мен Түлкі бала», 2-топ «Қазыбек пен Қоңтажы», 3-топ «Әйтеке бидің айтқаны» оқиды, сахналайды.

береді. Бағалау критерийлері үлестіріледі:



  1. Оқу мәнері

  2. Рөлге енуі

Бағдаршам




1-топ




2-топ




3-топ




2-тапсырма. 1-топ. Нақыл сөздерді теріп жазып, мағынасын ашу.

2-топ. Қоңтажыға мінездеме

3-топ. “Алты алаш” және “Жеті ата” ұғымдарын жазып шығу.

Бағалау критерийлері үлестіріледі:






  1. Нақыл сөздердің мағынасын толық ашу.

«2 жұлдыз, 1 тілек»




  1. Жауап қысқа да нұсқа болу керек.




  1. Уақытты тиімді пайдалану




3-тапсырма Ашық сұрақтар

  1. Аға мен інінің арасындағы қарым-қатынас қандай болу керек?

2. Қазақ халқы қандай халық?

3. Жеті аталарыңды білесіңдер ме?



Ой-толғаныс:




Барлық топтар бағалауларын негіздеп, топтардың жұмысын қорытындылап, жиынтық бағалары, жеңген топ анықталады. Оқушы пікірлері, ұсыныстары қабылданады.

Үй жұмысы :




  1. Билердің сөздерін жаттау.

  2. «Жеті ата» біліп, жазып келу.



Кері байланыс

Әр топ мүшелері бүгінгі өткен сабақтар бойынша сұрақтар қояды. Өткен сабақпен байланыстырады.

Оқушылар өз ойларын ортаға салады, ой бөліседі.


Кейінгі тапсырма


Танымдық деректерді оқып келу







Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет