Мұғалжар орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Жандуллина ж 3-сынып Тақырыбы



Дата17.06.2018
өлшемі29,5 Kb.
#43246
Мұғалжар орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Жандуллина Ж

3-сынып


Тақырыбы: Ана тілім – ардағым

Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілдің мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері , салт-дәстүрлері, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру.

Көрнекіліктер: Шарлар, қабырға газеттері, қанатты сөздер,тапсырма жазылған слайдтар.

Кештің барысы:

1 - жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар,оқушылар! Бүгінгі біздің «Ана тілім - ардағым» - атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер.

2 - жүргізуші: Мемлекетіміз егемендік алып, ана тіліміз қанатын жайып, көптен күткен арманымыз орындалды. Тіл қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі қатынас құралы. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамазаттың тірлігінде мән-маңызы болмайтыны белгілі.

1 – жүргізуші: Демек, тілдің орны ерекше. Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлау әрқайсысымыз үшін парыз. Жыл өткен сайын ана тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуде. Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халқы да жер бетінен жоғалады.

Саяжан: О, туған ана тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде, ана сүтінің жұғымы да сенде, райхан гүлдің жұпары да сенде, сахара даланың жазықтығы да сенде!

2 - жүргізуші: Тіл – ұлттың жан дүниесі. Расында қазақ халқының басында талай қиын нәубет, зұлматтың қайғылы күндерінің болғаны тарихтан белгілі. Сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы ана сүтімен санасына дарыған ана тілі ғана

Хор: “Ана тілім-ардағым!”

Арсен: Сүйемін туған тілді анам тілін,

Бесікте жатқанымда – ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен митнутымнан,

Құлағыма сіңрген таныс үні

Ислам: Қымбат маған ана тілім, бал тілім

Қымбат маған дана тілім , ар тілім.

Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,

Ана тілім ардақ тұтар алтыным.



  1. жүргізуші: Көрініс: “Намыс” әңгімесінен үзінді.

Бір күні Мұрат пен Абзал екеуі орысша сөлесіп жатқанын әкесі көреді.

  • Мой брат учится на англиском языке. Он будущий дипломат.

  • Я тоже буду дипломатом.

Осы сөзді естігесін кеше қарай Абзалды шақырып:

  • Абзал айтшы сен осы кімнің баласысың?

  • Ауылдағы атамның баласымын,- деді Абзал мүдірместен.

  • Дұрыс айтасың , бірақ сен ең алдымен қазақтың баласы екеніңді ұмытпа. Ал қазақтың баласы қазақша білмесе немесе біле тұра қазақша сөйлемесе ұят. “Ана-тілің-арың бұл,ұятың боп тұр бетте!” деп кім айтқанын білесің бе?

  • Білем, ақын Қадыр Мырза Әли атамыз айтқан.

  • Білсең сол атаңның өсиетін ешқашан есіңнен шығарма. Осыны достарыңа айтып жүр,-деп әкесі ойын түйіндеді.

Айнамкөз: Тіл қай ұлтта, қай жерде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір ана сүтімен еніп қалыптасады. Тіл байлығы әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауы тиіс.

Аружан: Ана тілі – ең басты байлығымыз. Ана тілі – ең ұлы және тамаша тіл. Менің ана тілім – қазақ тілі. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл.

2 - жүргізуші : Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан дүниесі. Ол жүректі соқтырып тұрған қан тамыры сияқты. Егерде қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?

Аян: Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

Ел бетіне қалай түзу қараймын,

Ана тілім егер сені білмесем.



Олжас: Ана тілім алтын ұям құндағым,

Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым.

Сенің жырың сенің әнің айтарым,

Санам сөніп байланғанша тіл-жағым!



Мақпал: Қадірлі , бағасы алтын анам тілі.

Сенімен бағаланған балаң түрі,

Төрт бөліп түн ұйқысын жұбатам деп,

Сенімен әлдиленген анам мені.



Нұржанат: Ана тілім жүрегісің анамның

Жүрек-ана , мен өзіңнен жаралдым

Сағат сайын саулығыңды тілеймін

Сенсіз мынау керегі не ғаламның



1 - жүргізуші: Қазақ тілі – өзінің даласындай кең, жайдары да, жалпақ тіл. «Қазақ» сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақымы домбыраның күмбір қаққан сазындай, асқан әуездігілі – шырқап салар әндей

2- жүргізуші: Туған тіл біздің бірінші бақытымыз, бірінші ырысымыз, біз сондықтан «Ана тіліміз» дейміз. Біз тілімізді яғни, ана тілімізді ерекше құрметтеуіміз керек. Басқа тілді білу әрине мақтаныш. Әйтсе де, өз ана тілін аяқ асты етуге болмайды.

1 – жүргізуші: Ойын: «Мақалдың жалғасын тап»

1. Ана тілің... алпыс тілге татиды.

2. Тілін білмейтіндер емес,..... тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт.

3. Тіл мәртебесі -..... ел мәртебесі.

4. Тіл -..... достықтың алтын көпірі.

5. Тіл - ұлттың сүйенетін тамыры,.... сыйнатын тәңірі.

6. Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес,... өзге тілде ойлау қауіпті.

7. Тілі өлген ел - ... тірі өлген ел.

8. Тіл - өлшеусіз қазына,... өрісі кең әлем.

9. Өз тілің - бірлік үшін,... Өзге тілің - тірлік үшін.

10. Тіл сүйексіз болса да,... сүйектен өтеді.

11. Тіл қоса алар жер мен көктің арасын,... тіл айырар анасының баласын.

12. Тіл ақылдың -... өлшемі.

13. Жақсы тауып айтар,... жаман қауып айтар.

14. Тіл жүйрік емес,... ой жүйрік.

15. Аузы құлып сандықты тіс ашпаса,... тіл ашады.



2 - жүргізуші: Қазіргі таңда біздің елімізде мемлекеттік тіл – қазақ тілі, ресми тіл – орыс тілімен қатар халықаралық ағылшын тілі де қатар жүріп келеді.

Саяжан: Мой верный друг! Мой враг коварный!

Мой царь! Мой раб! Родный язык!

Мои стихи – как дым алтарный!

Как вызов яростный – мой крик!



Шынкүміс: Уму и сердцу язык твой проводник,

Без него попадешь ты в тупик.

Язык твой – жизнь твоя, твои мечты,

Ты без него уже не ты.



Қарақат: Родной язык – твоя душа, твой мир, твой луч,

Люби за то, что он могуч.

Язык твой – щит, твое общенье

Не допусти к нему пренебреженье.



1 – жүргізуші: Хор « Пусть всегда будет солнце»

Айнамкөз: The school has doors that open wide

And friendly teachers wait inside.

Hurry, hurry, let’s go in,

For soon the lessons will begin.



Расул: Books and pencils I will need,

When I start to write and read,

Lots to learn and lots to dо

I like to go to school, don’t you?



Аружан: Many wonderful things to hear, to see,

Belong to you, belong to me!

The sun, the trees, the grass, the sky

The yellow moon that’s passing by.



Дильназ: Туған тілім – бабам тілі – өз тілім,

Туған тілім – анам тілім - өз тілім.

Туған тілім – далам тілі – өз тілім.

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.



Бөкенбай:

Ана тілім дана тілім бақ тілім

Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім

Сенсің менің қуанышым аттығым

Сенсіз менің тазалығым, пәктігім.

1-жүргізуші: Ана-тілі адам болып жаралғаннан бері жан-дүниесінің айнасы,өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі.

Барлығы: Ана тілі – бәріміздің анамыз,

Өйткені ол – ұлтымыздың анасы да дарасы.



2-жүргізуші: Ана тілі жүректің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа сақтап отыратын қазына,-дей келе құрметті қонақтар, бүгінгі біздің «Ана тілім-ардағым!» тақырыбындағы мерекелік кешіміз аяқталды. Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет.
Каталог: 2018
2018 -> Сабақ: Уақыт. Уақыттың өлшем бірліктері. Aқтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Мәртөк селосы
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> «дизайн» бойынша Қалалық олимпиадасы
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың мақсаты: ден 10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту тәсідерін қайталау. Апта күндерін ретімен меңгерту
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет