Ми және психика Психика



Дата29.09.2022
өлшемі50,69 Kb.
#151214
түріҚұрамы
Байланысты:
ми және психика (копия)


Ми және психика
Психика -
. Психика биологиялық эволюцияның жемісі және жалғасы.. Психиканың рефлекторлық сипаты оның объективті жағдайға тәуелділігін, қабылдау жүйесі құрамының қимыл атқару заңдылығын білдіреді. Психиканың рефлекторлық табиғатын алғаш И.М.Сеченов дәлелдеді.

  • 1) объективті шындықты түйсік, қабылдау, елестету, сезім, ерік, ойлау арқылы белсенді бейнелейтін мидың жүйелі қасиеті;

  • 2) адамның жан-дүниесінің сапалық күйі мен сипатын жинақтайтын рухани бірлестігі. көңіл-күй иірімдерінің жиынтығы.

  • 3) Психика, бұл адамның қоршаған ортамен қарым қатынас кезінде пайда болған, және де адамның қимыл іс әрекеті мен ойлау процесіне әсер ететін, шынайы құбылысты өзінше қабылдау түрі.

Сана – адамның барша психикалық қызметіне ортақ қасиетті бейнелеудің ерекше формасы. қоғамдық құбылыс


Адам санасының жануар санасының ерекше айырмашылығы:

  1. Еңбек және саналы іс әрекет. (қаруды қолдану, оны дайындау)

  2. Тіл. (қарым-қатынас жасау)

  3. Адам санасы. .

  4. Өзіндік сана. «Мен» бейнесін құрайды»

Бейсана аймағына, зерттеушілердің пайымдауына жүгінсек мынандай құбылыстар жатады: ұйқы кезіндегі психикалық әрекет (түс, лунатик);тікелей байқалмаған тітіркендіргіштерге жауап әрекет (түшкіру, қалтырау); дағдыға айналған қозғалыс әрекеттер (домбыра тарту, гимнастика әрекеті); саналы мақсаты болмаған кейбір әрекеттік ықпалдар (сәлемдесу, жақсылық және жамандық іс әрекетіне кірісе кету) және т.б.
Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады, айналадан келген тітіркендіргіштерге жауап қайтарылады.
Жүйке жүйесі нейрон – деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Бұл нейрондардардың екі түрлі тармағы болады: 1) ұзын тармақты аксон, 2)көптеген қысқа тармақты дендрит.. Нейрондардың тарамдала, өзара түйінделіп келіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді. Жүйке орталықтарына орталық перифериялық (шеткі) вегетативтік (ішкі) жүйке жүйелерінің өн бойына орналасқан.
Орталық жүйке жүйесіне жұлын мен ми жатады.
Орталық жүйке жүйесінің бөліктері бірінің үстіне бірі орналаса біткен. Осы бөліктердің жоғарғысы төменгісінен құрылысы, атқаратын қызметі жөнінде де күрделірек болады. Орталық жүйке жүйесінің төменгі бөлігі – жұлын (жуандығы 1 см) омыртқа қуысының ішінде орналасқан, оның ұзындығы орта есеппен 45 см-ге дейін жетеді. Жұлынның ішкі жағында сұр зат орналасқан. Жұлыннан жан – жаққа 31 жұп жүйке талшықтары тарайды. Жұлын біздің қарапайым қозғалыстарымыздың (аяқ-қолды бүгу, керіп-созу т.б.). жұмысын басқаратын орталық болып табылады.(Жаңа туған нәрестенің емуге әрекеттенуі. Бұл жұлынның шартсыз рефлекстері)
Жүйке қызметінің рефлекстік табиғаты.
Жүйке жүйесінің қызметі рефлекс арқылы жүзеге асып отырады. Рефлекс туралы алғаш айтқан француз ғалымы Ренэ Декарт. Рефлекс сырттан немесе іштен келетін тітіркендіргіштерге организмнің қайтаратын жауап реакциясы.. (жарық түскенде көздің сығыраюы,)
О рталық жүйке жүйесінің екінші бөлігі ми.
М и бассүйектің ми сауытының ішінде жатады. Мидың орташа салмағы 1400 г. . Адамның ақылдылығы мидың салмағына байланысты емес. Ми 20 жасқа дейін дамиды. Оны бұлшықеттер тәрізді «жаттықтыруға» болады. 

Мидағы нерв талшықтары және нейрондар
Миды үш бөлімге бөледі:
бағаналы (сопақша ми, ми көпірі, мишық, ортаңғы ми),
қыртысасты (аралық ми, алдыңғы мидың ми сыңарлары)
алдыңғы ми сыңарларының қыртысы. Мидың бағаналы және қыртысасты бөлімдері ертеден пайда болған. Ал ми қыртысы кейіннен пайда болған бөлім. Ми ұрықтың даму ерекшелігіне байланысты 5 бөлімнен тұрады:

  1. сопақша ми; (ему, жұту, жөтелу, құсу, сөл бөлу, көз жыпылықтату, жүрек қантамырлар, өкпе жұмысын реттеу,асқорту )

  2. мишық (артқы ми: сілекей, жас бездері ,шайнау, ымдау, қаңқа бұлшықеттерінің жұмысын, мойын аяқ қол қоғалысын, тепе теңдікке)

  3. Ортаңғы ми; (Кенеттен шыққан дыбыс, жарық тітіркендіргіштерін тез бағдарлауды реттейді.)

  4. аралық ми; (көру, дәм сезу, есту,)

  5. алдыңғы ми сыңарлары.( аяққолмойынтілбетерінді қозғалту, сөйлеу орталығы бар.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет