Микроағзалардың морфологиясы және оларды зерттеу әдістері



бет1/4
Дата08.04.2024
өлшемі3,51 Mb.
#200568
  1   2   3   4
Байланысты:
2-дәріс.

Микроағзалардың морфологиясы және оларды зерттеу әдістері.

Жоспар

Микроорганизмдердің морфологиясы нені зерттейді?

  • Микроорганизмдердің морфологиясы - олардың пішіні зерттеу, құрылымын, өсімін молайту және қозғалыс әдістері туралы ғылым болып табылады.

Бактериялардың пішіндері

  • Кейбір бактериялардың пішіндері тұрақты болмайды: ПЛЕОМОРФИК

Шар тәрізді бактериялар

  • Шар тәрізді бактериялардың жеке-жеке түрлері коккалар делінсе, екі-екіден қосақталған түрлері - диплококкалар, өзара тіркескен, моншақ тәрізделгендері - стрептококкалар, төрт-төрттен; тіркескендері - тетракоккалар делінеді де, сегіз-сегізден текшеленгендері - сарциналар делінеді.
  • Ал олардың стафилококкалар деп аталатын бір тобындағы шар тәрізді бактериялардың орналасуы жүзімнің шоқ жемісіне ұқсайды.

Таяқша тәрізді бактериялар

  • Таяқша тәрізді бактериялар ұзындығына, диаметріне, клеткалар ұшының пішініне, споралардың түзілуіне қарай бірнеше топтарға бөлінеді.
  • Спора түзуші топтарын — бациллалар және клостридиялар, ал түзбейтіндерін — бактериялар деп атайды.
  • Таяқша тәрізді бактерияларды клеткаларының орналасу тәртібіне қарай бірнеше топтарға бөледі: диплобациллалар немесе диплобактериялар - екі-екіден қосақтала орналасқан таяқша тәрізді бактериялар.
  • Стрептобактериялар - моншақ тәрізді тізіле орналасқан таяқша тәрізді бактериялар.
  • Кейде пішіні шар тәрізді бактерияларға тым ұқсас, таяқша тәрізді бактерияларды да кездестіруге болады. Оларды коккобактериялар деп атайды.
  • Спора түзетін клеткалары тізбектеле орналасқандарын стрептобациллалар деп атайды.

Таяқша тәрізді бактериялар



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет