Мұнайдың ауыр қалдықтарын сұйық пропанмен деасфальтизациялау технологиясы Мұнайдың ауыр қалдықтарын, атап айтқанда, гудронды, жоғары тұтқырлы май фракцияларын, каталитикалық крекинг шикізатын гудронмен асфальтсыздандыру процесі мұнай өңдеу өндірісінде жиі қолданылады. Кейбір зауыттарды алынған деасфальтизатты котельді отынның негізгі компоненті ретінде қолданады.
Асфальтсыздандыру процесінің мақсаты-шикі зат құрамынан шайыр-асфальтпен қосылыстарын бөлу болып табылады. Бұл процесс белгілі еріткіштер негізінде асфальтеннің коагугуляциясын болдырады және көмірсутектердің бір тобын таңдамалы ерітіп, ал қалған тобын шайырлар мен бірге тұнбаға түсіру арқылы жүреді. Осылай асфальтсысыздандыру нәтижесінде бір-біріне тәуелсіз екі процесс: асфальтеннің коагуляциясы және сақиналар саны көп емес, ароматтық және нафтендік көмірсутектердің таңдамалы еруі жүреді. Мұнайды айдаудан қалған қалдықтар (гудрондар, жарты гудрондар, концентраттар) құрамында жоғары молекулалы көмірсутектер мен қатар көп мөлшерде шайыр-асфальтен заттары болады. Мұнай қалдықтарын шайыр заттарынан жеке талғамды еріткіштермен тазалау тиімділігі олардың шикі затқа еселігі жоғары болғанда көп емес. Бұл шайырдың құрамындағы заттардың барлығының талғамды еріткіштерде жақсы ерімейтіндігімен түсіндіріледі.
Гудрондарды және концентраттарды сұйытылған төмен молекулалы алкандармен асфальтсыздандыру әдісін тек жоғары тұтқырлы қалдық майлар ғана емес, сонымен қабат каталитикалық крекинг және гидрокрекинг үшін шикі зат дайындауға қолданады. Еріткіш есебінде, әсіресе мұнай майларын өндіруде, сұйытылған пропанды пайдаланады, бірақ кейбір зауыттарда шикі затты пропан-бутан қоспасымен әрекеттейді.
Асфальтсыздандыру процесін әдетте сұйытылған техникалық пропанның қаныққан буының қысымының жоғарылау қысымда (0,4 кейбір кездерде) 4-5МПа жүргізеді. Мұнай концентратын пропанмен (немесе бутанмен) араластырғанда оның алғашқы порциясы концентратта толық ериді. Бөлінуші шикі затты қанықтыру үшін қажетті еріткіш мөлшері қоспаның құрамына және температураға байланысты. Шикі затта шайыр-асфальтендер мен жоғары молекулалы көмірсутектері көп болған сайын қаныққан қоспа алуға қажетті еріткіш шығыны көбейе түседі. Пропанның қажетті еселігі, шайыр-асфальтен заттарын тұндырғанда, шикі заттағы қажетті көмірсутектерінің концентрациясына байланысты. Шайыры аз парафин май компоненттері көп шикі заттар үшін, шайырасфальтені көп шикі заттар мен салыстырғанда, пропанның жоғары еселігі қажет болады. Асфальтсыздандыру нәтижесінде, кокстенушілік, тұтқырлық, тығыздық, сәуле сындыру көрсеткіші және металдар (никель мен ванадий) мөлшері едәуір төмендейді. Металдардың негізгі бөлігі асфальтсфздандыру битумдарының құрамына ауысады. Күкірт мөлшері де азаяды, бірақ шикі заттың терең күкіртсізденуі орын алмайды
Гудронды бірсатылы асфальтсыздандыру процесінің шикізаты ретінде 100°С температурадағы тұтқырлығы 18 және 26 мм/с аралығындағы гудрон қолданылады. Процестің негізгі қондырғысы ретінде колонналар қолданылады және процестің температурасы колоннаның жоғары бөлігінде - 75—85°С, төменгі бөлігінде - 50—65°С.
Гудронды пропанмен бірсатылы асфальтсыздандыру қондырғысының технологиялық сызбасы