Ақмола облысы
Бурабай кентінің С.Сейфуллин атындағы
орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Жалмуканова Шолпан Кинаятовна
«Молшылық кез» мерекесіне жоспар
Мақсаты: Жыл мезгілінің ерекшеліктерін анықтай отырып,өз қолдарынан келетін өнерлерін көрсетеді. Күзге деген махаббаттары,сүйіспеншіліктері артады.
Зал безендендіріліп,әр сыныптың күзге арнап салған суреттері ілінеді.
Мерекені мектеп директорының орынбасары Нурумова Ж.Д. құттықтау сөз сөйлеп,мерекені ашады.
1-жүргізуші:
Бейне нұрлы көкте күн,
Білсең өмір – көктемің.
Айқара ашар есігін,
Хош келдің! – деп мектебің
Балдырғандар, бұл мәлім,
Еркелігін тастайды.
Қыркүйекте мұғалім
Оқу жылын бастайды.-деп жасыл жапырақтардан шашу шашады.
2-жүргізуші:
Күн қарына алады,
Күз дің соңғы айы бұл.
Қар да жауып қалады,
Алдамаса пайымым.-деп сары жапырақтардан шашу шашады.
2 –жүргізуші : Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі бар, балалар. Табиғат қай кезде болмасын – тамаша дүние. Күз келсе ....– , қыс түссе –.... ; көктемде.... ; ал жазда – ....
1-жүргізуші: Ия, өте дұрыс. Ақындар да әр жыл мезгіліне тамаша өлеңдер жазып, табиғаттың сулулығын өлең жолдары арқылы бізге жеткізген. Сол өлеңдердің көбін біз мектепте оқып, жаттап жүрміз ғой. Жыл мезгілдерінің бәрі тамаша. Әйтсе де, бүгін біз КҮЗ-ге деген құрметімізді көрсетпекшіміз.
Енді «Алтын күз » мерекесінің бағдарламасымен таныс болыңыздар:
1. Әділқазылар алқасын таңдап алу.
2.Әр сыныптың күз ханшайымдарын шақырамыз,соңында баға береміз.
3.1 сынып өз өнерлерін көрсетеді.
4. «Күз кереметі» суреттен сайыс оны бағалау.
5. 2 сынып өз өнерлерін көрсетеді.
6. «Жұмбақтар әлемі» жауабын 3 тілде айту.
7. 3 сынып өз өнерлерін көрсетеді.
8.4 сыныпты тамашалаймыз.
9.Марапаттау.
Жүргізушілер кезектесіп айтып тұрады.
1.Әділқазылар алқасын таныстыру
2.Төрге күз ханшайымдарын шақырамыз.Ханшайымдар жоғары шығыңыздар.
3. Салқын тартып түз демі,
Білдіреді күз нені?
Шым еткізер жүректі
Тырналардың тізбегі, -дей келе, бірінші сыныпты ортаға шақыруға рұқсат етіңіздер!
4.Енді, жан-жағымызға қарап, «Күз кереметі» сурет көрмесін тамашалаймыз.Қандай керемет суреттер! Қазір әділ-қазыларымыз бұл керемет суреттерге өз бағаларын береді.
5. Ызғырықты жел өтіне
Шыдап баққан тербетіле.
Ағаш біткен шашып жатыр
Алтын теңге жер бетіне.
Ортада екінші сынып
6. «Жұмбақтар әлеміне» де келіп жеттік.Жұмбақтың шешуін 3 тілде айтуларың керек.
Дұрыс шешкен оқушы сол затты алады.Сондықтан тырысыңыздар.
Ашулы қонақ бұл анық,
Тонып шешсе, жыладық. (Пияз)
Бұйра тұлымы,
Желмен ойнайды.
Қызыл мұрыны,
Жерге бойлайды. (Сәбiз)
Тiгiп алып көк шатыр,
Қызылкүрең доп жатыр. (Қызылша)
Түбi толған құмалақ. (Картоп)
Қалпағы бар дөңгелек,
Сары гүлмен қоршалған.
Қарай-қарай күнге ерек,
Мойны талып шаршаған. (Күнбағыс)
Жүзiн орап гүлменен,
Күнге қарап телмiрер.
Тiспен шағып,
Тiлменен,
Дәмiн татқан ел бiлер. (Күнбағыс)
Аумайды бiр қылыштан,
Пүлiш түсi жап-жасыл.
Соғылғандай мырыштан,
Өтпейтұғын жап-жасыл. (Қияр)
2-жүргізуші: Тұратұғын құлап көктен,
Күн де салқын қыратты өпкен
Момақансып, сылдыр қақпай,
Жылтырайды бұлақ біткен.
Үшінші сыныпты қошеметпен ортаға шақырайық.
Екінші айы бұл күз дің,
Доп қуып, футбол ойнаймыз.
«Күз гі балын» мектептің
Қыркүйек айында тойлаймыз!-деп 4 сыныпты ду қол шапалақпен ортаға шақырайық.
Әділқазылар өз шешімдерін жариялап,марапаттайды.
Өзімнің 3 сынып оқушыларының дайындаған жұмыстары.
1. «Жалқау бала» көрінісі.
2. Қыздардың «Сары гүлдер» би.
3.Екі оқушының үзілістегі әңгімесі.
ҮЗІЛІСТЕГІ ӘҢГІМЕ
-Досым, күз келді,оқу жылы басталды, қалай ойлайсың, 1 қыркүйекте балалар не туралы ойлайды екен?
-Меніңше, олар 25 мамыр күні туралы ойлайды.Мен өзім сол күнді асыға күтемін.
-Маған анам күнде айтады, тезірек мектепке жиналсайшы,қалып қоясың дейді.Ал мен оған айтамын ана уайымдамашы мектептің есігі күні бойы ашық тұрады деймін ғой.
-Иә, солай ғой.
- Мен үйде күз келді, сабақ басталды деп уайымдап жүрсем,үйдегі қарындасым қуанып алақай, ура, бізге жаңа киімдер әпереді деп жүрді.
-Досым сонда айтшы осы мектептегі ең жақсы көретін пәнің қандай?
-Ой,айта алмаймын,....бірақ, бір жақсы көретін затым бар,айтайын ба?
-Айтшы?
-Ол ғой орындық,шіркін содан тұрмай отыра берсем,қандай тамаша!
-Айтпақшы,сен екі күн сабақты босаттың ғой,неге келмей жүрсің?
-Мектепке барарда тамақтанамын ғой,сосын жата тұрайын деп ұйықтап кетемін, енді сол әдетке айналып кеткен сияқты.
-Қой досым ертең сабақты босатпа,келетін бол,мен өзім телефон соғып оятатын боламын.
-Жарайды,досым шын дос деген осы ғой,кеттік қоңырау соғылды.
Достарыңызбен бөлісу: |