Морфология – грамматикалық категориялар мен грамматикалық тұлғаларды зерттейтін тіл білімінің саласы. Типтік оқу бағдарламасынан көшірме
Морфология – грамматикалық категориялар мен грамматикалық тұлғаларды зерттейтін тіл білімінің саласы. «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» пәнінің зерттеу нысанасы, мақсаты, міндеті, өзге пәндермен байланысы, тіл біліміндегі алатын орны. Қазақ тілінің грамматикасы, оның салалары (морфология, синтаксис). Зерттеу мақсатына қарай граммтиканың түрлері: сипаттамалы, тарихи, салыстырмалы, салғастырмалы. Қазақ тілі морфологиясының зерттелу тарихы, қазіргі жай-күйі. Қазақ тілі морфологиясына байланысты жазылған еңбектер мен оқулықтар туралы.