КІРІСПЕ 1.1 Зерттеудің көкейтестілігі
1.2 Болжам
1.3 Зерттеу мақсаты
1.4 Зерттеу міндеттері
НЕГІЗГІ БӨЛІМ: 2.1 Теориялық бөлім 2.1.1 Мультфильм дегеніміз не?
2.1.2 Қандай мультфильмдер болады?
2.1.3 Мультфильмдердің бала тәрбиесіндегі орыны – психологтердің пікірлерін зерттеу
2.2 Тәжірибелік бөлім 2.2.1 Сұрақтама нәтижелерін талдау
2.2.2 Эксперимент нәтижелерін талдау
ҚОРЫТЫНДЫ Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ Тақырыптың көкейтестілігі.
Біз барлық балалар сияқты мультфильмдер көруді ұнатамыз. Біздің көрген мультфильмдердің саны шексіз
Қазіргі кезде телеарналардан, интернет желісінен көптеген мультфильмдер мен балаларға арналған хабарлар тәуліктер бойы көрсетіледі. Әлеуметтанушылардың мәліметтеріне сүйенсек, мектеп жасына дейінгі 3-6 жас аралығындағы балалар куніне 3-4 сағат уақытын теледидар алдында өткізеді екен. Ол мектеп жасындағы балалардың уақытының тығыздығына байланысты 1-2 сағат өз сүйікті мультфильмдерін көре алады, бұл оның уақытының 20-40% мөлшері. Бұл уақыт балалардың достарымен, ересектермен қарым-қатынасына жұмсайтын уақытынан әлдеқайда көп. Көпшілік ата-аналар мультфильмдерді балаларының қызықты уақыт өткізу тәсілі деп қабылдайды және баласының көріп отырған мультфильмдерінің мазмұнына мән бере бермейді. Біз де мультфильмдерге солай қарайтын едік, алайда бұл тақырыпты сыныпта талдап, осы жобаны орындағаннан кейін мынадай қорытындыға келдік: мультфильм көру барысында балада эмоциялық көңіл күйлер мен адамгершілік қасиеттер қалыптасады, себебі мультфильмдердер тәрбиеші қызметін атқарады.
1.2 Болжам. Мультфильмдер тек сауық-сайран қызметін ғана атқармайды, олар бала психикасына тікелей әсер етеді.