1.3 Зерттеу меқсаты. Мультфильмдердің баланың эмоциялық күйі мен сана-сезіміне ықпалын зерттеу.
1.4. Зерттеу міндеттері. Мульмфильм дегеніміз не екенін және оның түрлерін анықтау.
Мультфильмдердің бала тәрбиесіндегі орынына қатысты психологтердің пікірлерін зерттеу.
Балалардың ұната көретін мультфильмдерін анықтау.
Экспетимент жүргізу: мультфильмдер баланың эмоциялық күйі мен сана-сезіміне қалай әсер етеді.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 2.1 Теориялық бөлім 2.1.1 Мультфильм дегеіміз не? «Мультипликация» термині (тура аудармасы - көбею) біздің кинода «анимация» терминінің синонимі ретінде қолданылады. Латын тілінен аударғанда - «anima» түсінігі «душа» дегенді білдіреді. Олай болса, «анимация» дегеніміз «жан бітіру» немесе «тірілу» дегенді білдіреді. Мультфильмдер – кино өнерінің ерекше турі. Оны мультипликаторлар жасайды, кейіпкерлерді жасау үшін олар түрлі материалдар мен техникаларды қолданады, ал «тірілту» кадрларды жылдам алмастыру арқылы іске асырылады.
Қозғалыс иллюзиясын жасау үшін кейіпкер қозғалысының түрліне фазадарын пленкаға түсіреді. Мұндай пленканы қолымызға алып қарасақ, әрбір кадрда кейіпкер біртіндеп қимылын өзгерте бастайды, бұл пленканы экрандағыдай секундына 24 кадр жылдамдықта көрсетілгенде көрермен кейіпкердің қозғалғанын байқайды. Бұл иллюзия көз қабығы көз алдындағы бейнені келесі бейне келгенше сақтау қабілетіне негізделген.