Наурузбаева Майгүл Чажибайқызы



Дата04.11.2016
өлшемі13,11 Kb.
#206
  • Өскемен қаласы №1 қазақ орта мектебінің кітапхана меңгерушісі
  • Наурузбаева
  • Майгүл
  • Чажибайқызы
  • Мақсатым:
  • Балалар оқуына басшылық жасау. Оқырмандардың, көркем әдебиетке, поэзияға деген қызығушылығын арттыру.
  • Мәңгілік қазақ,
  • мәрт ақын
  • Сүйгенім - өлең ғана құлай талып
  • Жазбаймын уақыт өтсін, ойлансын деп,
  • Жазамын, Абайша айтсам, ойлансын деп,
  • Ойлансын өзі жайлы - заман жайлы,
  • Көргенді қиялымен байласын тек.
  • МОЛДАҒАЛИЕВ Жұбан (5.10. 1920, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы, Жыланды ауылы - 6.10.1988, Алматы) - ақын, Казақстанның халық жазушысы. Орал ауыл шаруашылық техникумын бітірген (1940). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1942 - 52 ж. майдандарда қазақ тілінде шығып тұрған «Отан үшін», "Майдан шындығы", 'Жеңіс жалауы" газеттерінің редакцияларында түрлі қызметтер атқарды. 1948 - 83 ж. "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш" ) газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары, "Қазақ әдебиеті" газетінде редактордың орынбасары, 1958 - 63 ж. "Жұлдыз" журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының екінші, бірінші хатшысы болған.
  • “Отан соғысының ІІ дәрежелі” ордені,
  • “Құрмет белгісі” ,
  • “Еңбек Қызыл Ту” ордені,
  • Совет Одағының үш медалі,
  • Поляк Халық Республикасының екі медалі.
  • КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері,
  • Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік сыйлығының иегері.
  • Марапаттары
  • "Мен - қазақпынды"
  • жазып
  • жүрген
  • кезі
  • Мен – қазақпын
  • бір биік
  • белеспін мен.
  • Бұл поэмада ақын қазақ халқының басынан кешірген небір қиын кезеңдерді суреттейді.
  • Ақын қазақ халқының сан ғасыр бойында ауыр азаппен өткен тағдырын еске түсіреді. Қазақ елінің талай шапқыншылыққа ұшырағанын, бірақ халық бәріне төтеп, беріп, өзін қорғай білгенін, елдігі мен салтын, ұлттық қасиетін сақтап қалғанын мақтана, асқақтата жырына қосады.
  • ...Қарсыласпай өлмедім, қан татырдым,
  • Құлап қалсам атымнан, қайта тұрдым.
  • Сансыз басты диюдай сан тіріліп,
  • "Мен — қазақпын" дегенді айта тұрдым, — деп, оқырманды жігерлендіре түседі. Ерлік, қарсылық, күш, қуатты жырға қосып, "құласа да қайта тұрып" өзінің қазақ екенін тағы да жүрек жара, жан даусымен қуана, шаттана жеткізеді. Енді бірде қазақтың ән-күйінің құдіретін өзгеше бір үнмен суреттейді:
  • ....Күй емес пе, ботасыз нар идірген?
  • Ән емес пе, аққудай жар ілдірген?
  • Жыр емес пе жүрекке жел бітірген?
  • Олар барда қалайша тарылды іргем? — деп, қазақ халқының ән-күйі мен жырының өзіндік ерекшелігін, даралығын паш етіп, мұндай өнері бар халықтың ешқашан мойымайтынына үлкен сенім артады. Поэманың келесі бір шумағында ақын:
  • Шалқы, қазақ, шалқитын заман келді,
  • Текке қанын төккен жоқ Аманкелді.
  • Кең далаңда керіліп, атыңды атап
  • Жырла, қазақ, жаңа күй, жаңа ән келді... — деп, қазақ халқына жаңа заманға сай болуға, еркіндікті, елдікті, бірлікті сақтауға үндейді
  • Елі үшін құрбан болған Әлия, Мәншүк, Төлегендерді жырына қосып, олардың ерлігін, олар бастаған жол, халық бақытының түп қазығы болғанын суреттей отырып, олардың ісін жалғастырушы бүгінгі ұрпақ екенін мақтан ете жырлайды. Мерейі өскен бүгінгі бақытты халқымыздың қуанышы жыр боп төгіледі. Бүгінгі таңда еліміз егемендік алып, осы азаттық жолындағы "мың өліп, мың тірілген" кездерді еске алғанда ақын арманы поэма шумақтарынан анық байқалады.

  • Ұлы аманат етейік еркіндікті,
  • Ел құлдықты білмесін, жер күңдікті,
  • Аңсаймын мен, сенемін, туады ертең.
  • "Қазақ болу — зор бақыт" дер күн тіпті... —
  • деген өлең жолдары бүгінгі "егемендікті" жыр еткендей әсерге бөлейді. Ақын болашаққа сенеді. Сондықтан да ол ақынша желпіне, көңіл күйдің ырқына беріле жырлайды. Енді бірде ақын:
  • Мен — казақпын қаныммен, сүйегіммен.
  • Сән-салтанат, салтымды сүйемін мен, —
  • ... Өз бейнеңдей әлемге тұр танылып.
  • Қазақстан гербі де, жалауы да, — деп шаттанады, қазақ елінің ешкімнен кем емес екенін дәлелдей түседі. Ақын өз жырының елі үшін ешқашан таусылмайтынына ерекше қуанады.
  • “Кітап - өмір ұстазы. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес. С. Қожамқұлов
  • Мен — казақпын, биікпін, байтақ елмін,
  • Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
  • Мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске —
  • Айта бергім келеді, айта бергім, — деген өлең жолдары бүгінгі күн үшін айтылғандай сезіліп, ақындық даңқын көтере түседі.
  • Фото - шежіре
  • Фрунзе көшесіндегі гүлзарда жерлес ақынымыз Ж.Молдағалиевтің туғанына 80 жыл толу құрметіне ескерткіш - бюст орнатылған. Жұбанның өлеңдері мен поэмалары көп ұлтты поэзияның асыл қазынасына сом алтындай құйылып, қалың оқырманның сүйіп оқыр шығармасына айналды. Ж. Молдағалиевтің туып-өскен жерінде Орал қаласында ескерткіш орнатылып, оның есімі №2 орта мектепке берілген.
  • Ақын Жұбан Молдағалиевтің
  • ескерткіш – бюсті
  • Қалың қазақ
  • Қастерлейді Жұбанын,
  • Жырларымен
  • Қандырған ел құмарын.
  • Сара сөзден
  • Сұлу сарай тұрғызып,
  • Өз қолымен
  • Жаққан сөнбес шырағын!
  • "Жұбан Молдағалиев өлеңдері - мол дүние,
  • әрі алуан сипатты сырлы жырлар"
  • М.Әлімбаев
  • Кітап көрмесі- кітап насихаттаудың ең
  • қолайлы формасы
  • Назарларыңызға
  • рахмет!

Использованные источники:

  • http://abyroi.kz/
  • www.nklibrary.kz
  • http://art.gazeta.kz/
  • http://retro-almaty.kz/

Каталог: shkolyvko -> shkolyvko3
shkolyvko3 -> Іздеген ғашық болып бес нәрсем бар
shkolyvko -> Ұлы Жеңіс өлкеміздің әдебиеттерінде
shkolyvko -> Мәдениетті адам болып тәрбиеленуге екі құдіретті күш әсер етеді – көркем өнер мен ғылым. Бұл екеуімен де кітап бетінен дидарласасың
shkolyvko -> Қазақ халқының зор ғалымы
shkolyvko -> Биография Лидера история страны
shkolyvko -> “Кітап оқымайтын адам ой ойлаудан да тыйылады” Д. Дидро
shkolyvko -> Материала
shkolyvko -> Денсаулық – зор байлық Мақсаты
shkolyvko -> Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы – қазақ хандығы электронды кітап көрмесі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет