Бастауыш білім берудің мақсаты: кең ауқымды дағдылардың негіздерін меңгерген оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасып дамуына қолайлы білім беру ортасын құру Білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдану Сын тұрғысынан ойлау Зерттеу жұмысын жүргізу Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану Коммуникативті қарым-қатынас тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды пайдалану Топпен және жеке жұмыс жасай білу КЕҢ АУҚЫМДЫ ДАҒДЫЛАР Жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктері - Пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі
- оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастыру;
- Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы;
- білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою;
- бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың» берілуі
- бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударылуы;
- оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастыру;
- оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысу)