Неліктен мемлекеттер сәтсіздікке ұшырайды



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата02.03.2022
өлшемі209,13 Kb.
#133984
  1   2
Байланысты:
Неліктен мемлекеттер сәтсіздікке ұшырайды аударма



Неліктен мемлекеттер сәтсіздікке ұшырайды. 
Кіріспе 
“Неліктен мемлекеттер сәтсіздікке ұшырайды” кітабі неге кейбір елдер 
ғасырлар бойы төмен өмір сүру деңгейінен және ішкі алауыздықтан зардап 
шегетіні, ал басқа елдер тұрақты даму үстінде себебін түсіндіреді. Біз кейбір 
елдерде инфляцияның шектен шыққаны, революция мен төңкеріс, аштық пен 
адам өміріне қауіпті эпидемиялық ауруларды бақыласақ, ал басқа елдерде тек 
жаңа технологиялар, инвестиция пен инновация дамуын байқаймыз. 
Аджемоглу мен Робинсон ел дамуының деңгейі мемлекеттік 
институттардың даму деңгейімен тығыз байланысты деп санайды. Яғни, 
олардың инклюзивтік дәрежесімен есептегенде, әр түрлі әлеуметтік топтар 
қоғамдық игіліктерді тең және еркін түрде қол жеткізе алады. Көптеген 
экономистер мен саясаттанушылар мемлекеттердің кедей болу себебін 
қолайсыз орналасқан географиялық орны, мәдени және діни ерекшеліктері, 
қабілетсіз билеушілері әсерінен деп түсіндіреді. Кітап авторлары бұл 
тұжырымды жоққа шығарып, қазіргі әлемдік жағдайды және оны түсінудің 
біртұтас жүйесін өздігінше қарастырады.
Қазіргі уақытта Аджемоглу мен Робинсонның бірлескен талдауы, 
ғылыми тұжырымдамаларды айқын тарихи мысалдармен сабақтастырады 
және оқырманға әлем құрылымы туралы жаңаша ойлануға мүмкіндік береді. 
1.
Екі Америка 


Ең алдымен халықтың әлеуметтік-экономикалық тұрмыс жағдайының 
айырмашылығын АҚШ пен Латын Америкасы елдерінің мысалдары 
ретінде қарастырайық. Ол үшін Еуропаның отаршыл елдері тарихына 
шолу жасасақ.
XVI ғасырдың бас кезінде Испания Оңтүстік Америкадағы жаңадан 
ашылған аумақтарда үстемдік көрсетуге жеткілікті әскери күші бар 
өркендеген ел еді. Алғашқы қоныстанушылар жергілікті тұрғындарға тез 
арада жоғары салық салып, жұмыс жасауға мәжбүр еткізді.
Англия жаңа құрлықты игеруді кейінірек бастады. Ал құнарлы жерлер 
болса әлдеқашан игерілген еді. Жергілікті тайпалармен соғысу үшін 
қаржы ресурстары болмады. Тұманды Альбионның өкілдері түбегейлі 
билікті орната алмай, жергілікті халықты бағындыра алмағандықтан, 
Солтүстік Американың шығыс жағалауында феодалды Еуропаны орнатты. 
Жер ықпалды қоныс аударушылар арасында бөлініп, кейінгілер үшін жер 
телімдерін дамытуға ынталандырулар берілді. Ал олар ағылшындардың 
қазынасына салық төлеп отырды. Артылғаны экспроприацияға (жеке 
меншігінен айыру) ұшырамай феодалдың иелігінде, жеке меншігінде 
қалды. 
XIX ғасырда, отаршыл елдер Еуропа елдерінен тәуелсіздікке ие болды. 
Тәуелсіз мемлекет болғанымен, заңдары мен нормативті актілері еш 
өзгеріссіз қалды. Латын Америкасы елдерінің бағыты - билік 
басындағыларды байыту үшін халықты аяусыз қанау болды. Америка 
Құрама Штаттарында болса, көптеген кемшілігі бар, қазіргі заманғы 
демократияның белгілі бір үлгісі құрылды. 
Экономикалық институттар саяси институттарға сүйене отырып тиісті 
түрде дамыды. Американың әлеуметтік-экономикалық жағдайының өсуі 
ағылшын заңдарына негізделген, патенттік құқық жүйесіне тікелей 
байланысты. Бәсекеге қабілетті банк жүйесі жаңа кәсіпкерлерге төмен 
пайыздық мөлшерлемемен қаржы алуға мүмкіндік берді. Бұл инновация 
толқынына және экономиканың елеулі дамуына себеп болды. Ал XX 


ғасырдың басына дейін Мексикада банктердің саны бірнеше ондаған еді. 
Бәсеке 
болмағандықтан 
банкирлер 
несиені 
жоғарғы 
пайыздық 
мөлшерлемеде сақтай алды. Осылайша жеке кәсіпкерліктін дамуы мен 
экономикалық өсу шектелді. 
2. Жұмыс істемейтін тұжырамдамалар 
2.1. Қолайсыз география 
Картаға көз жүгіртсек, кедей елдер экваторға жақын орналасса, дамыған 
елдердің көбі полюске жақын орналасқан. Осы көзқарасты ұстанатындар 
жағдайды 
тропикалық 
елдердегі 
эпидемиялық 
аурулардың, 
ауыл 
шаруашылығына арналған лайықты жерлердің жоқтығынан, сонымен қатар 
ауыл шаруашылығының кейін дамуына байланысты деп түсіндіреді. Тарихқа 
жүгінетін болсақ, бұл дәлелді жоққа шығаратын көп мысалдар бар.
Орта ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде де өмір сүру ұзақтығы жоғарғы 
деңгейде болған емес. Жергілікті тұрғындар тұрақты оба індетінен зиян 
шегіп отырды. Дегенмен, Еуропада мұндай күрделі мәселелер жойылып, 
бірақ әлі күнге дейін Африка және Азия елдерінде өзекті мәселелердің бірі 
болып табылды.
Кедей елдерде жерді тиімсіз пайдаланудың басты себебі, экономикалық 
ынталандырудың болмауы еді. XIX ғасырға дейін елдер арасы дамуында 
айтарлықтай айырмашылық жоқ еді. Бұны қайта Өнеркәсіптік революция 
кезіндегі технологияның біркелгі бөлінбеу нәтижесі айқындады. 
2.2 Мәдени айырмашылықтар тұжырымдамасы 
Осы тұжырамдаманы ұстанатындар кейбір елдердің жұмысқа және 
тәртіпке бейімділігі төмен екендігін дәлелдейді. Отарлау саясатының ұзақ 
тарихы салдары экономикалық және әлеуметтік ынталандырудың жоқтығына 
әкеліп соқтырды. Мысалы: Американдық азамат Латын Америкасы 
тұрғынына қарағанда әлде қайда алғыр болып келеді. Сол сияқты діни 
дәлелдер де сынға төтеп бере алмады. Тіпті, елдер арасында бірдей 


басымдылықтағы діндер болса да, экономикалық дамуы мен өсуінде үлкен 
айырмашылықтар болды. 
2.3 Қараңғылық тұжырымдамасы 
Бұл тұжырымдама елдегі кедейліктің себебі: сол ел басшыларының 
біліксіз болуынан деп түсіндіреді. Бірақ көптеген елдерде бір ортақ мүддеге 
әрекет ете алатын адам шынымен табылса керек. Қытай экономикасы 
жоспарланған экономиканы дұрыс басқару нәтижесінде емес, жеке 
кәсіпкерлікті дамытуға арналған реформалар нәтижесінде көтерілді. 
3.
Әлеуметтік институттардың дамуы - халықтың әл-ауқаты өсуінің 
негізгі факторы. 
Елдің әлеуметтік әл-ауқаты әлеуметтік институттардың деңгейімен 
сипатталады. Институттар қатарына мемлекеттік құрылымның әр түрлі 
жүйелері – экономикалық (еркін нарықтың болуы, салық және банк жүйесі 
т.б. ), саяси (азаматтық және сайлау құқығы, сот ісін жүргізу, мемлекеттік 
қызмет және т.б.) Кітап авторлары бұл жүйелерді инклюзивті және 
экстрактивті әдістер арқылы ұйымдастыруды қарастырады.
Саяси және экономикалық институттардың инклюзивті жағдайы, еркін 
бәсекелестік негізінде, экономикалық үдеріске көптеген адамдардың 
қатысуын қамтамасыз етеді. Осылайша экономикалық өсуге ықпал жасайды. 
Бұл жағдайдың өркендеу қозғалтқышы технологияны дамыту және білім 
деңгейін көтеру болып табылады. 
Институттардың экстрактивті жағдайында, жеке меншік құқығы шектеліп, 
өнімді елдің экономикалық қызметі үшін тиімді ынталандырулар болмайды. 
Элита негізіген ресурстарды экономикалық үдерістермен бақылайды. Ерте 
ме, кеш пе бұл мемлекеттің құлдырауына, кедей болуына әкеледі. 
Инклюзивті және экстрактивті институттардың айырмашылықтарын 
Оңтүстік және Солтүстік Корея мысалы ретінде түсіндіруге болады. Корея 
соғысы мен түбектің екіге бөлінуінен кейін бұл елдің экономикалық жағдайы 


бір деңгейде еді. Өте келе бұл елдердің экономикасы өзара жеке дами 
бастады. Оңтүстік Корея жеке меншікке негізделген нарықтық экономикасы 
және білім деңгейі жоғары ел. Осыған байланысты халық өз талабына сай 
еңбек етіп, қаржы көзін табуға мүмкіндіктері болды. Оңтүстік Корея 
мемлекеті жеке экономиканы қолдап, кәсіпкерлердің кез-келген салада 
кәсіпорындарын ашуды, банктер мен қаржы институттардан несие алуды, 
оңтүстіккорея фирмаларының халықаралық концернін дамытуды қолдады. 
Википедия деректері бойынша, 1963 жылы жан басына шаққандағы жалпы 
ішкі өнім көрсеткіші 100 доллар болса, ал 2011 жылы 31 000 долларға дейін 
өскен. 
Ал Солтүстік Корея жайлы айтатын болсақ, бұл елде әлі күнге дейін билік 
әкеден балаға мұра ретінде қалып отыр. Мұнда заңды жеке бизнес пен 
қаржылық сектор мүлдем жоқ. Көптеген салалардың өнімділігі мен 
технологияның дамуы өте төмен деңгейде. Жергілікті билік өкілдері ел 
экономикасын дамытудан гөрі, өз биліктерінің әрі қарай нығаюын көздейді. 
Сонда билік басындағылар өз елінің көркеюін қаламай ма? Шамасы жоқ 
болар. Ал экономикалық прогресс ел байлығы мен билікті олардың 
пайдасына шешпейтіні анық. Экономикалық прогресс үдерісі кезінде 
шығармашылық күйреу байқалады. Яғни біліктілігі жоғары мамандардың 
төмен маман иелерінен әлдеқайда басым болуы. 
Бұл үдеріс билік өкілдерінің арта қалу қаупін тудырады. Сол себептен 
олар экономикалық прогресті бәсеңдетіп, тіпті дамуына кедергі жасауға 
мәжбүр болады.
Экономикалық өсу тек инклюзивті институттар қоғамында дамуы мүмкін 
деп болжау қате ұғым болар. Әрине, билік басындағылар қоғамнан тек өз 
пайдасын көреді. Экомикалық өсуге қызығушылығын танытып, өз қалтасын 
толтырады. Алайда мұндай өсім тек қолданыстағы технологияларда пайдалы. 
Ал инновацияны талап ететін тұрақты өсім үшін күрделене түседі. 
1928 жылдан 1970 жылға дейінгі Кеңес Одағындағы индустриаландыруды 
мысал ретінде келтіруге болады. Өндірістің қатты күйзелісіне байланысты, 


ауыл шаруашылығындағы еңбек ресурстарын қайта бөлу нәтижесінде 
экономикалық өсу байқалды. Дегенмен, институттар экономика дамуын 
тиісті түрде ынталандырмай, инновацияларды енгізу кезінде жоспардың 
орындалу қажеттілігі мақсатында кәсіпорын басшыларының қысқа мерзімді 
нәтижелерге шоғырлануын ынталандырды. Жарты ғасыр өте келе ел 
технологиялық 
шегіне 
жетті. 
Себебі 
билік 
басындағылар 
қазіргі 
институттармен, қажетті ұзақ мерзімді ынталандыруларды жүзеге асыра 
алмады. Экстрактивті институттар негізінде экономикалық өсудің тағы бір 
ерекшелігі – саяси тұрақсыздық. Ол элиталық топтардың қоғамнан жеке 
пайда табу құқығына күресу болып табылады.
4.
Оң және теріс циклдар 
Ел даму барысында бірқатар оқиғалар мен жағдайлар орын алады. Бұл 
оң(өркендеу) және теріс(кедейшілік) салдарларға алып келеді. 
Оң цикл (virtuouscircle) — бұл оң нәтижеге алып келетін шешімдер, 
оқиғалар мен жағдайлар. Оң цикл инклюзивті мемлекеттің дамуына 
ұмтылатын елдерге тән. Циклдің логикасы саяси және экономикалық 
плюрализмді насихаттауға негізделген. 
Осылайша, Англияда заң үстемдігі, заң алдындағы теңдік, тәуелсіз БАҚ 
және білім берудің жоғарғы деңгейі сияқты саяси және экономикалық 
жүйенің инклюзивті маңызды белгілері пайда болды. Бұл индустриялық 
төңкерісті ынталандырып, экономикалық өсудің жоғарғы деңгейіне, сондай-
ақ мемлекеттің ары қарай дамуына жол ашады. 
Ал кері үдерістер теріс циклде (viciouscircle) пайда болады. Англияның 
африкалық отарын мысал ретінде алсақ, қателеспейміз. Тәуелсіздік алғаннан 
кейін ел билеушілері Америка ашылу кезіндегі дамуын, құл саудасын, яғни 
экстрактивті институттардың механизмін қолданып, олардан құтылуға 
әрекет 
жасамады. 
Теріс 
циклдің 
логикасы 
– 
экстрактивті 
саяси 
институттардың саяси элита билігін шектемеуі. Көптеген адамдардың 
байлық көзіне қызығушылығы және қоғамдағы теңсіздіктің артуы.


Төңкерістерден кейін, нәтижесінде биліктегілер түбегейлі өзгерістерді уәде 
еткенмен, халықтың есебінен байып отырды.
5.
Бірте-бірте қадамдар мен қиын жағдайлар. 
XIV ғасырда Еуропаны оба індеті жаулап алды. Қаза болған адамдар саны 
өте жоғары еді. Англия халқының жартысынан астамы осы індеттің құрбаны 
болды. Сол уақытта Англияда феодалды жүйе басым болды. Жерді лордтар 
басқарды. Лордтардың әр қарсысына басыбайлылар- бос жұмыс көздері 
тағайындалды. Адам санының күрт төмендеуі, қоғамның әлеуметтік 
институттарының қайта құрылуына әкелді. Оба індеті өзгерісті кезеңнің анық 
мысалы болды.
Өзгерісті кезең (critical juncture) – мемлекет тарихындағы маңызды оқиға 
болып табылады. Бұл кезең өзіндік әлеуметтік жүйенің қалыптасуына және 
экономикалық және саяси институттарға тікелей әсер етті. Бұл кезеңдегі 
Англия ұлы төңкерісі пен индустриалды төңкеріс экономикалық прогресстің 
дамуына мүмкіндік берді. Дегенмен, өзгеріс кезеңдері оң және прогресивті 
салдарларға әкелген емес. Жеке шешім айырмашылықтары нәтижесінде, өмір 
сүру деңгейінің ерекшеліктері болуы мүмкін. Алғашында Рим империясы 
мен Венециядағы мемлекеттік институттардың жүйесі инклюзивті дамыды. 
Билік үшін күрес күшейе түсіп, күшті топ иелері саяси тәртіпке өзгерістер 
енгізіп отырды. 
Осылайша, Венецияда Үлкен Кеңеске кіру үшін бұрынғы мүшелермен 
туыстық қатынаста болуы қажет болды. Алғашқы қадамның арқасында 
біршама артықшылыққа ие болған билік, өз күштерін нығайтты. Ал Венеция 
сауда орталығына, туристік қалаға айналды. Осындай оқиға Рим 
империясында бой алып, билік үшін күрес ғасырларға созылды. Жағдайды 
өз пайдасына шешуге тырысқан қарсыластар, мемлекетті әлсіретіп, 
нәтижесінде римдіктер бұрын әлсіз болған жабайы тайпалардың қолынан 
күйреді. 


6.
Өндіріс төңкерісінің өзгерісті кезеңі
Өндірістік төңкеріс басқа елде емес, Англияда болуы кездейсоқ жағдай 
емес болар. Экономикалық және техникалық прогресс елдің көркеюіне 
әкеледі. Бірақ шығармашылық жою мен саяси рөлдерді қайта бөлуі саяси 
элитаны қорқытады. 1265 жылғы Англиядағы Парламент пен бұрын соңды 
болған Ұлы Хартия, монархтардың еркіндігі мен билікті асыра пайдалануын 
шектеген. Парламент тең құқықты адамдардың қоғамдық тобынан құрылып, 
олардың құқықтары мен мүддерлерін қорғады. Шіркеу билігін шектеу үшін 
әрекеттер жасалып, бұл мемлекеттің инклюзивтік дамуына әкелді. Монарх 
пен саяси элитаға наразылық білдіруге қабілетті топтардың кеңеюі мен
қоғамдық тәртіпсіздіктер осы саяси өзгерістердің себебі болды. Парламенттің 
сайлануымен, петиция - экономикалық институттарға өзгерістер енгізудің 
маңызды құралы болды. Олардың көмегімен монополиялар жойылып, еркін 
сауда-саттық енгізілді. Банк және қаржы жүйесінің рөлі кеңейді. 
Мемлекеттің дамуы мен қайта құрылуы барлық жағынан дамыды. 
Англия мен Францияда индустрияландыру мен технологияны дамыту 
белсенді түрде жүзеге асып жатса, басқа елдерде абсолютизмнің басым 
болуы, Өндіріс Революциясының қозғалысын айтарлықтай тежеді. Кейіннен 
мемлекеттер арасында үлкен айырмашылықтар байқалды. Мысалы, 
Испанияда, ағылшын парламентіне ұқсас мемлекеттік орган бар еді. Бірақ тек 
атаулы түрде жұмыс атқарып, барлық шешімдер корольдің пайдасына 
шешілді. 
Англияға қарағанда, Американың ашылуы кезінде, жеке меншікті 
нығайтуда, атлантикалық сауда-саттықтың рөлі үлкен рөл атқарды. Испания 
мен оның американдық колониялары арасында еркін сауда қатынастары 
жүріп, бүкіл үдеріс испан корольдерінің бақылауында болды. 
Саяси жүйесі өзгеріссіз, абсолюттік монархия елдері Өндірістік 
Революция қозғалысын қадағалауға, одан нәтиже алуға қиналды. Теміржол 
немесе баспа басылымы болса да, саяси элита үшін кез-келген жаңалық, 
қауіп ретінде қабылданды. Оларды жүзеге асырудың кез келген әрекеттеріне 


жол бермеуді орта ғасырлардағы Австро-Венгрия, Қытай немесе Ресей 
елдерінің мысалы ретінде қарастыруға болады. 
АҚШ-ның Англиядан өз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін, соңғы 
Ұлыбританияға Уэльс пен Шотландия бірігіп, жер аударылған қылмыскелер 
үшін жаңа орын табу қажет болды. XVIII соңында сондай жердің бірі 
Аустралия еді. Құрлықта жергілікті тайпалар, өндіруге қажетті бағалы 
ресурстар жоқ еді. Жергілікті халыққа жүгінбей, қылмыскерлер мен 
бақылаушылар жергілікті экономиканы құруға мәжбүр болды. Мұндай 
жағдайда, өнімді еңбек болу үшін қылмыскерлерге белгілі бір 
ынталандырулар жасалды. Біртіндеп, әлеуметтік институттар инклюзивті 
дамыды. Біріншіден, меншікке ие болуға, кәсіпкерлікке қол жеткізуге және 
соңында өкімет өкілдігі еді. 
Инклюзивті 
институттардың 
арқасында 
Аустралия 
Өнеркәсіптік 
революция кезінде өркендеп, дамыған елге айналды.
7.
Сыртқы әсерлер 
Жеке географиялық аймақтардағы институттардың дамуы, көптеген 
жағдайларда, сыртқы араласу арқылы анықталды. Орта ғасырларда 
дәмдеуіштерді экспорттайтын Оңтүстік-Шығыс Азия елдері, өз бақылауын 
орнатуға тырысқан еуропалықтардан зардап шекті. Агрессивтік дипломатия, 
жергілікті билік өкілдері арасында келіссөздер, кейбір жағдайларда әскери 
күштер жүріп отырды. 
Осылайша, Банда архипелагында мускат жаңғағының экспортына бақылау 
орнатуға тырысқан голландиялықтар, жергілікті халықтың шамамен 15 000
жойды. Нәтижесінде, Еуропа алдыға дамуға мүмкіндік алып, ал Оңтүстік-
Шығыс Азия елдері ұзақ уақыт тәуелді болды. Өркендеу үшін қолайлы 
мемлекеттік институттарды құруға ешқандай мүмкіндіктері болмады. 
Дәл осындай ұқсас жағдай, Африка елдерінде дамып, құлдар саудасы бой 
алды. Ол XVII ғасырдың бірінші жартысында, Кариб теңізінің қант 
өсімдіктерінің дамуы кезінде шыңына жетті. 


Арам бизнеске еуропалықтар мен американдықтар емес, сонымен қатар 
африкалық елдердің саяси элиталары, тіпті діни ұйымдар да қатысып, өз 
отандастарын сатты. Бұл мемлекеттік институттардың тиісті өзгерістерімен 
жүріп отырды. Кейбір елдерде кез келген теріс қылық үшін құлды сату заңы 
қабылданды. 
XIX ғасырдың бас кезінде, халықаралық құл саудасы тоқтатылғанымен, 
құлдарды қолдану толығымен жойылмады. Құлдар саудасының орнына 
пальма майы саудасы, жаңғақтар, піл сүйегі мен каучук саудасы келіп, жаңа 
өндірісті дамыту үшін көп жұмыс күші талап етілді. Нәтижесінде, құлдар 
жергілікті плантациялар мен кеніштерде еңбек етті. Осылайша, құлдық XX 
ғасырдың ортасында ғана жойылғанымен, әлеуметтік экономикаға және адам 
құқықтарына деген әсері күні бүгінге дейін сақталды.
1955 жылы британдық экономист сэр Артур Льюис «қос экономика» 
тұжырымдамасын ұсынды. Тұжырымдамаға сәйкес, көптеген дамыған 
елдердің экономикасы екі секторға бөлінген: заманауи және дәстүрлі. 
Заманауи сектор қалалар инфраструктурасы, өнеркәсіп және озық 
технологияларды қамтыды. Дәстүрлі сектор – ескірген әдістерді қолданатын 
өнімсіз ауыл шаруашылығын қамтыды. Льюстің тұжырамдамасы бойынша, 
экономиканың өсуін еңбек ресурстарының дәстүрлі секторын, заманауи 
секторға қайта бөлу арқасында қол жеткізу болып табылады.
Оңтүстік-Африка Республикасын қос экономиканың мысалы ретінде 
қарастырды. Апартеид жылдары экономиканы екіге бөліп қана қоймай
нәсілдік ерекшеліктеріне қарай бөлді. Экстрактивті институттар жағдайында 
өсу шектеліп, оның барлық топтары үшін тең мүмкіндіктерді құру елдің 
болашақ дамуының кілті болды. 
8. Тарих бағытына қарамастан 
Қолайсыз тарихи жағдайларды жеңіп, инклюзивтік институттар жүйесін 
құрған елдерді мысал ретінде қарастырайық.


Ботсвана билеушілері салиқалы саясаттың әсерінен, британдық билік 
тарапынан қолдау іздестіріп,Сесил Родстың Африка елдерін отарлап, билікке 
ұмтылуынан аулақ болды. Британдықтарды елдің ішкі істеріне араласуға, 
сондай-ақ көпшілік отар елдеріне тән қоғамдық игіліктерді жаулап алуға жол 
бермеді.
Орталықтандырылған саяси биліктің негізінде, ел көшбасшылары жоғарғы 
лауазымға ие болды. Қазіргі заманғы демократияға ұқсас институттарға 
сүйенді. Нәтижесінде, билік еуропалықтардың емес, жергілікті халықтың қол 
астындағы аймақтағы жалғыз елге айналды. 
Англия мен АҚШ-да инклюзивтік институттардың дамуы сияқты, 
Ботсванада тәуелсіздікті алу кезінде, инклюзивтік белгілер шешуші рөл 
атқарды. Нәтижесінде, Ботсвананың жан басына шаққандағы табысы 
шамамен Эстония, Венгрия және Коста Рика сияқты елдердегі табысқа тең 
келді.
XX ғасырдың ортасында Қытай коммунистік елдерге тән экстрактивтік 
институтты ел еді. Мемлекеттің ел экономикасын тиімді бақыламау 
салдарынан, 50-60 жылдары жан басына шаққандағы табыс мөлшері 
төмендеп, халықтың 20-40 млн аштық пен өлімге ұшырады. 1961 жылы 
Қытай революциясының көшбасшыларының бірі Дэн Сяопин, кем дегенде өз 
халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін, тиімді өндіріске қажетті 
ынталандырулар керек екендігін ашық жария етті. Бұл бастамаға, билік 
басындағылар қарсы болып, олармен күресті одан әрі күшейтті. 1976 жылдың 
қыркүйегінде Мао Цзэдун дүниеден өтіп, ҚХР-ның Мемлекеттік Кеңесінің 
премьері билікті пайдаланып, Мао Цзедунның жақтастарын билік басынан 
шеттетті. Дэн Сяопинді билік басына қайтаруды қолға алды. Жан-жақты 
байланысы бар және саяси ойынды шебер жүргізе алатын соңғы саясаткер,
көптеген идеяларды жүзеге асыруға қол жеткізді. Соның ішінде сыртқы 
инвестиция мен халықаралық сауданың ашылуы еді. 
Жаңа экономикалық реформалар Қытайды ірі өндіруші, әлемдегі екінші 
экономикаға айналдырды.


Ботсвана мен Қытай елдерінің мысалдары, болған тарихи жағдайлары 
елдің даму жолына қайшы келмейтінін көрсетті. Сонымен қатар, экстрактивті 
институттардың орнына инклюзивті институттарды құру - көп еңбекті, саяси 
күштердің ауыз біршілікті, сондай-ақ сәттілікті қажет етеді.
8.
Мемлекеттердің қазіргі жағдайы қандай? 
Әр түрлі елдер дамуының тарихи динамикасын қарастырғаннан кейін, 
қазіргі заман мысалдарына сүйену маңызды. Бүгінде мемлекеттер 
бұрынғыдай 
құлдырау 
үстінде, 
себебі 
экстрактивті 
экономикалық 
институттар мемлекеттің өсуі мен инновацияларды дамыту үшін қажетті 
ынталандырмайды. Ал саяси институттар қазіргі жағдайдан жеке пайдасы 
бар адамдардың билігін күшейтеді. 
Зимбабве 
президенті 
Роберт 
Мугабе 
билік 
басына 
келгенде, 
конституцияны қайта жазып, биліктің үш тармағын жойды. Содан кейін, 
бірінші халықтық толқуларда, қатаң тәртіпті әрі қарай қатайтуды 
жалғастырды. Нәтижесінде, қазіргі кезде мемлекет абсолюттік монархиялы 
ел. Экономикалық жағдайы нашар, инфляция деңгейі жылына 200-300% 
құрайды.
Азия елдерінің мысалы ретінде Солтүстік Кореяны алайық. Ел 
жоспарланған, орталықтандырылған экономикалы, коммунистік партия билік 
жүргізетін ел. Билік Ким әулетінің қол астында шоғырланып, билік әкеден 
балаға мұра ретінде қалады. Халық мемлекеттік мекемелерде еңбек етіп, 
төмен жалақы алуға мәжбүр болды. Қытай елінен жиі заңсыз жеке сауда 
және контрабандамен айналысады. Аса тиімді инклюзивтік институттар, яғни 
жеке 
кәсіпкерлікті 
заңдастыру 
ел 
экономикасы 
дамуына 
қажетті 
ынталандыру. Бірақ бұл қазіргі абсолюттік билікті қатерге ұшыратады.
Экстрактивті институттар түрлі жолдармен ұйымдастырылуы мүмкін, 
бірақ олардың өмір сүруі әрқашан өзгеріссіз. 
Олар мемлекеттердің тұрақты 
дамуына жол бермейді. Егер мемлекеттің құлдырауына экстрактивті 
институттар себеп болса да, бұл кейін болатын жағдайдың өзгересін 


білдірмейді. Көтерілістер мен революциялар жағдайында да, инклюзивті 
дамуға қажетті ынталандырулары жоқ жаңа үкімет, қазіргі жағдайды 
пайдалануды жалғастырады. 
ҚОРЫТЫНДЫ 
Сонымен, жеке елдердің тәжірибесін жинақтап, әлемнің жалпы көрінісін 
қарастырайық.
Дамыған 
елдердің 
гүлденуінің 
шешуші 
факторы 
инклюзивтік 
институттар - саяси және кейіннен экономикалық дамуы, саяси элитаның 
бақылауы мен билігін шектеу, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету және 
нарықтағы қатысушылар санының кеңеюі болып табылады. Ағылшын 
индустриялық революциясы әртүрлі елдердегі инклюзивті институттарды 
дамытудың маңызды тетігіне айналды. 
АҚШ мен Австралия ұқсас жолдарды жалғастырды. Екі жағдайда да, 
жергілікті тұрғындарды тиімді пайдаланудың мүмкін еместігі және 
еуропалық қоныс аударушылардың күштеріне сүйену қажеттілігі сияқты 
факторлар маңызды рөл атқарады. Көптеген басқа еуропалық отаршыл 
елдердің жағдайы мәз болмай, жаңа меншік иелері үшін бұрыннан бар 
институттар қайта құрылды. 
Мұндай оқиғалар әр мемлекетте әртүрлі әсер етіп, жергілікті себептер 
маңызды рөл атқарады. 
Осылайша, оба індеті Англияда еңбекке деген сұраныс пен ұсыныстың 
тепе-теңдігін өзгертті және инклюзивті институттарды құрудың міндетті 
шарты болды.
Ал құрлықтық(континенталды) Еуропада,
экономикалық
тиімділіктің белгілі бір төмендеуі болғанымен, жер мен ресурстардан 
кемшілік көрмеген феодалдар өз ықпалын кеңейте алды.
Сол сияқты Француз революциясы, Батыс Еуропаға қатты әсер етті. 
Көп ұзамай билікке келген Наполеон жеңіске жетіп, ал оның тікелей 
ықпалында болған Францияға жақын бірқатар елдердің әлеуметтік және 
саяси институттары инклюзивтік бағытқа елеулі түрде реформаланды. 


Ал Шығыс Еуропа, француз армиясының шабуылдарын сәтті аяқтап, бұл 
мүмкіндікке ие бола алмады. Нәтижесінде Австрия-Венгрия, Ресей және 
Осман империясының дамуы артта қалды. 
XIX 
ғасыр 

жеке 
елдердің 
даму 
деңгейіндегі 
заманауи 
айырмашылықтарды түсіну кілті болып табылады. Сол кезде ең дамыған 
елдер өздерінің институционалдық жүйесін реформалауға және өнеркәсіптік 
дамудың және технологиялық прогресстің жемісін барынша пайдалануға 
мүмкіндік алды. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет