"НЭСТ М" препараттарымен өсімдіктерде мәселе жоқ!
Бағбандар мен бақшашыларға арналған «Ғылыми-Өндірістік Орталығы» «НЭСТ М»
автономды коммерциялық емес ұйымның препараттарының қолдану жөніндегі шағын энциклопедиясы!
Көшеттің өсуін күшейтеді, көшеттеу кезіндегі күйзелісті жояды .
Отырғызу және қайта отырғызу кезінде пайда болатын күйзелісті жояды(бір тәулік бұрын өсімдіктерге бүрку жасау керек).
Өсімдікті қайта келген аяздан (алдын ала өсімдіктерге бүрку жасау) және артық ылғалдылықтан қорғайды.
Өнім пісуін жылдамдатады, өнімділікті арттырады.
Жиналған өнімнің сақтау мерзімін ұзартады.
Көпжылдық дақылдарды қысқа дайындау (ауа t + 8 °C кезінде өнім жиналғаннан кейін).
Өсімдіктің өсуін реттегіш. Антистрессор
ЭПИН-ЭКСТРА
әсер ететін зат -тозанның табиғи компоненті
Шығын нормасы
Тұқымдарды жібіту:
2 тамшы /100 мл суға /10 гр. тұқым
Бүрку:
1 мл / 5 л суға ; 8 тамшы / на 1 л суға
Күзгі бүрку
(қысқа дайындық):
1 мл / 10 л суға
Білу маңызды!
*Көпжылдық дақылдарды алғашқы өңдеу көктемде жүргізіледі (топырақ t +8 °C). Э-Э қыстан кейін өсімдіктің өсуін белсендіреді
*Жүйелі әрекет ететін препарат, 1-2 сағат ішінде өсімдік бойына сінеді және 10-12 тәулік бойы сақталады.
*Препараттың әрекет ету мерзімі 10-12 күн.
* Экологиялық таза және қауіпсіз өнім алу үшін, пестицидтер колданар алдында Э-Э препаратымен 1 тәулік бұрын күйзеліс кауіпін жою керек.
*Э-Э-ны қолдағаннан кейін өнімді бір тәуліктен кейін жеуге немесе тамаққа қолдануға болады.
Препаратты өлшеу тәсілдері
Тұқымдардың өсуін күшейтеді,
көшеттердің жерсінуін тездетеді.
Бактерицидті қотырларға және вирустық ауруларға төзімділікті арттырады.
Тамырлануды күшейтеді.
Ашық және жабық тамыр жүйесі бар өсімдіктердің жақсартады.
Гүлдену мен жеміс түзілуін арттырады.
Жеміс түйіндердің түсуіне жол бермейді.
Құрғақшылыққа төзімділікті арттырады, артық УК сәулесінен және ылғалдың жетіспеушілігінен қорғайды.
Бұл шаралар өсімдікті сақтап калуға және өнім алуға көмек көрсетеді.
Өсімдіктің өсуін реттегіш ЦИРКОН
әсер ететін зат – өсімдік фенолдары
Шығын нормасы
Тұқымдарды, бадананы, тамырды жібіту:
1 тамшы/100 мл суға
Қаламшалау үшін:
10 тамшы / 1 л суға
Бүрку немесе тамыр түбін суару:
1 мл/10 л суға ; 4 тамшы/на 1 л суға
Құрғақшылық кезінде бүрку, тамыр түбін суару:
1 мл /10 л суға 7-10 күн сайын
Препаратты өлшеу тәсілдері
Білу маңызды!
*Көктемде көпжылдық дақылдардың тамыр жүйесін белсендіру үшін Цирконды қолданыңыз (топырақ t +8 °C).
*Жүйелі әрекет ететін препарат, 1-2 сағат ішінде өсімдік бойына сінеді және зат алмасуға қатысады.
*Әрекет ету мерзімі - 5-7тәулік
*Циркон күнге күйген қылқан жапырақты дақылдарды қалпына келтіреді, олардың сұлулығын қайтарады. (әр 7-10 күн сайын Феровитпен бірге бүрку керек).
*Циркон қолдағаннан кейін өнімді бір тәуліктен кейін жеуге немесе тамаққа қолдануға болады
Бөлме және экзотикалық өсімдіктерді тамырландыруға және қалаушалауға сай келеді.
жылыжайлық дақылдарға арналған кешенді табиғи өсуін реттегіш, тамырлануды кушейткіш.
бөлме және экзотикалық өсімдіктердің ауруларға төзімділігін арттырады.
Гүлдердің көлемі мен санын арттырады, гүлдену уақытын ұзартады, сәнділігін көбейтеді.
Кесілген гүлдердің өмірін ұзартады..
Өсімдіктің өсуін реттегіш
ДОМОЦВЕТ
әсер ететін зат – өсімдік фенолдары
Препаратты өлшеу тәсілдері
Шығын нормасы
Тамырлану және Қаламшалау үшін:
10 тамшы / 1 л суға
Бүрку және тамыр түбін суару:
1 мл/10 л суға ; 4 тамшы/1 л суға
Білу маңызды!
* Өсімдіктің жерсінуін жақсарту үшін ,ауырған және қайта отырғызылған өсімдіктерді қалпына келтіру үшін арналған нәтижелі препарат.
*Жүйелі әрекет ететін препарат, 1-2 сағат ішінде өсімдік бойына сінеді және зат алмасуға қатысады.
*Әрекет ету мерзімі - 5-7тәулік.
*Үнемі қолдану кезінде жапырақ шеттерінің некрозын жояды.
*Бөлмелі цитрус дақылдарын өсіру үшін өте қолайлы, гүлдену мен жеміс беруін қалыптастырады.
* Ашық топырақты біржылдық және көпжылдық гүл дақылдарына қолдануға болады.
ЦИТОВИТ (қоректендіргіш ерітінді)
NPK (г/л) азот - 30, фосфор – 5, калий - 25
микроэлементтер (мг/л): магний - 10, күкірт - 40, темір - 35, марганец – 30,
бор – 8, мырыш – 6, мыс - 6, молибден - 4, кобальт - 2
Барлық дақылдардың ( көкөніс, жасыл, жеміс-жидек, гүл) түрлерін тамырдан және тамырдан тыс үстеп қоректендіру үшін қолданылады.
Өсімдіктерді қажетті қоректену элементтерімен, әсіресе микроэлементтермен қамтамасыз етеді.
Енгізілген макроэлементтерді толығымен пайдалануға көмектеседі (NРК).
Зат алмасуды күшейтеді;
- өсу процесін белсендіреді;
- өсу нүктелерінің жойылуын тоқтатады;
- Түйіндердің түсуін азайтады;
- өсімдіктердің ауруларға төзімділігін арттырады.
Шығын нормасы
Бүрку және тамыр түбін суару:
20-30 мл/10 л суға ; 2-3 мл /на 1 л суға
Білу маңызды!
* Өсімдіктерде сыртқы су бүрку кезінде қоректендіру элементтерінің сіңімділігі 90%. Бұл артық ылғалдылық жағдайында тамырға су жүктемесін төмендетуге мүмкіндік береді.
*Эпин-Экстра, Циркон және Домоцветпен бірге (бір мезгілде өсуді ынталандыру және қоректендіру) немесе бөлек қолдануға болады.
ФЕРОВИТ (қоректендіргіш ерітінді)
Темір хелаты 75г/л, азот-40г/л
Жоғары концентрацияланған қоректендіргіш ерітінді өсімдіктермен оңай сіңіріледі.
Хлороздың белгілерін тез жояды (жапырақтардың бозғылт немесе сарғыш түсі).
Кене, трипстер және т. б. зиянкестермен зақымдалған өсімдіктерді қалпына келтіреді.
Бөлме және жылыжай өсімдіктерде, әсіресе күзгі-қысқы кезеңде жарықтың жетіспеушілігін өтейді.
Білу маңызды!
*Темір - хлорофилл синтезінің катализаторы болып табылады. Өсімдік тіндері бойынша оттегінің тасымалдануын қамтамасыз етеді.
*Әсіресе Темір тапшылығына жеміс-жидек және декоративті дақылдар сезімтал.
*Хлороздың себептері – топырақтың артық ылғалдануы, жердің құнарлы қабатының құрғауына алып келетін ылғалдың жетіспеушілігі, УК сәулесінің жоғары деңгейі, сондай-ақ топырақтағы әктің жоғары құрамы.
* Феровит көшеттердің созылуын болдырмайды.
*Эпин-Экстра, Циркон және Домоцветпен бірге (бір мезгілде өсуді ынталандыру және қоректендіру) немесе бөлек қолдануға болады.
Шығын нормасы
Бүрку және тамыр түбін суару:
20-30 мл/10 л суға ; 2-3 мл /на 1 л суға
СИЛИПЛАНТ маркасы: "Универсальный" белсенді кремний (7% кем емес Si) калий (1%) және хелат түріндегі микроэлементтер (г/л): темір (Fe) 0,30, магний (Mg) — 0,10, мыс (Cu) — 0,70; мырыш (Zn) — 0,08; марганец (Mn) — 0,30; молибден (Mo) — 0,06; кобальт (Co) — 0,015, бор (B) — 0,090.
Шығын нормасы
Бүрку немесе тамыр түбін суару:
20-30 мл/10 л суға ; 2-3 мл /на 1 л суға
Білу маңызды!
* Бірінші өндеу алғашқы жапырақтардан басталады (3-4-ші жапырақ көшетте)!
*Қуатты жабысқақ.
*Пестицидтармен бірге (олардың іс-әрекетінің тиімділігін арттырады) немесе бөлек қолдануға болады.
*Жылыжайдағы барлық дақылдар үшін жарайды.
*Картоп өсіру кезінде өте қажет.
*Әр 10-14 күн сайын өсімдіктерді өңдеп, сіз бау - бақшадағы аурулардан құтыласыз!
Ашық және қорғаулы топырақтағы барлық дақылдарға арналған құрамында хелат түрінде кремний бар микротынайтқыш.
Өсімдік тіндерінің механикалық беріктігін арттырады.
Өсімдіктер бетінде қабыршақ жасайды, зиянкестердің қоректенуімен бірге микроорганизмдердің патогендік спораларының өсуін қиындатады. Жапырақ алақанының қалыңдығын арттырады.
Температураның ауытқуынан және топырақтың тұздануынан пайда болған күйзелісті жояды.
Фунгицидтік қасиеттерге ие (ауру қоздырғыштарын алдын алу және баяулату: фитофтороз, альтернариоз, ақұнтақ, қара дақтылық және т.б.);
Фосфор мен калийдің қол жетімділігі қиын қосылыстарының топырақтан қоректену элементтерінің өсімдікке түсуін жетелдетеді. фосфор және калий тыңайтқыштарының қажеттілігін төмендетеді.
Өсімдіктердің өсуі мен дамуы үшін барлық қажетті қоректену элементтері мен физиологиялық белсенді заттардан тұрады.
иммунокүшейтуші, вирусқа қарсы, антибактериалды және фунгицидтік қасиеттерге ие.
Топырақ микрофлорасының белсенділігін және топырақтың құнарлылығын арттырады.
ЭкоФус (органоминералды тыңайтқыш)
NPK (г/л) азот - 18, фосфор – 10, калий - 20
микроэлементы (мг/л): магний – 0,5, күкірт - 40, железо – 1,8, марганец – 1,2, бор – 0,4, мырыш – 0,3, мыс – 0,3, молибден – 0,2, кобальт – 0,1, кальций- 0,25
Білу маңызды!
* ЭкоФус - өсімдіктерге арналған керемет азық (100% табиғи тыңайтқыш, Фукус қоңыр балдырынан жасалған).
*Фукус құрамында 42 микроэлементі бар.
*Эпин-Экстра, Циркон және Домоцветпен бірге (бір мезгілде өсуді ынталандыру және қоректендіру) немесе бөлек қолдануға болады.
*Экофус азоттың аздаған құрамы есебінен күзгі кезеңде негізгі тыңайтқыш ретінде пайдалануға болады.
Шығын нормасы
Бүрку немесе тамыр түбін суару:
50 мл/10 л суға ; 5 мл /на 1 л суға
1. Препаратты (қажетті көлемге сәйкес) толық ерігенше дейін аздаған сумен жеке ыдыста еріту керек.
2. Қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес ұсынылатын көлемге дейін сумен бірге ыдысқа қосамыз!
3. Тура солай өсімдіктердің өсу реттегіштерін тыңайтқыштармен бірге қосамыз (қоспа багы).
Білу маңызды!
Препаратты нұсқаулықтарда көрсетілген нормалар бойынша қолданыңыз!
Қоспа багы - жалпы бакта бірнеше препараттарды араластыру арқылы жасалған құрам.
АКЕҰ «НЭСТ М» ПРЕПАРАТТАРЫН ҚОЛДАНУҒА ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАУ КЕРЕК?
“СИЛИПЛАНТ Универсальный” препаратын қолдануға қалай дайындау керек?
Пестицид
Силиплант
Силиплант + пестицидтер
1. Препаратты (қажетті көлемге сәйкес) толық ерігенше дейін аздаған сумен жеке ыдыста еріту керек.
2. Қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес ұсынылатын көлемге дейін сумен бірге ыдысқа қосамыз!
3. Тура солай ПЕСТИЦИДТІ СИЛИПЛАНТПЕН бірге қосамыз(Силиплант ерітіндісі соңғы енгізіледі).
АКЕҰ «НЭСТ М» препараттарын қалай қолдану керек?
Тамырдан тыс үстеп қоректендіру
(Эпин-Экстра, Циркон, Домоцвет, Силиплант, Феровит, Цитовит, ЭкоФус)
Өсімдіктерді таңертең немесе кешке желсіз ауа райында бүрку керек. Тікелей күн сәулесі кезінде күйіп қалмау үшін өңдеу жұмыстарын жүргізуге болмайды!
Тамырдан тыс үстеп қоректендіру қашан керек?
Зақымдалған немесе әлсіреген отырғызуларды қайта қалпына келтіру. Әлсіреген тамырлар енгізілген тыңайтқыштардың жеткілікті қозғалысын жүзеге асыра алмайды, тіпті олардан зардап шегуі мүмкін. Жапырақтар бойынша қоректендіру және ынталандыру ауа райының қолайсыз жағдайлары ұзаққа созылған жаңбыр немесе құрғақшылық болған кезде тиімді. Тамырдан тыс қоректендіру өсімдікке жетіспейтін микроэлементтерді тез толықтырып, олардың тапшылығын толықтырады. Тамырдан тыс қоректендірудің әсері уақытша, оларды әр екі апта сайын қайталау керек.
Тамыр түбірін суару
Циркон, Силиплант, ЭкоФус
Қашан қолдану керек?
Әлсіреген тамырларды қалпына келтіру кезінде.
Көпжылдық және біржылдық дакылдардың гүлдену және жеміс беру кезінде.
АКЕҰ "НЭСТ М" ПРЕПАРАТТАРЫНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІК НӘТИЖЕЛЕРІ
Бақылау
Эпин-Экстра+ ЭкоФус
Бір рет көрген артық!
Фотоматериалдар НИИ (Тунис), ФГБНУ ВИЛАР және де біздің сатып алушылармен ұсынылған.
Сіздің фотосуреттеріңізді күтеміз!
АКЕҰ «НЭСТ М» препараттарының жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттары.
3 жыл (-5°С-ден +25°С-ге дейін)
3 жыл (-5°С-ден +25°С-ге дейін)
3 жыл (-5°С-ден +25°С-ге дейін)
4 жыл (+4°С-ден +30°С-ге дейін)
4 жыл (+4°С-ден +30°С-ге дейін)
3 жыл (+5°С-ден +25°С-ге дейін)
3 жыл (0°С-ден +35°С -ге дейін)
Білу маңызды!
*Тікелей күн сәулесінде препараттарды қалдырмаңыз.
*Препаратты аязда қалдырмаңыз.
*Препараттардың сақтау мерзіміне қаптамасының ашылғаны әсер етпейді.
Достарыңызбен бөлісу: |