Сабақтың тақырыбы:
Аденозинүшфосфор қышқылының синтезі: глюкозаның аэробты және анаэробты ыдырауы.
Бүгінгі сабақта.
Анаэробты және аэробты тыныс алу барысындағы аденозинүшфосфор қышқылы синтезін салыстыру.
Біз не үшін тыныс аламыз?
Біз энергия алу үшін тыныс аламыз. Себебі тыныс алған кезде оттектің қатысуымен органикалық заттар жай заттарға ыдырайды. Сол кезде энергия бөлінеді.
С6Н12О6+ О2 = СО2 + Н2О + Е (АТФ)
Глюкоза + оттегі = көміртек диоксиді + су + энергия
Тыныс алудың жалпы формуласы:
Ал энергия бізге не үшін керек ?
Біздің тіршілік әрекетімізге, біздің қозғалуымызға, сөйлеуімізге, бір нәрсеге қарауымызға, яғни барлық тіршілік әрекетіне энергия керек.
Білеміз. Еске түсіреміз.
Аэробты және анаэробты дегеніміз не екенін еске түсірейік!
- Тірі ағзаларда энергия алу үшін қоректік заттар-дың оттексіз ыдырау үдерісі - анаэробты тыныс алу деп аталады.
- Тіршілік иелері тек оттегімен тыныс алуы –аэробты тыныс алу деп аталады.
- Бұл екі үдерісте жасушаішілік тыныс алуға жатады, яғни анаэробты және аэробты.
Достарыңызбен бөлісу: |