«Педагогика ғылымының әдіснамасы» «Әдіснама»



Дата22.10.2022
өлшемі126,29 Kb.
#154600
Байланысты:
Презентация на тему Педагогика
Филипстің мазасыздык тест, ЖЭК таблица, 3k4Шыназбек Ұлдарай ТҚН, Балжан ашык сабак, Рус.яз 23-24 37317, Роман «Война и мир». Бородинское сражение. Образы Кутузова и Наполеона. Правописание предлогов и союзов, Ботоника жапырақ, ҰРЫҚТАНУ Айжан Асел Мөлдір Нодира, Психологиядан емтиханға тест, пси, Мәдениеттанудан емтихан тест сұрақтары (1), Социо срс 3

«Педагогика ғылымының әдіснамасы»
«Әдіснама»грек тілінен аударғанда «әдіс туралы ғылым» деген мағьшаны береді. «Метод» «әдіс»термині тікелей нақты бір нәрсеге деген жол ретінде анықталады, яғни методология мағынасы жағынан бір нәрсені тану туралы ғылым болады. Сондықтан әдіснама — зерттеу процесі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі
дескриптивтік
прескриптивтік
Әдіснама
Дескриптивтік əдіснама – ғылыми білімдердің құрылымы мен ғылыми таным заңдылықтары жөніндегі білім ретінде зерттеу процесіне бағыт-бағдар береді
прескриптивтік əдіснама –зерттеу іс-əрекеттерін реттеп барудың жол жобасын белгілеп, көрсетеді.
Әдіснамалық
деңгей
Философиялық
Нақты ғылымдық
Технологиялық
Жалпы білімдік
Əдіснамалық білімдер тобы төрт деңгейлі келеді (Э.Г. Юдин):
ең жоғары философиялық деңгейі
    • танымның жалпы принциптері мен бүкіл ғылымның категориялар құрылымын негіздейді. Осыдан философиялық білімдердің барша жүйесі əдіснамалық қызмет атқарады.

Екінші деңгей
    • жалпы ғылымдық –əдіснама деңгейінде ғылымдардың баршасында не көпшілігінде қолданылуы мүмкін теориялық тұжырымдарды белгілейді.

Үшінші деңгей
    • нақты ғылым əдіснамасы қандай да нақты ғылыми пəн аймағында қолданылатын зерттеу əдістері мен принциптерінің жиынтығын құрайды. Нақты ғылым əдіснамасы белгілі саладағы ғылыми тануға тəн болған проблемаларды, сондай-ақ жоғарылау келген əдіснамалық деңгейлерге байланысты алға тартылатын мəселелерді де қамтиды,

Төртінші деңгей
    • технологиялық əдіснама –зерттеу əдістері мен техникасын белгілеп, деректі эмпирикалық материалдарды жинақтап, алғашқы өңдеуден өткізіп, кейін оларды ғылыми білімдер өрісіне қосу қызметтерінен хабар береді. Бұл деңгейдегі əдіснамалық білім нақты көрсетпе-нұсқау сипатына ие.

Педагогиканың философиялық негіздемесі
Педагогикада өз орнын тапқан келесі философиялық білімдер:

экзистенциализм
прагматизм
неотизм
диалектикалық материализм
неопозитивизм
Прагматизм философиялық ағым ретінде XIX-XX ғ.ғ. шектерінде пайда болды. Ғылым, техника жəне өндірістің қарқынды дамуы материалистік философияның тұғырын бекіте түсіп, абсолюттік идеализмнің негіздеріне ақау салды. Прагматизмнің аса көрнекті өкілі- американдық ғалым-Дж.Дьюи.
Прагматизмдегі басты ұғым- «тəжірибе», «іс»(грекше «прагма»), осыдан олар болмыс танудың негізі жеке адамның іс-тəжірибесінде деп біледі де объектив білімдерді мойындаудан бас тартады.
. Олардың пікірінше, адамның практикалық іс-əрекетінің нəтижесінде алынған, ол үшін құндылықты болған білімдер ғана шынайы сипатта болуы мүмкін.
Дж.Дьюи жəне оның ізбасарлары (Т.Брамельд, А.Маслоу, Э.Келли жəне т.б.) инабаттылық тəрбиесі мəселелерін де осы жекеленген тəжірибе тұрғысынан қарастыруды дəріптейді. Жеке табысқа жету жолында жəрдем бергеннің бəрін прагматистер ізгілік нышаны ретінде таниды.
Диалектикалық материализм табиғат, қоғам жəне ойлау процестерінің жалпы қозғалыс жəне даму заңдылықтары жөніндегі философиялық білім ретінде XIXғ. 40-жылдарында туындады. Ол XXғ., əсіресе социализм елдерінде кең өріс тапты
Диалектикалық материализмнің негізгі тұжырымдары келесідей:
Диалектикалық материализмнің негізгі тұжырымдары келесідей: материя – бірінші, ал сана – одан туындаушы, материяның (адам миының) дамуы нəтижесінде пайда болатын өнім (материалистік монизм принципі); объектив дүние мен сана құбылыстары себепті шарттасқан, өзара байланысты жəне тəуелді (детерминизм принципі); барша заттар мен құбылыстар қозғалыс жағдайында болып, дамиды жəне өзгеріске келеді.
Диалектикалық материализм педагогикасының негізгі идеялық ұстанымы- тұлға қоғамдық қатынастардың объекті де, субъекті де.
Педагогикалық зерттеулердің əдіснамалық принциптері
- педагогикалық құбылыстардың шынайылылығы мен шарттасқандығын ескеру, себебі дүниедегінің бəрі өзінің ішкі объектив заңдары, қарама-қарсылықтары жəне себепті-салдарлы байланыстарына орай жасайды əрі дамиды;
құбылыстарды даму барысында зерттеу
бір құбылысты екіншілерімен өзара қатынаста байланыстыра зерттеу
даму процесін сол дамудың қозғаушы күші жəне даму көзі саналатын оның қарама-қарсылықтарына негізделген өзіндік қозғалыс жəне өзіндік даму ретінде қарастыру;
зерттеу процесінде қалаған ғылыми проблеманың шешімі бірін-бірі толықтырып отырушы көптеген əдістер кешенімен орындалатынын естен шығармау;
сынақталушыға, білім-тəрбие процесіне зиян келтіретін, адамгершілік- инабаттылық талаптарына қайшы болатын эксперименттерді өткізбеу.
сынақталушыға, білім-тəрбие процесіне зиян келтіретін, адамгершілік- инабаттылық талаптарына қайшы болатын эксперименттерді өткізбеу.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Педагогика тарихы-Б.Сейталиев Алматы: «Білім», 2008.
2.Педагогика-Жұмабаев М.Алматы: «Рауан»,1993.
3.Педагогика тарихы- Бержанов Қ, Мусин.С. Алматы: «Мектеп»,1984.
4.Педагогика тарихы-Әбиев Ж. Алматы: «Дарын»
5. Википедия қосымша мәліметтері
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет