Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»



бет17/58
Дата15.12.2016
өлшемі6,93 Mb.
#3880
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   58

Өзгеге күлме


Жолаушылап келе жатқан үш-төрт жігіт құдық басында мал суарып жүрген әйел мен қыздарды көріп, екі жігіт ат суармақ болып бұрылады. Суға келген қызды көреді. Амандықтан кейін жігіттің көзі қыз көйлегінің сөгілген қолтығына түсіп кетеді.

– Ішінде көп сиырдың ала қашар,

Шөлдесе ала қашар аузын ашар.

Біздерден ала қолтық, ақ қашар жоқ,

Көрдің бе ондай қашар, ала қашар, –деген жіптке, қыз:

– Ішінде көп сиырдың ала қашар,

Шөлдесе ала қашар аузын ашар.

Біздерден кесік мұрын көк бұқа жоқ,



Көрдің бе ондай бұқа, жолаушылар? – деп салады, жігіттердің біреуінің мұрыны пұшықтау екенін байқаған қыз.


Білімге құрмет


Ғ. Есім, «Фалсафа тарихы», Алматы, «Раритет» БК, 2004ж 75-б
Ертеде бір білімпаз адам болыпты.Сол дана адам сұлтанға арнап ғылыми мәні зор еңбек жазыпты.Алдайда сұлтанның ол еңбекті оқып ұғарлық мүмкіндігі болмапты.Дана адам ол еңбекті басқа сұлтанға апармақ болғанын естіп, сұлтан жатып ренжіпті. Оқымыстыны талай тұйыққа тіремек болса да, одан нәтиже шығара алмапты. Сол елдегі бар білімпазды, сарай ғалымдарын шақыртып, ретін тауып сарайдан қууды міндеттепті. Данышпанды ортаға шақырғанмен, ешқайсының тісі батып үндей алмапты.Сонда білімпаз мысықтың мойнына қоңырау ілмек болған тышқандар туралы айтып берген екен. Мысықтан қорлық көрген тышқандар әулеті ақылдаса келе, мысықтың мойнына қоңырау ілсе,сақтануға болатынын айтысыпты. Сонда Ата тышқан тұрып: «Қоңырауды кім ілер екен?» дегенін айтып беріпті. Осы әңгімеден кейін амалы құрыған сұлтан оқымыстыны өз жайына қалдырыпты.

Төзімділік


Ғ. Есім, «Фалсафа тарихы», Алматы, «Раритет» БК, 2004ж 75-76-б

Пайғамбар заманында аузынан Алласы түспейтін Умм’ Абу- аллах ecімдi әйел жэне оның он сегізге келген ұлы болған. Аяқ астынан баласы безгек дертіне душар болып, қайтыс бо­лады. Баласынан айрылган ана былай зарлады:

«Сұраңдар менен: не сезінем

мынау халде басқа түскен, айтайын,

Жүрегімнің өзегінен жарылып,

төгілер қара қан жүз бұлақ боп».

Бірақ әйел осы қайғыны жұмыстан қалжырап қайтатын еріне қалай естіртсем екен деп қиналды. Kүйеуі келіп, баласын сұрағанда, ол: «Бала ұйықтап жатыр, оны оятпа», — дейді. Әйелі еріне кешкі асын берді, әйелімен
ұйықтап тұрды. Таңертеңінде әйелі: «Кеше кешкілік мен бір қолайсыз жағдайдың куәсі болдым. Біздің көршілерге сақтап қоюга берген заттың иесі қайтадан алып кетсе, олар жылап- сықтап, бергісі келмей, «жалынды». Буған күйеуі айтты: «Көршілеріміз
надан екен, олар өздеріне берілген міндеттерінен құтылған жоқ па?» Сонда гана әйелі баласының қайтыс болғанын еріне естіртті. Epi әйелінің төзімділігіне таң калып, ауыр қайғыны жеңуге медет етті.


САРАҢДЫҚ


Ғ. Есім, «Фалсафа тарихы», Алматы, «Раритет» БК, 2004ж 77-б
Бip бай бозбала кездескен қызға үйленеді. Қыздың 6ip қолы жоқ болатын. Осы кeмicтiri ушін ол жігіттен қатты ұялды. Құдайға жалбарынды. Құдай қыздың тілегін қабыл алып, оның қолы орнына келеді. Бірде жұбайлар түскі тамақ iшin отырғанда, қайыр сұраушының дауысын естиді. Әйелі eкі тілім нан алып, қайыршыға бepгici келеді. Kүйeyi: «Бұл аз, толык, табақтағы асты бер», — деді.

Қайыршы сараңдықтан осындай халге жеткен әйелдің алғашқы epi еді. Ол кезінде бай болған еді. Әйел болған мына жайды баяндап берді. Алғашқы күйеуі бай еді,бірақ адам айтқысыз сараң болатын. Бірде күйеуі үйде жоқта әйелі қайыршыға тауық береді, ал ол тауықтың ішіне күйеуі алтын сақина тығып сақтайды екен. Келісімен сол тауықтың жоқтығын күйеуі көpin, әйелінің қолын шауып, қуып жіберген-ді. Осы тұска келгенде, күйеуі көзіне жас алып: «Сол қайыршы мен едім, алтын са­қина маған байлық әкелді», — деді.

Әке өсиеті


Ғ. Есім, «Фалсафа тарихы», Алматы, «Раритет» БК, 2004ж 79-б
Шаруа көз жұмар алдында өз ұлдарына өсиет айтады:-Бір жүзім сабағының түбіне көмген қоймам бар,соны сендерге мұра еттім,- деп ескертіп кетеді. Әкелері өлісімен, балалары барлық үлескінің астын үстіне шығарып қазып шығады. Бірақ қойманы таба алмайды. Оның есесіне қопсытылған жүзімдік бұрынғысынан бірнеше есе артық өнім беретін болады. Балалары пайдаға кенелді. «Адам еңбегі-- таусылмас қазына»деген осы болар.

Даналар айтқан екен



КОНФУЦИЙ (551-479)
- Тұрар жайдың ізгі болғаны жақсы. Тұрар жай таңдап, ізгі – шапағатты жерде тұра алмаған адамды қайтіп парасатты, зейінді деуге болады? – деді.

Конфуций:

Ізгілдігі жоқ адам кедей – жоқшылық күйде ұзақ шыдап тұра алмайды, тыныш рахат күйде де ұзақ щыдап тұра алмайды. Ізгі адам ізгілікке ден қояды, парасатты адам ізгілік өзіне тиімді екенін біліп ұмтылады, - деді.




- Өз басым ізгі құлықты жақсы көретін адамды көргенім жоқ, ізгілікке жатпайтын қылықтардан жиренетін адамды да көргенім жоқ, ізгі құлықты жақсы көретін адамнан абзалы болмайды. Ізгілікке жатпайтын құлықтардан жиренетін адам ізгі құлықты жүзеге асырған кезде, өзіне ондай адамдардың ықпалын жұқтырмайды. Күндердің күнінде өзінің күшін ізгі құлықты атқаруға жұмсайтын адам табыла ма, жоқ па? Мен күштің жетпей жатқанын көргенім жоқ, мұндай адам, аңғары, бар болса керек, бірақ, өзім көрген жоқпын, - деді.

- Адамдардың өткізген қателігі оның қайсы түрге жататындығымен байланысты болады, адам қай түрге жатса, сол түрдегілердің қателігін өткізеді, оның ізгі құлықты екенін немесе еместігін өткізген қателігінен байқауға болады,- деді. Ақиқатты танертен ұғып, кешінде өліп кетсем арманым жоқ,- деді.

- Оқыған адам ақиқат іздейді, ал, кенеп шапан киіп, қара тамақ жегенді намыс деп есептеген адаммен ақиқат жайында кеңесудің қажеті жоқ,- деді.

Ұстаз айтты:


Алты адасуға апаратын алты себеп:

Адамгершілікке ұмтылып, оқығысы келмесе, бұл адасу ақымақтыққа алып барады.

Ақылды екенін көрсетуге ұмтылып, оқығысы келмесе, ол өрескелдікке алып барады.

Әділ болуға ұмтылып, оқығысы келмесе, зиян әкеледі.

Туралыққа ұмтылып, оқығысы келмесе, дөрекілікке алып келеді.

Ержүрек болуға ұмтылып, оқығысы келмесе, бүлікшілікке алып келеді.

Қажымастыққа ұмтылып, оқығысы келмесе, онда ол аңдамаушылыққа алып келеді.

басқаруға мүмкіндік туғызады


Үстаз айтты:

- Адамдар үшін адал қызмет ете алдым ба? Мінез-қүлқым жұртқа жайлы ма? Достарыммен қарым-қатынаста адалмын ба? Маған үйреткенді қайталап айтып, өнеге алып отырмын ба? – деп, мен өзімнен күніне үш рет сүраймын.
Үстаз айтты:

– Егер кімде-кім ізгілікті сезімнен биік қойса, әке-шешесіне беріле қызмет етсе, патшаға қызмет жолында өзін құрбан етуге дайын тұрса, достарына адал болса, сауаты болмаса да, оны ғалым десе жарасады.


Үстаз айтты:

– Жас адамдар ата-анасын ардақтауға, жасы үлкеңдерді сыйлауға, өз ісіне ыждағаттылықпен қарауға, халқына махаббатпен қарап, адамдарды бір-бірімен жақындастыруға міндетті. Осы міндеттерден артылған уақытта кітап оқысын.


Үстаз айтты:

– Балалықты тастадым, білім қудым он бесте,

Отыздарға келгенде, кісі болу келді еске.

Қырық жасқа келгенде, ойдағы желді тастадым,

Елулердің кезінде аға бола бастадым.

Өтірікті шындықтан ажыраттым алпыста,

Жетпісімде жетіліп, қария болдым расында.
Үстаз айтты:
– Басқаруға араласқың келсе, ата-анаңды қалай құрметтесең, туыстарыңа қандай сүйіспеншілікпен қарасан, соның бәрін ел басқарғанда, еліңе пайдалан.
Үстаз айтты:

– Ғалым кісі табанды әрі тиянақты болмаса болмайды, өйткені оның өзіне артқан жүгі ауыр және жүрер жолы ұзақ. Оның жүгі – адамгершілік, ол ауыр болмай қалай болсын. Ол өз жолын өлгенде ғана аяқтайды – бұдан ұзақ жол бар ма?!


Үстаз айтты:

– Ақылды кісіні көрсең, соған ұқсауға ұмтыл. Ақылсыз адамды көрсең, өзіңді онымен іштей салыстырып көрде, ойлан.


Үстаз айтты:

– Өзіңді оның орнына қойып, ойлана алмасаң, өзгенің ісіне араласып, әуре болма.


Ұстаз айтты:

– Іздегеніңді таба алмайтындай, тапқаныңды жоғалтып алатындай болып ізден.

.

Үстаз айтты:



– Үйде әкем мен ағаларыма, түзде патша мен билікшіге қызмет етсем, өлілерді ұмытпасам, шарапқа мас болмасам – осылардың үдесінен шығу менің ойымда сақталса – өзіме талабым осы.
Үстаз айтты:

– Адам баласы жанымыздан ағып етіп бара жатқан өзен суы сияқты: біздің жанымыздан өтіп кеткенмен күндіз-түні өзінің жүрісін тоқтатпайды.


Цзыгун сұрады:

– Мемлекетті қалай басқаруға болады?

Үстаз айтты:

– Біріншіден, мемлекетке жеткілікті азық-ауқат болсын.

– Екіншіден, мемлекетке жеткілікті қару-жарақ болсын.

–Үшіншіден, халық өз патшасына сенетін болсын.


Сонда Цзыгун:

– Егер осы үшеуінің біреуін құрбан ету керек болса, алдымен қайсысын құрбан етуге болады?

– Онда қару-жарақты құрбан ету керек.

– Қалған екеуінен біреуін құрбан етуге тура келсе ше?

– Онда азық-ауқатты. Себебі: азық-ауқатсыз ашығып қиналғанмен, патшаға сенім болмаса, ол ел мемлекет болып қала алмайды.
Үстаз айтты:

– Адамгершілік деген не?

– Адамдарға махаббат.

– Білім деген не?

– Ол – адамдарды білу. Адал кісіні адал еместерден биік қойсаң, адал еместерді адалдыққа тартасың.
Үстаз айтты:

– Ізгі басшының қолында қызмет ету оңай, бірақ оның көңілін табу қиын. Көңілін тапқан соң, көңілінен шығуға тырыссаң, ол – бұрыс жол. Ондай басшы әркімнің дарынына қарап бағалайды.

Ортаңқол басшының қолында қызмет ету қиын, бірақ оған жағу оңай. Ондай басшы дарынға қарай бағаламайды, ұсақ ескертпелер жасауға құмар.
Үстаз айтты:

– Жетістікке тез жетемін деп, есеп жасама және аз табысқа елікпе. Асықсаң мақсатыңның орындалуы қиындайды, азға қанағаттанып қоя салсаң, үлкен жетістікке жете алмайсың.


Үстаз айтты:
– Оқымысты кісі деп мінезінде ұялу бар, өзге елге барганда өз елінің абыройына қызмет етуге жарайтын, ата-анасына, үлкендерге құрметпен қарайтын, сөзі шыншыл, әрекеті батыл адамды айтамыз.

Үстаз айтты:

– Ізгі кісі тоғыз ойды есінде тұтады:

– қараған кезде анық байқады ма;

– естіген кезде дұрыс естіді ме;

– өзінің бет-әлпеті тартымды ма;

– сөзі шын ба;

– іске дұрыс көңілмен қарай ма;

– күмән туса, ақылдасуға дайын ба;

– ашуланса, соңы теріске айналып кетпей ме;

– қандай жетістіктерге болса да жеткенде, онысы әділетті бола ма.
Ұстаз айтты:

– Үлы адам – туғаннан біліп туады, келесісі – оқып біледі, одан кейінгісі – керек кезде оқиды, ең соңғысы керек кезде де оқымайды.



Каталог: upload -> Book
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»
Book -> Өмірді бағалап үйренейік балалар суицидін алдын-алу бойынша ата-аналарғА, педагогтерге арналған қҰрал алматы
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Рухани-адамгершілік білімге байланысты әндер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет