Обсөж пәні: Педагогика Тақырыбы



Дата07.02.2022
өлшемі70,24 Kb.
#82385
Байланысты:
ОБСӨЖ-педагогика5апта
40345391lekciya, БӨЖ5Философия, Моғолстан мемлекеті, 1 сынып бейімділік бағдардамасы, sabaq-kz attachment omzh-aza-debiet-5-synyp, 1527693165

Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ- түрік университеті
Филология факультеті


ОБСӨЖ
Пәні: Педагогика
Тақырыбы: Жеке тұлғаның тәрбиесі,дамуы
Орындаған:Айтмухамбет Назерке
Қабылдаған: Паштанов Сұлтан
Топ: ФАТ 911-а
Түркістан 2020

  1. Жеке тұлғаның дамуы,тәрбиесі және қалыптасуындағы іс-әрекет және қарым қатынастығ алар орны.

Тұлға дамуы, процесс ретінде, индивидтің психофизиологиялық ерекшеліктерімен, оның өзінің белсенділігімен, ішкі қарама-қайшылықтарымен жəне сыртқы əлеуметтік жағдайлармен байланысты. Адамның барлық қасиеттері мен белгілері ана құрсағындағы сәбидің организмінде болады,жеке адамның дамуын ұрықта пайда болған қасиеттердің өрістеп күшеюі мен сан жағынан артуы.
Даму – жеке адамды жетілдірудің өте күрделі процесі. Балада анадан туған кезінде идеялар мен түсініктер, өжет, батыл, жұмсақ қатты мінездер болмайды.Баланың адамгершілік, әуестік қасиетті даму процесінде қалыптасады.Оның өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік орта мен тәрбие әсер етеді.Сондықтан оның мінезінде әр түрлі ерекшеліктер мен мінездер пайда болады.
Даму жәнетәрбие процесінде түрлі өзгерістер пайда болып отырады.Баланың организмі түрлі дене және психикалық өзгерістер арқылы дамиды.Оларға организмнің өсіп жетілуі, ақыл ойының дамуы,мінез құлқының қалыптасуы жатады.
Әлеуметтік орта әр балаға әр түрлі әсер етеді. Өйткені баланың сыртқы әсерді қалыптасуы әр түрлі,оның ішкі сезіміне және санасына байланысты.Адам өмірінің дамуы үшін қажетті материалдарды қоршаған ортадан жинайды. Егер бала әлеуметтік ортадан тыс қалса оның даму дәрежесі жануарлармен тең болады. Педагогика адамның дамуында әлеуметтік ортаның маңызды екенін мойындайды.


  1. Тәрбие тұлғаны дамытушы негізгі фактор

Тұлға дамуындағы тəрбие ролі əртүрлі бағаланады. Біреулер қолайсыз орта мен жаман шыққан тегі жағдайында тəрбиенің ешқандай нəтижесі болмайды десе, екіншілер адам табиғатын өзгертудің бірден-бір жолы тəрбие деп түсіндіреді. Шын мəнінде тəрбие арқылы көп нəрсеге қол жеткізуге болады, бірақ адамды толық өзгерту мүмкін емес.
Тəрбиені мақсатты бағытталған жəне саналы бақыланатын əлеуметтену процесі деп айтуға болады. Тəрбие əлеуметтену процесін басқару механизмі болып табылады. Осыған байланысты тəрбиенің екі негізгі функцияларын атауға болады:
1) тұлғаға əсер ететін əлеуметтік, психологиялық жəне тағы басқа ықпалдарды реттеу,
2) тұлғаны дамыту мақсатымен əлеуметтену процесін жеделдетуге жағдай жасау.


3. «Тәрбие», «даму», «іс-әрекет», «индивид», «тұлға» , «дамудағы қарама қайшылық», «қарым қатынас» ұғымдарына глоссарий (ұғымдарының мәнін ашып жазу)
3. Тәрбие – жеке адамды дамытудағы басты фактор.Тәрбие балалардың жас ерекшеліктеріне, дайындығы мен даму дәрежесіне лайық іске асырылады.
Даму – жеке адамды жетілдірудің өте күрделі процесі.
Іс-әрекет – адам мен қоршаған ортаның өзара əрекеті, соның барысында ол əлемді жəне өзін саналы жəне мақсатты түрде өзгертеді.
Индивид - деп оның өзіне тиесілі ерекшеліктері бар нақты бір адамды айтамыз. Индивидтің ең жалпылама сипаттамалары ретінде психофизиологиялық ұйымдасуының тұтастығы мен өзіндік ерекшелігін, қоршаған ортамен өзара əрекеттегі тұрақтылығын, белсенділігін айтуға болады. Əр адам – индивид.
Тұлға – жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі.
Дамудағы қарама-қайшылық – педагогикалық процестің қозғаушы күші.
Қарым-қатынас – педагогикалық іс-әрекеттің негізі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет