ОӘке 042 14-3-04 12 Басылым №1


Тақырып 8. Көлік кәсіпорындарының өндірістік бағдарламасын жасау



бет14/14
Дата08.07.2017
өлшемі2,19 Mb.
#20785
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Тақырып 8. Көлік кәсіпорындарының өндірістік бағдарламасын жасау

Өндірістік бағдарлама. Бұл бөлімді өндіріспен тікелей шұғылданатын кәсіпкерлер жасақтайды. Басты мақсат - потенциалды серіктестерді, болашақ инвесторларды нандыру үшін кәсіпкер қандай мөлшерде, сапалы, қажетті мерзімінде қызмет көрсете алатынын көрсету керек. Өндірістік бағдарлама мына сұрауларға жауап беруі тиіс:

- қызмет көрсету жұмыс істеп тұрған кәсіпорында өндіріле ме, әлде жаңа өндірістік қуат жасақтау керек пе? Өндіріске қандай құрал жабдықтар керек? (негізгі машина, т.б. құралдардың станоктардың тізімі, саны және оның қысқаша сипаттамасы);

- керекті құрал-жабдықтарды қайдан алады? Жабдықтаушылармен алдын-ала келісім шарт бар ма?

- қызмет көрсетуге кооперациялану керек пе? Әлде қызмет көрсетудің барлық операциясын өзі жасай ма?

- егер кооперациялану керек болатын болса, ол жағдайда кіммен бірігу жөнінде келісім бар? Оның қоятын шарты келісуге тұрарлық па?

- шикізат, материалдар, іріктеп жинақталатын құралдар қайдан алынады? Оған жабдықтаушылармен келісім бар ма? Бағасы қандай?

- қызмет көрсету сапасын бағалау қалай ұйымдастырылады? Бақылау құрал-жабдыктары бар ма? Оны игерген мамандар бар ма?

Шығатын жалпы шығын қандай болуы мүмкін? Қызмет көрсетудің бір бірлігіне шығын қанша болады? Олардың болашаққа динамикасын келтіру.

Өндірістік бағдарлама. маңызды элементі технологаялық схема - онда қайдан, қалай шикізат, құрал-жабдықтар қай жерге, қандай ретпен жеткізетінін көрсету, ол қалай өңделеді, әзір өнім - тауар қайда түседі т.б. Технологиялық схема жасағанда оның рационалдығын, еңбек ақылығынын, уақытты, материалдардың шығынын қалай қысқартатындығын көрсету, сонымен бірге өндіріс барысында қызмет көрсету түрлерін өзгерту мүмкіндігін ойластыру керек.


Тақырып 9. Өндірістік қуаттың дамуын басқару.

Көлік кәсіпорнының қуатын оңтайландырудың екі тәсілі бар: басқару және техникалық-экономикалық.. Біріншісі көбінесе көліктің ірі территориялық құрылымына қолданылады (темір жолдар бөлімшелері, кеме қатынасы және т.б.), белгілі участокте қолайлы режиммен тасымалдауды оперативті басқару құралдарының мүмкіндігіне байланысты. Екіншісі жеке алынған сызықтық кәсіпорынға бейімделген және дәстүрлі техникалық-экономикалық есептеулер негізінде кәсіпорынның өндірістік мүмкіндіктерін оңтайландырудан тұрады. Өндірістік қуаттың көрсеткіштері натуралды және құндық көрсеткіштер болуы мүмкін: Натуралдық – жүктер мен жолаушыларды тасымалдау көлемі, қозғалмалы составтың саны және жүк көтергіштігі, көлік двигателдерінің жалпы қуаты, негізгі өндірістік қызмет ауданы (территория) немесе көлік көздерінің созылуы, запас бөлшектер мен материалдарды тұтыну көлемі;

Құндық – белгілі уақыт ішіндегі құн түріндегі өндірістік қызмет нәтижелері (табыстар, шығындар, пайда), негізгі өндірістік қорлардың баланстық құны.

Көлік қызметінің нәтижелері тікелей қандай да бір көрсеткішпен өлшенуі және көрсетілуі мүмкін емес. Натуралды көрсеткіштер жүйесі өндірістік мүмкіндіктерді толық сипаттайды. Негізгі өндірістік қорлардың құны, әсіресе олардың актив бөлігінің құны кәсіпорынның техникалық деңгейін және оның өндірістік мүмкіндіктерін сипаттайды. Көлік кәсіпорындары қуатты сипаттау және өлшеу үшін мынадай көрсеткіштерді жиі қолданады: келтірілген тонна-километр,жүкті жіберу көлемі, жолаушыларды жіберу көлемі, тиеу түсіру жұмыстарының көлемі, пайдаланылатын линия ұзындығы.

Көліктің барлық түрлерінде ең көкейкесті міндеті кәсіпорын көлемін және олардың дамуын басқаруды оңтайландыру. Көлік кәсіпорындарының көлемін оңтайландырудың басты мақсаты еңбектік және материалдық ресурстарды үнемдеу, пайдалану қызметінің сапасын жақсарту, қозғалмалы составтыңтоқтауын әне соның салдарынан болатын экономикалық зиянды азайту.

Экономикалық-математикалық әдістер негізінде қолайлы кәсіпорын көлемін табу механизмі мен техникасы әр түрлі. Сызықтық емес программалау тәсілдері қолданылады..Көлік кәсіпорнының өндірістік қуатын олардың тасымалдау қабілеті сипаттайды. Тасымалдау қабілеті көліктің өту (пропускной), тасу (провозной), және қайта өңдеу қабілетімен анықталады.

Өту қабілеті тұрақты құрылғыларды, қозғалысты ұйымдастыруды және жұмыс технолнгиясын ең жақсы пайдаланғанда, қарастырылатын объект арқылы тәулік ішінде немесе тәулік бөлігінде өтуі мүмкін поезд, кеме, авто машиналар және басқа көліктің максималды саны. Тасу қабілеті қозғалмалы составтың, энергияның (отынның) және қызмет көрсетуші персоналдың болуына байланысты, кәсіпорынның осы көлікпен тасуы мүмкін қозғалмалы составтың ең үлкен саны немесе жүк тоннасы (жолаушы).

Қайта өңдеу қабілеті жүк өткен кезде өз формасын өзгертетін сорттайтын қоймалардың, айлақ объектілерінің өндірістік қуатымен сипатталады. Қайта өңдеу қабілеті өңделген жүк тоннасының санымен немесе есепті кезең ішіндегі (сағат, ауысым, тәулік)қозғалмалы состав санымен өлшенеді.

-

Тақырып 10 . Көлік логистикасы

Логистика – тасымалдауды, қоймалауды және де басқа материалдық , материалдық емес шикізаттар мен материалдарды және жартылай фабрикаттарды өңдеуге, дайын өнімдерді тұтынушыларға, олардың тілектерін және талаптарын ескере отырып жеткізуге, тиісті ақпаратты беруге, сақтауға және өңдеуге қатысты операцияларды жоспарлау, бақылау және басқару жөніндегі ғылым.

Логистика мақсаты - өнімді дәл мерзімінде жабдықтауға, сақтауға, өндіруге, қаптауға, өткізуге және көлікке аз шығынданып, жеткізу.

Көліктік логистика міндеттері: көліктік жүйелерді құру, көліктік процестерді бірігіп жоспарлау, көліктік-қоймалық процестің бірлігін қамтамасыз ету, көліктік-қоймалық және өндірістік процестерді бірігіп жоспарлау, көліктік құрал түрін таңдау, көліктік құрал типін таңдау, жеткізудің тиімді маршрутын анықтау.Көлік түрлері жалпы пайдаланудағы: темір жол, автокөлік, әуе және жалпы пайдаланбаудағы: теңіз, ішкі су, құбыр болып бөлінеді.

Темір жол көлігінің артықшылықтары:

- жоғары дәрежеде өткізу және тасымалдау мүмкіншілігі;

- ауа райы мен уақыт жағдайына тәуелсіздігі;

- тасымалдаудың жоғары тұрақтылығы;

- басқаларға қарағанда төмен тарифтер

- транзиттік тасымалдауларға қарағанда жеңілдіктер

- үлкен қашықтыққа жоғары жылдамдықпен жеткізу.

Темір жол көлігінің артықшылықтары:

- тасымалдаушылардың шектелген саны

- көп қаржы сыйымдылығы

- көп материалдар қуат сыйымдылығы

- тұтынудың соңғы нүктелеріне жеткізудің төмендігі

- жүктердің жоғары дәрежеде сақталмауы.



  1. Практикалық сабақтар мазмұны


Тақырып 1. Көлік кәсіпорны - материалдық өндірістің маңызды саласы

Кәсіпорын туралы түсінік, түрлері (1 сағат)

Сабақ мақсаты: студенттерге қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның міндеттері, оның ішкі және сыртқы орта элементтері, ұйымдастырушылық-құқықтық, ұйымдастырушылық-экономикалық формалары жайлы түсінік беру.

Тақырып бойынша жазбаша бақылау жұмысына дайындалу (бақылау жұмысы 7 сұрақтан тұрады)



  1. Кәсіпорын дегеніміз не? Оның негізгі міндеттеріне не жатады?

  2. Кәсіпорының ішкі ортасына кіретін негізгі құрамдас элементтер?

  3. Кәсіпорынның сыртқы ортасы элементтері?

  4. Кәсіпорындардың жіктелуін атаңыз.

  5. Кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық формалары: серіктестіктер, қоғамдар, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар, кооперативтер, бизнестың басқа формалары

  6. Кәсіпорынның заң алдындағы міндеттемелері және құқықтары.

  7. Кәсіпорындарды тіркеу тәртібін сипаттаңыз.

Әдебиет

  1. ҚР-ның «Кәсіпорындар туралы» заңы:

  2. Шмален Г. Основы и проблемы экономики предприятия/ под ред. А.Г. Поршнева, М.: «Финансы и статистика», 1996 г., 59-71 б

  3. Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 5-15, 37-58 б.

  4. Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: «Банки и биржи», 1999 г., 75-111 б

  5. Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: «Инфра-М», 1997 г., 11-35,42-72 бб.

  6. Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: «Ғылым», 2002 ж., 4-12 б



Тақырып 2. Қазақстанның көлік кешені

Семинар сұрақтары:

Қазақстанның көлік кешенінің жағдайын бағалау. Көліктің жекелеген түрлерін дамыту жағдайы және келешегі. Қазақстан Республикасының көлік саясаты.
Тақырып 3. Көлік кәсіпорындарының негізгі және айналым қорлары

Сабақ мақсаты: студенттерді негізгі капитал ұғымымен, негізгі қорлардың құрамымен, тозу түрлерімен, амортизацияны есептеу әдістерімен, негізгі қорларды сипаттайтын көрсеткіштермен таныстыра отырып, оларға өз бетінше есеп шығаруды үйрету. Бұл олардың ойлау қабілетін жоғарлатуға көмектеседі.

Студенттерді айналым капиталы ұғымымен, айналым қорлардың құрамымен, зу түрлерімен, амортизацияны есептеу әдістерімен, негізгі қорларды сипаттайтын көрсеткіштермен таныстыра отырып, оларға өз бетінше есеп шығаруды үйрету. Бұл олардың ойлау қабілетін жоғарлатуға көмектеседі.

Есептер

1.1. Жабдықтың бастапқы бағасы 120 млн. теңге. Қызмет ету мерзімі іс жүзінде — 7 жыл. Амортизация нормасы 6 %. Жабдықтың қалдық бағасын анықтаңыз.

1.2. Амортизацияның жылдық нормасын және сомасын келесі мәліметтер бойынша анықтаңыз:

Бастапқы құны — 10 млн. теңге.

Жойылатын жабдықты өткізуден түсетін түсім — 1,2 млн. теңге.

Жоюға байланысты шығындар — 0,5 млн. теңге.

Нормативтік қызмет ету мерзімі — 8 жыл.

1.3. Экономикалық моральдық тозу көлемін анықтаңыз:

Ескі машинаның бастапқы бағасы — 20 млн. теңге.

Ескі машинаның өнімділігі— 10 мың дана жылына.

Ескі машинаның нормативтік қызмет ету мерзімі — 10 жыл.

Жаңа машинаның құны — 8 млн. теңге.

Өнімділігі — 30 мың дана жылына.

Ескі машинаның қызмет етуге қалған жыл саны— 2 жыл.

Жаңа машинаның нормативтік қызмет ету мерзімі — 5 жыл.



1.4. Амортизация нормасы — 10,4 %. Егер нормативтік қызмет ету мерзімі 4,6 жылға қысқарса амортизация нормасы қалай өзгеру керек. Жою құнын ескермеуге болады.

1.5. Тәулік ішінде цехте 50 станок қызмет етті. Оның ішінен бір сменада жұмыс істейтін 20 станок болды, 2 смена істейтін — 10, 3 смена істейтін — 20. Цехте барлығы 60 станок қойылған. Сменалық коэффициентін анықтаңыз.

1.6. Қойманың толық бастапқы құны — 60 млн. теңге, оның ішінде ғимарат 50 млн. теңге, жабдық құны — 10 млн. теңге. Қайта есептеу мезетіне жабдық бағаларының индексы 0,8, ал құрылыс-монтаж жұмыстарының индексы 1,02. Қойманың қайта есептелінген құнын анықтаңыз және моральдық тозуын табыңыз (абсолютті және салыстырмалы өлшемде).

Әдебиет

  1. Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 159-185 б.

  2. Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: «Банки и биржи», 2002 г., 150-167 б

  3. Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: «Инфра-М», 2000 г., 146-165 б.

  4. Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: «Ғылым»,

2002 ж., 12-24 б

  1. «Кәсіпорын экономикасы» курсы бойынша практикалық сабаққа арналған есептер

жинағы /Оқу-тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.: 2005, 4-8 б

  ЕСЕПТЕР



2.1. Ағымдағы және сақтық қорды табу

Жеткізу датасы

Жеткізу құны (млн. теңге)

Жеткізу датасы

Жеткізу құны (млн. теңге)

15.01

100

01.05

100

20.02

200

02.08

250

01.03

150

10.10

200

20.03

210

01.12

150

2.2. Транспорттық қор шамасын анықтау: жүк айналымы мерзімі — 20 күн; құжаттардың пошталық жүрісі — 7 күн; құжаттарды өңдеу — 4 күн; акцепт мерзімі— 3 күн.

2.3. АҚ нормативын анықтау: өндірістік қорлардың тоқсан ішіндегі шығыны 1980 мың теңге; жеткізу интервалы — 16 күн; қабылдау уақыты — 4 күн.

2.4. Тоқсан ішінде жоспарлы шығын:

  • А материалы б-ша — 45 млн. тг. Норма А = 10 күн;

  • В материалы б-ша — 27 млн. тг. Норма В = 30 күн;

  • С материалы б-ша — 18 млн. тг. Норма С = 20 күн.

АҚ жалпы нормативын табу.

2.5. Өңдірілетін өнімнің тоқсан ішіндегі көлемі — 2250 бірлік. Өндірістік өзіндік құны — 80 мың. тг/данасы. Бастапқы өндіріс шығындары — 32 мың тг. Өндірістік цикл ұзақтығы — 5 күн. Шығындар біркелкі өседі.  Аяқталмаған өндіріс нормативын табу.

2.6. Тауарлы өнім — 180 млн. тг. Шығару шығыны — 90 млн. тг. Тоқсан — 90 күн. Дайын өнімге АҚ нормасы — 8 күн. Дайын өнім нормативын табу.

2.7. Тоқсан ішінде АҚ орташа қалдығы — 270 млн. тг. Өткізу көлемі — 1080 млн. тг. 1 айналым ұзақтығын табу; АҚ айналымдылық коэффициентін және тиеу коэффициентін.

2.8. Өткізу көлемі — 420 млн. тг. АҚ орташа жылдық құны — 70 млн. тг. Айналымдылықты 1 айналымға өсірсе АҚ үнемін анықтау керек.

2.9. АҚ абсолютті және салыстырмалы үнемін анықтау.

Көрсеткіш

1 жыл

2 жыл

Өткізу құны (млн. тг)

150

104

АҚ орташа жылдық құны (млн. тг)

15

10

2.10. АҚ салыстырмалы үнемін анықтау, ағымдағы жылы өнім өткізудің іс жүзіндегі көлемі — 25 200 млн. тг. Ағымдағы жылдың аяғында АҚ жалпы құны — 2 800 млн. тг. Келесі жылы тауарлық өнім — 36 000 млн. тг. АҚ айналымдылығының жоспарлы өсімі — 4 күн.

2.11. Дайын өнімнің қоймадағы нормативы — 350 млн. тг, ресімдеуге жіберілген дайын өнім нормативы — 140 млн. тг. Тоқсан ішінде жоспарлы өнім көлемі — 6300 млн. тг. АҚ нормасын табу.
Тақырып 4. Қозғалмалы составтың тасымалдау, техникалық қызмет көрсетуді және жөндеу процесін ұйымдастыру

Көлік кәсіпорындарындарының түрлері. Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру. Қозғалмалы составқа техникалық қызмет көрсету және жөндеуді ұйымдастыру.


Тақырып 5. Көлік кәсіпорындарында еңбекті ұйымдастыру және нормалау және еңбек ақы

Практикалық сабақ (1 сағат)

Есеп жинағы бойынша берілген тақырыптың 3.1., 3.3 тапсырмаларын орындау, тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру.

Семинар сұрақтары:

1. Еңбек ақының қандай формаларын білесіз?

2. Еңбекті төлеуді ұйымдастыру қандай қағидаларға сүйенеді?

3. Мемлекет еңбекті төлеу процесіне қалай реттеу жұмысын жүргізеді?

4. Кесімді еңбекті төлеу формасын қолданудың шарттарын және мысалдарын көрсетіңіз.

5. Мерзімді еңбекті төлеу формасын қолданудың шарттарын және мысалдарын көрсетіңіз.

Тапсырма

Есептер жинағы бойынша «Кәсіпорын персоналы» тақырыбы бойынша 3.4. тапсырмасын орындау.


Әдебиет

1. Шмален Г. Основы и проблемы экономики предприятия/ под ред. А.Г. Поршнева, М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 132-150 б

2. Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 230-246 б.

3. Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: «Банки и биржи», 2002 г., 472-480 б

4. Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: «Инфра-М», 2000 г., 226-234 б.

Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: «Ғылым»,

2002 ж., 44-54 б

5. «Кәсіпорын экономикасы» курсы бойынша практикалық сабаққа арналған есептер

жинағы /Оқу-тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.: 2005, 35 б.

Студенттің өздік жұмысына арналған бақылау тапсырмалар

1. Есеп жинағында «Кәсіпорын персоналы» тақырыбы бойынша өздік жұмысқа арналған есептер (№9, 10).

Тақырып 6. Көлік кәсіпорындарының шығындары және көліктік қызмет көрсетудің өзіндік құны Практикалық сабақ (1 сағат)

Сабақта студенттер практикалық сабаққа арналған есептер жинағы бойынша өндіріс шығындарын және қызмет нәтижелерін анықтауға (есеп жинағында 5 және 6 тақырыптар бойынша) есеп шығарады. Мәліметтерді студенттер практикалық сабаққа арналған есептер жинағынан алады.

Тапсырма

Есептер жинағы бойынша 2 есеп шығару.



Әдебиет

1. Шмален Г. Основы и проблемы экономики предприятия/ под ред. А.Г. Поршнева, М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 132-150 б

2. Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 230-246 б.

3. Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: «Банки и биржи», 2002 г., 472-480 б

4. Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: «Инфра-М», 2000 г., 226-234 б.

Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: «Ғылым»,

2002 ж., 44-54 б

5. «Кәсіпорын экономикасы» курсы бойынша практикалық сабаққа арналған есептер

жинағы /Оқу-тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.: 2005, 35 б.

Тақырып 7. Табыс, пайда, рентабельдік

Практикалық сабақ (1 сағат)

Сабақта студенттер практикалық сабаққа арналған есептер жинағы бойынша табыс, пайда, рентабельдікке арналған есеп шығарады.

Тапсырма

Есептер жинағы бойынша 2 есеп шығару.

Әдебиет


  • Шмален Г. Основы и проблемы экономики предприятия/ под ред. А.Г. Поршнева, М.: «Финансы и статистика», 1996 г., 268-284 б

  • Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 267-284 б.

  • «Баға жасау» курсы бойынша практикалық сабаққа арналған есептер жинағы /Оқу-

  • тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.: 2005, 17-19 б.

  • Ценообразование/учебно-практическое пособие/П.Н. Шуляк. М.: 2000.

  • Баға және оның жасалуы/ Жабайхан Кайкен/ Оқулық құрал. Семей.:2002.

Студенттің өздік жұмысына арналған бақылау тапсырмалар

«Баға және оның жасалуы» оқу құралында берілген тақырыпқа байланысты өздік жұмысқа арналған есептер (1-4 вариант).



Тақырып 8. Көлік кәсіпорындарының өндірістік бағдарламасын жасау

Жүк айналымы. Жолаушылар айналымы. Қазақстан Республикасының көлік кәсіпорындары. Қазақстан Республикасының көлік құралдары. Қазақстан Республикасы көлігімен тасымалданған жүктер. Көлік түрлері бойынша жүк айналымы. Жалпы пайдаланудағы көлік түрлері бойынша жолаушылар айналымы. Жалпы пайдаланудағы көлік жекелеген түрлерімен жолаушыларды тасымалдау.



Тақырып 9. Көлікті басқару

Семинар сұрақтары:

Көлік өндірісінің ерекшеліктері және тасымалдау процесін басқаруды ұйымдастыру маңызы. Көлікті басқарудың мәні және әдістемелік негіздері. Өндірістік қуатты дамытуды басқару. Тасымалдау процесін басқаруды ұйымдастыру. өнеркәсіптік, қалалық және ауылшаруашылық көлікті басқару ерекшеліктері.

Тақырып 10. Көлік логистикасы

Семинар сұрақтары:



Логистика, мақсаттары, міндеттері, миссиясы. Логистика дамыту кезеңдері. Логистикадағы негізгі түсініктер. Логистикалық операциялар және функциялар. Көлік логистикасы және мәні. Көліктің жекелеген түрлерінің техникалық-экономикалық еркшеліктері. Көлік процесінлогистикалық басқарудың негізгі принциптері. Көліктік қызмет көрсету стратегиясы.


  1. Студенттің өздік жұмысы

Реферат тақырыптары

    1. Көлік экономикасы :

      1. Көлік кәсіпорындарын жіктеу

      2. ҚР Заңы бойынша көлік кәсіпорындарының негізгі құқықтары және міндеттері

      3. Көлік шаруашылығындағы негізгі өндірістік қорлар, бағалау, амортизацияняң қазіргі әдістері

      4. Инвестиция тиімділігін есептеу, қазіргі әдістері

      5. Көлік фирмаларында айналым қаржыларын пайдалану тиімділігі

      6. Өндірістік запастардың қолайлы мөлшерін есептеу

      7. Көлік фирмаларында қызметкерлердің еңбек мотивациясы

      8. Көлік кәсіпорындарында шығындарды басқару

      9. Көлік қызметтеріне тарифтерді дифференциациялау түрлері

      10. Фирмадағы пайданы бөлу, өндірістің шығынсыздық нүктесін есептеу

      11. Тасымалдау сапасын басқару

      12. ISO стандарттарының қазіргі талаптары

Жаңалықтар тимділігін есептеу

      1. Тасымалдау тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін есептеу

      2. Көлік кәсіпорындарында автоматизациялау тиімділігі

      3. Нарық жағдайында еңбек ақының икемді жүйесі

    1. Тасымалдауды ұйымдастыру және менеджмент

      1. Көлік кәсіпорындарының негізгі типтері

      2. Тасымалдауды уақыт және кеңістікте ұйымдастыру принциптері

      3. Жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру

      4. Техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру

      5. Қозғалмалы составты жөндеуді ұйымдастыру

      6. Тасымалдау процесін басқаруды ұйымдастыру

      7. Өндірістік қуатты дамыту

      8. Өндірістік, қалалық және ауылшаруашылық көлікті басқару ерекшеліктері

      9. Логистика, мақсаттары, міндеттері, миссиялары

      10. Көлік кәсіпорындарында еңбекті ұйымдастыру

      11. Фирмадағы қалыпты еңбек жағдайын қамтамасыз ету

      12. Фирмадағы контроллинг, негізгі қызметтері және міндеті

      13. Менеджмент, басқарудың негізгі теориялары

      14. Көлік кәсіпорындарында басқарудың қолайлы құрылымын ұйымдастыру


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет