Қоғам дегеніміз – адамдардың бірлестігі, жиынтығы. Қоғам – санасы, ақыл-ойы бар адамдардың жиынтығы. Ол адамдардың арасында айтарлықтай тұрақты және жеткілікті



бет1/5
Дата29.12.2021
өлшемі16,98 Kb.
#106295
  1   2   3   4   5
Байланысты:
соц 6


1.Қоғам дегеніміз – адамдардың бірлестігі, жиынтығы. Қоғам – санасы, ақыл-ойы бар адамдардың жиынтығы. Ол адамдардың арасында айтарлықтай тұрақты және жеткілікті дәрежеде қарым-қатынас орнаған бірлестік және белгілі бір аумақпен және мәдениетпен біріккен адамдардың тобы.

Әлеуметтануда қоғам деп мынандай сипаттамалары бар жиынтықты атайды:

1.өмір сүретін террриториялық бірлігінің болуы;

2. өзара байланысы тұрақты және біртұтас адамдар жиынтығының болуы;

3. өзін-өзі қамтамасыз етуі, өзін-өзі басқарып отыруы, өзін-өзі өсіріп отыруы және тб.

4. әлеуметтік байланыстардың негізін құрайтын мінез-құлық нормалары мен әдет-ғұрыптар жүйесін құрайтын дамыған мәдени дәрежесінің болуы.



Әлеуметтану ғылымы тұрғысынан алғанда қоғамға мынандай анықтама беруге болады. Қоғам дегеніміз кең мағынасында алғанда – адамдардың өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы өзара байланыстары мен өзара әрекеттерінің қалыптасқан формаларының тарихи бірлестігі. Яғни, ол өзін-өзі реттеумен, өзін-өзі дамытумен, өзін-өзі толықтырумен және өндірумен сипатталатын, мәдени деңгейі жоғары бірлестік. Ал, тар мағынасында алғанда қоғам деп тарихи, әлеуметтік-мәдени және басқа да ерекшеліктерімен көрінетін нақты қоғам түсіндіріледі. Әлеуметтану ғылымында қоғам әлеуметтік құрылым, адамдардың өзара әрекет ететін кеңістігі болып табылады.

Адамдардың қоғамға бірігуінің себептерін әлеуметтанушылар әртүрлі түсіндіреді. Мәселен, Огюст Конт қоғамға мынандай анықтама береді: «Қоғам – бұл өзара келісіммен байланысқан, оның құрылымдық элементтерінің барлығының функциялары келісімділікпен сипатталатын, бүкіл адамзаттың органикалық бірлігі». Карл Маркс: «Қоғам – бұл бірлескен қызмет процесінде қалыптасатын, адамдардың арасындағы тарихи тұрғыдан дамушы қатынастардың жиынтығы», - деп анаықтама береді.

Қоғамның құрамдас элементтері мыналар: адамдар, олардың арасындағы әлеуметтік байланыстар, әлеуметтік институттар мен ұйымдар, әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар, әлеуметтік нормалар және әдет-ғұрыптар. Әлеуметтану ғылымының басты міндеті – қоғамның осындай құрылысын ашып көрсетіп, оның аса маңызды элементтерінің ғылыми классификациясын жасау болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет