Орындаған;Кенжебек Қарақат Тексерген: Искаков Т



бет1/4
Дата25.10.2022
өлшемі66,92 Kb.
#154801
  1   2   3   4
Байланысты:
Салық салу жуйесінің негізгі функциялары


Салық
Орындаған;Кенжебек Қарақат
Тексерген:Искаков Т
Салықтар – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық санат. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай – ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді. «Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды. Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.
Текст слайда
Салықтар негізгі мынадай қызметтері (функциялары) бар:

Реттеушілік қызметі – салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтар реттеу жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты - өндірістің дамуына ықпал ету. Салық түрлері,салық салу әдістері салықтық реттеудің тетіктері болып саналады. Жоғарыда көрсетілген салықтық реттеудің тетіктері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймайды. Сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асырады. Әрине, салықтық реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін, олардың басқа да экономикалық тетіктермен тығыз байланыста болуы қажет. Салықтық реттеуде салық ставкалары мен салық жеңілдіктерінің алатын орыны ерекше. Себебі ғылыми негізделмеген, шектен тыс жоғары қойылған стафкалар кәсіпкерлердің ынтасын төмендетіп, өндірістің төмендеуіне және мемлекеттік бюджет кірісінің азайуына әкеліп соқтырады. Осы сияқты салық жеңілдіктерінің де теңсіз жағы және бар. Дамыған елдердің тарихынан салық ставкалары жөнінде мынаны байқауға болады:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет