Оқыту технологиясы Жоспар: 1«Технология»



бет1/9
Дата02.10.2022
өлшемі41,08 Kb.
#151405
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

1.8 Оқыту технологиясы
Жоспар:
1«Технология» термині туралы түсінік.
2. Оқыту технологиясының 3 кезеңі.
3. Оқыту технологиясының анықтамасы.
4. Оқыту технологиясының маңыздылығы.
5. Оқытудың жаңа технологиялары.

1. Қазіргі әдістемелік әдебиеттерде «технология» (technology) деген ұғым «оқыту» деген ұғыммен жиі кездеседі (technology of teaching). «Техника» терминінің екі мағынасы бар екені айқын:


1. Өндіріс құралдарының жиынтығы.
2. Бір істі орындағанда қолданылатын тәсілдер жиынтығы. «Технология» термині сол тәсіл дер жүйесі деген мағынаны білдіреді. Шетел мамандары оқыту технологиясының үш кезеңі болғанын айтады. Алғашқы кезеңде мұғалім бірде-бір көмекші құрал-жабдықсыз ауызша оқыту арқылы оқушыға білім берген, Екінші кезеңде - кітап басып шығару игерілген соң оқыту технологиясы елеулі өзгеріске түсті, адамдарға әртүрлі дидактикалық материалдар көмекке келді.
Қазіргі кезеңде де оқыту технологиясы үлкен өзгеріске душар болып отыр. Мұғалімдер мен оқушыларға әртүрлі дидактикалық материалдармен қоса, оқытудың техникалық құралдары (ОТҚ) жәрдемге келді.
«Оқыту технологиясы» (ОТ) терминін алғаш рет АҚШ-та қолдана бастады. Польшаның белгілі әдіскерлері У. Куписевич пен Ф. Янушкевич оқыту технологиясы жалпы дидактиканың бір бөлігі ретінде оқытудың ең оңтайлы жолын анықтайтынын терең түсіну керектігін қолдады.
ОТ - қолданбалы дидактика. Ол педагогикалық практиканың нақты жағдайларында оқытудың ең маңызды үрдісін іс жүзіне асырады, оқыту мен оқудың нақты қызметін бейнелейді.
Оқыту технологиясының анықтамасын Скиннер былай деп берді: «Оқыту технологиясы - психология жетістіктерін педагогикалық практикада қолдану» немесе «ОТ - бұл оқытудың тиімділігін арттыру мақсатымен білім беру үрдісін зерттеу негізінде оқу үрдісін жүзеге асыру және бағалау, бағдарламалаудың жүйелі тәсілі».
Оқыту технологиясы дегеніміз оқыту техникасы туралы ғылым, сондықтан оқыту ғылыми түрде жүзеге асуы керек, яғни мұғалім қалай оқыту, неге олай оқыту қерек деген ғылыми білімдердің байланысын білуі тиіс. Оқыту технологиясы оқытудың маңызы ғылыми негізделген.
Оқыту технологиясы қалай оқыту керек деген ғылыми тұжырымдама мен тығыз байланысты, яғни қандай принциптер арқылы, қандай әдіс-тәсілдер арқылы, қандай оқыту құралдары арқылы, оқытуды қалай ұйымдастыру керек, қандай факторларды ескеру керек және оларды ағылшын тілін үйретуде қалай ескеру керек деген сұрақтарды зерттейді. Сондықтан оқыту технологиясы оқытудың мақсаттарымен, мазмұнымен, принциптерімен, әдістерімен, құралдарымен тығыз байланысты.
Оқыту технологиясын білу үшін әр мұғалім оның маңыздылығын түсінуі тиіс. Өкінішке орай, кейбір мұғалімдер әдістемені ғылым емес, тек жұмыс барысында өзімен-өзі қалыптасатын тәжірибесі деп есептейді. Кейде мұғалім бір әдісті қолданып отырып оны неге қолданып жатырғанын, балалардың қандай дағдыларын дамытып жатырғанын өзі түсіндіре алмайды. Мысалы, дауыстап оқуға үйрету барысын да мұғалім сөздерді, сөйлемдерді, мәтінді өзі оқиды, ал балалар кітапқа қарамастан оларды қайталап отырады, сондықтан оқушылар сол сөздерді өздігінен оқымағандықтан оларды естеріне сақтап қала алмайды. Бастауыш сатыда оқуға арналған материал қиын болмағандықтан, оқушылар сөздерді, сөйлемдерді, мәтіндерді оқымастан қайталайды, сондықтан оқытудың ке. лесі сатыларында балалардың көбі оқи алмайды. Демек, мұғалім оқыту мақсаттарына жету үшін проблемалық жағдаяттарды туғызып отыруы керек. Бастауыш сатыдағы ағылшын тіліне оқытудың оқыту технологиясының маз- мұнын көрсету үшін төмендегі кестені назарларыңызға ұсынамыз.
Болашақ мамандар оқыту технологиясын жақсы игеру үшін ағылшын тілі факультативтерінде бұл сұраққа көп көңіл бөлінуі керек. Сонымен қатар, мұғалімдердің өздері оқытутехнология ларын дұрыс қолдана білу үшін көп ізденіс жұмысын жүргізіп, өз білімін деңгейлерін үнемі көтеріп отыруға тырысулары керек. Жоғары динамикалы жаһандану дәуіріндегі өмір сүру үрдісі, соның ішінде білім беру үрдісі де жаңа инновациялық технологияларды қажет етеді. Жаңа инновациялық технологиялар қоғамның басты капиталына айналуда. Ақпараттық кеңістіктің ұлғаюы мен жылдам өзгеріп отыруы бәсекеге қабілетті жеке тұлғаға білім беруде жаңа технологияларды тиімді де уақтылы қолдануды талап етеді. Педагогикалық инновациялар - бі- лім беру мен ғылым жүйесіндегі қызметкерлердің жасақтап енгізген жаңа- лықтары. Педагогикалық инновацияларды 1) білім беру мазмұнындағы; 2) мектептің ішкі әрекетіндегі; 3) «мұға- пім-оқушы» қарым-қатынасындағы; 4) оқыту әдістеріндегі деп бөлуге болады.
Соңғы жылдары республикамыздың білім беру жүйесінде инновациялық үрдістер пайда болуда. Солардың бірі 12 жылдық білім беру тұжырымдамасының әзірленуі. Тұжырымдамада «құзыреттілік тәсіл» жаңа тәсіл ретінде анықталған және білім берудің күтілетін нәтижелерін, оқушының негізгі құзырлылығын анықтайтын 7 құзыреттілік көрсетілген: 1) құндылықты-бағдарлы; 2) мәдениеттанымдық; 3) оқу-таным- дық; 4) коммуникативтік; 5) ақпарат- тық-технологиялық; 6) әлеуметтік ең- бек; 7) тұлғаның өзін-өзі дамыту. Білім берудегі «құзыреттілік» ұғымы 1960-1970 жылдары батыс елдерінде, АҚШ-та қолданыла бастады. «Компе- тенция» сөзі латынның «competo» - сай келу, қол жеткізу деген сөзінен шыққан. «Құзырет» жеке бастың категориясы ретінде алынса, «құзыреттілік» оқушының қажетті іс-әрекет тә- сілдерін білім алу арқылы меңгеруі, ол білімнің нәтижесі, белгілі бір кәсіптік немесе функционалдық мүмкіндіктердің жиынтығы. «Құзыреттілік» ұғымына берілген анықтамалар өте көп. Жан-жақты білімді адамды «құзыретті» деп атауға болады, бірақ И. И. Я. Лернердің айтуынша, білген нәр- сені кейде іс жүзінде қолдана алмауы мүмкін, яғни білімді іс жүзінде қолдана білу - «құзыреттіліктің» компоненттерінің бірі. Осы тақырыпты зерттеуші ғалым Р. Стернберг «құзыреттілікті» практикалық білімнің, ақыл-ойдың варианты түрінде анықтады. Оқушының бойындағы негізгі құзыреттіліктер кең ұғымды қамтиды. Білім берудегі құзыреттілік бағыт білім берудің мақсатын күтілетін нәтиже түрінде анықтайды, бұл тек бір пәннің аясын- да жүргізілмейді, оның негізгі бірнеше бағыттары болуы мүмкін. Егер негізгі құзыреттіліктерді кеңірек қарастырсақ, проблеманың шешімін табу құзыреттілігі оқушыдан мынадай дайындықты талап етеді:
бойындағы дайды;
жағдайға байланысты проблеманы анықтайды, шешім қабылдайды;
қызметіне мақсат қояды, жоспарлайды, ұйымдастырады;
технологияларды анықтайды;
өзін бағалайды, қортындылайды.
Ақпараттық құзыреттілік:
ақпараттар негізінде шешім қабыл- жоспарлайды, танымдық қызметті жүзеге асырады; ақпаратты табады, талдайды, іріктейді, қайта құрады, сақтайды, түсінді- реді, тасымалдайды, АҚТ технологияларын қолданады; ақпаратты өндейді ақпаратты қолданады
Коммуникативтік құзыреттілік:
нақты жағдайлардағы міндеттерді шешу үшін ана тілінде, мемлекеттік, шет тіліндегі ауызша, жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолданады;
мәтін баяндаманы қочымша графикада баяндайды;
ақпаратты қабылдайды;
топтық жұмыс тапсырмаларына сай жұмыс істейді;
Өз ойлары түсіндіреді қарым-қатынасын дәйектейді.
«Құзыреттілік» ұғымын шет тілін оқытуда қолданудың бағыттары мен ерекшеліктерін қарастырайық. Шет тілін оқыту проблемаларын зерттеуші ғалымдар жас маманның мынадай негізгі құзыреттіліктері болуы керек деп есептейді:
тілді жақсы меңгеруі (literacy)
компьютерлік сауаттылық (infor- mation technology skills)
проблеманы шешу мүмкіндігі болу (problem solving skills) инновациялық ойлау (flexibility to innovations)
үздіксіз білім алуға ұмтылу (life- long learning)
Сондай-ақ құзыреттіліктің негізгі және жоғары түрлері бар деп көрсетеді. Оларды тілдік және компьютерлік сауаттылық мысалында қарастырады. Компьютерлік сауаттылықтың «негізгі» құзыреттілігі - оқушының компьютерді да қосу, айыра білу, компьютер белгілерін пайдалану, жасау, редакциялау, компьютердегі қажетті құжат пен файлдарды сақтау, табу, терминдерді түсіну. Ал «жоғарғы» құзыреттілік компьютерді тілді үйренуде қолдануы, интернеттен ақпарат іздеп, сақтауы, электрондық поштаны қолдану, «чатты» қолдану халықаралық жобаларға қатысу. Шетел тілінде «негізгі» құзыреттілік тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдану, «жоғарғы» құзыреттілік, мысапы, ағылшын тілінде экология туралы ақпа- ратты тауып, пайдалану.
Құзыреттілік бағытының табысты болуы шет тілін оқыған оқушының еңбек нарығында бәсекеге түсе алуымен, қоғамда өз орнын таба алуымен бағаланады. Тілді оқытудағы «құзыреттілік» бағыты ЗУН (знание, умение, навык) альтернативасы ретінде дамып келе жатыр. ЗУН оқыту мен тәрбиенің мақсаттарын пәндік білім беру аясы ғана шектейтін. Бұл ұғымдар қазіргі адамның еңбек нарығындағы бәсекелесу мүмкіндігін көрсете алмайды.
Шет тілін меңгеру тілдік және энциклопедиялық білімді меңгеруден тұрады. Тілді меңгеру сөздік жағдаятты меңгеру тәжірибесінің болуын талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет