Оқыту түрі: күндізгі Көкшетау, 2015



бет1/13
Дата01.04.2017
өлшемі2,96 Mb.
#12834
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Алтаева Гулсинай Сарсенбаевна

Астрономия
Мамандығы: 5В011000 «Физика»

оқыту түрі: күндізгі


Көкшетау, 2015

Алтаева Г.С. Астрономия: Оқу-әдістемелік кешен. - Көкшетау, 2015. - 64 бет

Оқу-әдістемелік кешен пәнді оқытудың студенттерге арналған бағдарламасын (силлабус), дәрістер, студенттердің оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмыстары (СОӨЖ) мен студенттердің өз бетімен орындайтын (СӨЖ) жұмыстарының тапсырмаларын, практикалық және зертханалық сабақтардың тапсырмаларын, бақылау материалдарын, әдебиеттер тізімін қамтиды.
Оқу-әдістемелік кешен Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-нің оқу-әдістемелік кеңесінің (хаттама № 1, 22. 10. 2015ж.) шешімімен баспаға ұсынылды.

© Алтаева Г.С.


ПӘН МАҚСАТЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ
Астрономия негізгі мақсаты – Әлем туралы ғылым, аспан денелері мен олардың жүйелерінің пайда болуын, қозғалысын, құрылымы мен құрылысын зерттейді. Астрономия Күн мен жұлдыздарды, планеталар мен олардың серіктерін, кометалар мен метеор денелерінің, тұмандықтарды, жұлдыздар жүйелерін және жұлдыздар мен планета арасындағы материясын зерттейді. Курстың мазмұны тұтас және логикалық тұйықталған, аяқталған болуы тиіс. Сондықтан бағдарлама мынадай бөлімдерден тұрады:

    • Сфералық және практикалық астрономия негіздері;

    • Күн жүйесінің құрылысы және теориялық астрономия мен аспан механикасының негіздері;

    • Астрофизика мен жұлдыздар астрономиясының негіздері;

    • Әлемнің құрылысы және эволюциясы.

КӨЗҚАРАСЫ БОЛУЫ

Күн жүйесінің құрылымына және аспан денелерінің табиғаты жайында қазіргі заманғы көзқарастар жөнінде ұғымы болуы. Әлемнің дамуы жөнінде көзқарасы болуы.

БІЛУ ҚАЖЕТТІЛІГІ

Жұлдызды аспандағы негізгі шоқжұлдыздарды айыра білуі, оларды аспаннан тауып және ең жарық жұлдыздарды білуі тиіс. Күннің аспан сферасында жыл бойындағы қозғалысының заңдылықтары мен шарттарын білуі, Жердің климаттық белдеулерінің астрономиялық белгілерін білуі, планеталар конфигурациялары және Ай фазалары жөнінде білуі, Кеплер заңдары және аспан денелерінің орбита элементтерін білуі, Ғарыш денелерін зерттеудің қазіргі әдістерін білуі.

БІЛУІ

Аспан сферасы моделімен және жұлдызды аспанның жылжымалы картасымен жұмыс істей алуы; Кеплер заңдарын және Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын есептерді шығаруда қолдану, әсіресе ЖЖС және ЖАД-лерін ұшырумен және қозғалысымен байланысты есептерде қолдана білуі; жұлдыз каталогтарымен, атластармен жұмыс істей білуі қажет.



ПРАКТИКАЛЫҚ ДАҒДЫЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

Астрономиялық бақылауларды өз бетімен орындау дағдыларын меңгеру; уақыт өлшеудің және оның бірліктерін анықтаудың, сағаттар жүрісінің түзетулерін анықтау дағдыларына ие болуы керек.

Берілген пәндерді оқытудың қажеттілігі қамтылған бөлімдері (тақырыптары) көрсетілген.

Мамандықтың Мемлекеттік стандартына сәйкес бұл пәндерді зерделеу нәтижесінде 5В011000 – «Физика» мамандығы үшін студенттердің университет кітапханасындағы әдебиет қорын, пән бағдарламасын, әдістемелік құралдарын, лекция конспектілерін пайдалануға құқықтары бар.

Оқытушыдан консультация алуға құқықты. Сонымен қатар студенттер блокты-рейтингілі бақылаудың (БРБ) талаптарын уақытында орындауға міндетті.


ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Астрономия

Кіріспе. Мамандықтың қысқаша сипаттамасы. Астрономия пәні. Астрономия тараулары. Іргелес ғылымдар. Астрономиярың теориялық және танымдық мәні. Астрономия әдістемесі. Бақылаудың мәні. Ғалам құрылымына қысқаша шолу.

Сфералы және тәжірибелі Астрономияның негіздері.Аспан сферасы, сфералы астрономиярың негіздері. Жұлдызды аспан және аспан сферасының тәулік бойынша айналуы. Әлем осінің горизонтқа қатысты орналасуы. Аспан сферасындағы нүктелер мен сызықтар. Астрономиялық коордираталар: горизонттық және экваторлық координаталар жүйелері. Кульминация. Меридиандағы жарық көзінің биіктігі. Жарық көзінің көріну шарттары. Аспан сферасының әр ендіктегі айналуы.

Жердің күнді айнала қозғалуы және Күннің эклиптика бойынша жылдық қозғалысы. Эклиптиканың негізгі нүктелері. Эклиптикалық координаталар жүйесі. Тропикалық жыл. Зодиакты шоқжұлдыздар. Жыл мезгілдерінің алмасуы және климаттық белдеулер.

Уақытты өлшеу проблемасы. Уақыттың өлшеу бірліктері. Күндік және жұлдыздық уақыт. Нақты және орташа күндік уақыт. Уақыттың теңдеуі. Жергілікті уақыт және бойлық. Поястық және декреттік уақыт. Бүкіләлемдік уақыт. Уақыттың атомдық стандарты.

Күнтізбектің пайда болу және дамуы тарихы. Жаңа және ескі стильдегі күнтізбек.

Жұлдызды каталогтар және астрономиялық жылнамалар, жұлдызды аспан картасы. Универсалды құрал. Жарық көзінің зениттік арақашықтығының өлшеу арқылы енділік пен уақытқа түзету енгізу.

Географиялық координаталар мен Күнніің түскі сызығының бағытын анықтаудың жуық әдістері.



Әлемнің құрылымы туралы көзқарастардың дамуы. Күн жүйесінің кинематикасы. Астрономия ілімінің туындауы. Ежелгі халықтардың әлем туралы көзқарасы. Планеталардың көзгекөрінер қозғалысы. Планеталардың символикасы. Ежелгі Грециядағы астрономияның дамуы. Пифагор, Аристотель, Гиппарх, Птолемей. Әлемнің геоцентрлік жүйесі. Орта Азияда астрономияның дамуы. Бируни және Ұлықбектің еңбектері. Планеталардың конфигурациясы. Коперник және әлемнің Гелиоцентрлік жүйесі. Гелиоцентризм үшін күрес. Бруно, Галилей, Ломоносов. Астрологияның маңызы.

Тихо, Браге, Кеплер және планеталардың қозғалысы туралы заңдар. Қазіргі көзқарас бойынша Күндік Жүйенің құрылымы. Тәуліктік параллакс. Күннің параллаксы. Астрономиялық бірлік. Арақашықтықты анықтаудың радиолокациялық әдісі. Күннің, Айдың және планеталардың өлшемдерін анықтау. Жердің Күнді айнала қозғалуын дәлелдеу: жылдық параллакс, жұлдыздық абберациясы.

Айдың жұлдыздарға және Күнге байланысты көрінетін салыстырмалы қозғалысы. Ай фазаларының алмасу кезегі. Сидерикалық және синодикалық айлар. Түйіндер сызығының қозғалысы. Айдаһар жылы мен айы.

Күннің және айдың тұтылуы. Тұтылудың шарттары мен жиілігі. Сарос. Тұтылуды бақылаудың ғылыми мағынасы.



Аспан механикасының негіздері. Бүкіл әлемдік тартылыс заңдары.Планеталық орбиталардың элементтері. Тартылыс заңының әмбебаптылығы. Кеплердің жалпылама заңдары. Аспан денелерінің массасын анықтау.

Ауытқу (возмущение) теориясының элементтері. Плутон және Нептун планеталарының ашылуы. Жер осінің прецессиясы, оның себептері мен салдары. Нутация. Су деңгейінің көтерілуі (прилив) мен төмендеуі (отлив). Космонавтика элементтері. ЖЖС, ИНТ орбитасын есептеудің қарапайым тәсілдері.



Астрофизика және радиоастрономияның құралдары мен әдістері. Телескоптар, олардың қолданылуы, көрсеткіштері: ұлғайтуы, шешуші қабілеті, жарықтылығы. Рефракторлар, рефлекторлар. Рефректорлардың және рефлекторлардың кемшіліктері, артықшылықтары. Айналы-линзалы телескоптар. Мектептегі телескоптар. Телескоптардағы сәулелердің өту жолы. Астрофотометрия негіздері. Погсон формуласы. Абсолют жұлдыздық шамалар.

Спектралдық анализ негіздері. Спектралдық приборлар. Сәуле шығару заңдары. Доплер принципі. Электрмагниттік толқындар диаппазондары. Атмосферадағы оптикалық сәулелер мен радио толқындар «терезесі». Радиотелескоптар. Радиоастрономияның ролі. Аспан денелерін зерттеудің атмосферадан тыс жүргізілетін әдістері. Негізгі астрономиялық обсерваториялар және әлемдегі аса ірі телескоптар.



Күн жүйесінің физикасы. Күн жүйесі жайлы жалпы мағлұмат. Күн. Өлшемі, массасы, тығыздығы. Осьтік айналу. Күннің температурасы, толық сәуле шығару. Күннің.

Күн энергиясының көздері. Күннің ішкі құрылымының моделі. Фотосфера. Грануляция, шырақтар, күннің дақтары. Күннің спектрлік және химиялық құрамы. Хромосфера, хромосфералық жарқылдар. Протуберанцтар. Еәж. Күннің радио толқындарды шығаруы. Күндегі жел. Күн энергиясын қолданудың проблемалары. Күн активтілігінің циклі. Күн активтілігінің Жердегі геофизикалық және биологиялық процестерге әсері.

Жер туралы жалпы түсінік. Жердің массасын анықтау. Жердің ішкі құрылымын зерттеу әдістері. Жер құрылымы жайында қазіргі көзқарас. Жер атмосферасының құрылымы мен құрамы. Магнитосфера, Жердің радиациялық белдеулері. Күн жүйесіндегі үлкен планеталардың (Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон) негізгі сипаттамалары, Күннен қашықтығы, айналу периодтары, өлшемдері, массасы, тығыздығы, критикалық жылдамдықтары, температурасы, тәуліктің ұзақтығы, осьтерінің көлбеуі, серіктерінің саны.

Әрбір планетаның физикалық ерекшеліктері. Атмосферасы, беттік ерекшеліктері. Планеталардың серіктері. Планеталардың сақинасы. Күн жүйесі планеталарындағы өмір туралы проблемалар. Планеталарды космостық станциялар арқылы зерттеудің нәтижелері. Планеталардың физикалық сипаттамасы бойынша екі топқа бөлінуі, әрбір топтағы планеталардың өзіндік ерекшеліктері.

Кіші планеталар. Олардың ашылу тарихы. Астероидтің айналу периоды, массасы, өлшемдері. Орбиталарының ерекшеліктері. Ерекше қызықты астероидтар.

Кометалар. Сыртқы түрі. Кометалардың орбиталары. Қысқа периодты және ұзақ периодты кометалар. Кометалардың құрылымы, ядросы, басы және құйрығы. Кометалардың жарықтану механизмі. Кометалардың және комета құйрығының ыдырауы. Ерекше қызықты кометалар. Кометалардың пайда болу гипотезасы.

Метеорлы шоғырдың пайда болуы. Метеорлық ағындар және олардың радианттары. Болидтер. Метеориттер, олардың классификациясы. Метеориттердің химиялық құрамы және физикалық табиғаты. Метеориттердің жасын анықтау. Ерекше қызықты метеориттер. Зодиакалдық жарық.

Жұлдыздар физикасы.Жұлдызға дейінгі арақашықтықты анықтаудың тригонометриялық әдісі. Парсек. Жарық жылы. Жұлдыздардың регізгі көрсеткіштері: температурасы, радиустары, жарықтылығы. Жұлдыздардың спектрі және спектрлік классификациясы. Жұлдыз атмосферасының химиялық талдауы. Жұлдыздардың анықталатын көрсеткіштерінің арасындағы байланыс.

Герцшпрунт-Рессель диаграммасы. Негізгі кезектесу. Аса үлкен алыптар, айрықша үлкен алыптар, айрықша кіші ергежейлілер, ақ түсті ергежейлілер.

Қос және еселі жұлдыздар. Спектрлі –қос жұлдыздар. Тұтылушы қос жұлдыздар. Айнымалы жұлдыздар. Лүпілді айнымалылар. Ұзақ периодты айнымалылар. Бұрыс айнымалылар және эруптикалық жұлдыздар. Жаңа және өте жаңа жұлдыздар. Пульсарлар және нейтронды жұлдыздар. «Қара құрдымдар».

Біздің галактика.Галактика құрылымы туралы қысқаша мағлұмат: өлшемдері, галактикаға кіретін объектілер. Жұлдыздардың галактикада орналасуы. Құс жолы. Жұлдызды статистиканың әдістері. Жұлдыздардың шоғырлануы және ассоциациясы.

Күннің Галактикада орналасуы. Галактиканың айналуы. Галактиканың ядросы. Күннің галактикалық орбитасы. Жергілікті жүйе. Жұлдыз аралық орта. Жарықтың тозаңды ортамен жұтылуы, оның жұлдыздық арақашықтқты анықтауға әсері. Бейтарап сутектің таралуы. Галактиканың спиралдық құрылымы.



Галактикадан тыс астрономияның негіздері. Хаббл бойынша галактикалардың классификациясы. Галактикаларға дейінгі арақашықтықты анықтау. Галактикалардың физикалық қасиеттері: өлшемдері, массасы, жарықтылығы, айналуы. Галактикалардың ядролары. Галактикалардың спектрі. Галактикалардың спектріндегі қызыл ығысу. Хаббл заңы. Өзара әсерлесуші галактикалар. Квазарлар. Галактикалардың топталуы. Метагалактика. Галактикалардың және галактика жүйелерінің жасырын массасы.

Космогонияның негіздері және космология мәселелері. Күн жүйесінің космогониясы. Кант пен Лапластың космогониялық болжамдары. Жер мен планеталардың жасы. Экзопланеталар. Космология пәні. Жұлдыздардың пайда болуы, эволюциясы, жасы, галактикалар эволюциясы жайындағы болжамдар. Фотометриялық, гравитациялық және термодинамикалық парадокстар. Иерархиялық құрылым. Кеңейу түсетін Ғалам проблемасы. Критикалық тығыздық. Хаббл тұрақтысы. Ыстық Ғалам және рэликтивтік сәуле жайында түсінік. Бұлыңғыр энергия. Арықталмаған ұшқыш объектілер және жерден тысқары орналасқан өркениет.
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК

ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ



Тақырып аты

Дәріс

Практика

1

2

3

4

1.

Астрономия – аспан денелері туралы ғылым. Астрономия пәні – Әлем және Жер. Астрономия дамуының тарих кезеңдері. Астрономияның практикалық және идеологиялық мәні.

Біздің Галактикамыздағы жұлдыздар әлемі. Әлемді танудағы заңдылықтар.



2

1

2.

Сфералық астрономияның негіздері. Планеталардың және шырақтардың көзге көрінер қозғалысы. Эклиптика. Астрономиялық координаталар. Жердің Күнді айналуы және Күннің көзге көрінер эклиптикалық қозғалысы.

2

1

3.

Уақытты өлшеудің негіздері. Уақыт теңдеуі. Жұлдыздық, нақты Күндік, орташа Күндік уақыт. Жұлдыздық каталогтар.

2

1

4.

Әлемнің құрылысы туралы көзқарастың қалыптасуы. Әлемнің құрылысы туралы қысқаша очерк. Планеталардың көзге көрінер және нақты қозғалыстары. Птолемейдің Әлем жүйесі. Коперниктің Әлем туралы білімдері..

2

1

5.

Күн жүйесінің кинематикасы. Күн жүйесінің құрылымы туралы қазіргі ғылыми мәліметтері. Аспан денелерінің өлшемдерін, пішіндерін, ара-қашықтықтарын анықтау. Параллакс. Аберрация. Жердің қозғалысы. Айдың қозғалысы. Тұтылу.

2

1

6.

Аспан механикасының негіздері. Планеталардың құрылысы. Кеплер заңдары. Планеталар орбиталарының элементтері. Үш және одан көп денелердің есептері. Аспан денелерінің массаларын анықтау.

2

1

7.

Бүкіл Әлемдік тартылыс заңдары. Ньютонның тартылыс заңдары. Тартылыс күштері мен тартылыс тұрақтылары. Дененің салмағы мен салмақ күші, салмақсыздық. Космостық аппараттардың қозғалысы. Бірінші, екнші және үшінші космостық жылдамдықтар.

2

1

8.

Астрофизика мен радио-астрономияның құралдары мен әдістері. Астрофизика негіздері. Молекулалық физикадан кейбір мәліметтер. Спектрлік анализ негіздері және сәулелену қасиеттері. Температураларды анықтау әдістері. Телескоптар. Радиотелескоптар. Практикалық астрономияның негізгі есептері мен құралдары және фундаменталды астрометрия.

2

1

9.

Күн жүйесінің физикасы. Күн, Күн жүйесі. Күннің құрылысы. Күннің энергиясын қолдану мәселесі. Күннің активтілігі. Жер туралы жалпы мәліметтер. Жердің құрылысы, структурасы мен атмосферасының құрылымы.

2

1

10.

Күн жүйесінің физикасы. Планеталар. Олардың физикалық ерекшеліктері. Планеталардың серіктері және сақиналары. Кіші планеталар және планеталар-гиганттар. Кометалар. Метеориттер. Метеорлық ағындар. Болидтер.

2

1

11.

Жұлдыздар физикасы. Қарапайым жұлдыздар. Жұлдыздық өлшем бірліктер. Жұлдыздар атмосфералары мен жалпы құрылымы. Басты тізбектелуі, сверхгиганттар, субгиганттар, субкарликтер, ақ карликтер. Планеталық тұмандықтар.

2

1

12.

Жұлдыздар физикасы. Қос еселі жұлдыздар. Қос жұлдыздарды көзбен шолып бақылау. Тұтылатын айнымалы жұлдыздар. Физикалық айнымалы жұлдыздар. Пульстік айнымалы және нейтрондық жұлдыздар. Сәулеленудің рентгендік көздері.

2

1

13.

Біздің Галактика. Галактикадағы жұлдыздардың таралуы. Жұлдыздық шоғырлар. Вращение Галактиканың айналуы. Жұлдызаралық шаң-тозаң. Галактиканың жалпы құрылымы.

2

1

14.

Басқа галактикалардың астрономиясының негіздері. Галактикалардың құрылысы, құрамы мен физикалық касиеттері. Галактикалардың ядроларының активтілігі және квазарлар. Галактикалардың кеңістіктік таралуы. Аспанмен танысу: жұлдыз шоғырлары (астрогнозия). Аспанмен телескоптық танысу.

2

1

15.

Космогония негіздері мен космология мәселелері. Канттың, Лапластың және Джинстің гипотезалары. Ньютон заңдарына негізделген біртекті және изотропты Әлемнің моделі. Релятивисттік космология. «Ыстық» Әлемнің моделі.

2

-




Барлығы (сағат):

30

15


Дәріс курсы және практикалық сабақтар





Тақырып атаулары

Сағаттар саны

Әдебиет





Аспан сферасының негізгі элементтері.

1

[1-5]



Жұлдызды аспанның жылжылмалы картасы

1

[1-5, 7.]



Планеталардың қозғалыс заңдары

1

[1-5]



Бір мезгілде планеталардың өзара орналасуы.

1

[1-4]



Кеплердің 3-заңын тексеру

1

[4-7]



Оптикалық телескоптар

1

[1, 3]



Телескоптың өтімділік күшін анықтау

1

[6]



Айдың физикалық табиғаты

1

[4-5.8]



Жұлдыздардың фотометриясы

1

[3, 14, 20 ]



Жұлдыздардың спектрі және жарықтылығы

1

[11,14, 19 ]



Жасанды серіктер

1

[11, 14, 18 ]



Ғарыштық аппараттар

1

[2, 8, 11 ]



Айға ұшырылған ғарыштық аппаратты оқып үйрену

1

[6, 14, 16 ]



Бүкіләлемдік тартылыс заңы және екі дене есебі.

1

[4, 10, 17 ]



Жұмыстарды қорытындылау.

1

[1-6, 12, 18 ]

БАРЛЫҒЫ:

15


ОБСӨЖ –дің оқу-тақырыптық жоспары



Тапсырма

ОБСӨЖ

өткізу түрі




Өзіндік жұмыстарды орындауға көмекші әдістемелік нұсқаулар

1

Аспан сферасы және астрономиялық координат жүйесі. Аспан сферасы элементтерін оқу.

Есеп шығару

(2)

2

Жай көзбен аспанды бақылау.

Есеп шығару

(2) (4)

3

Телескоп арқылы Айды, Күнді, планетаны, жұптық және айнымалы жұлдыздық, шоқжұлдыздарды тұмандықтарды, Құсжолын қарау.

Есеп шығару

(1)

4

Жұлдызды аспанның жылжылмалы картасы Бір мезгілде планеталардың өзара орналасуы.

Баяндама

(3) (2)

5

Жұлдыздардың әртүрлі географикалық белдіктегі көзге көрінерлік өозғалысы, жарық көзінің көріну шарттары.

Коллоквиум

(8)

6

Уақыт және өлшеу.

Бақылау жұмысы

(7)

7

Күннің әр түрлі географиялық белдектегі көзге көрінерлік қозғалысы, жарық көзінің көріну шарттары.

Есеп шығару

(2) (5)

8

Планетамен Айдың көрінерлік және шын қозғалсы, планеталар конфигурациясы, Кеплер заңдары.

Есеп шығару

(6)

9

Күн жүйесіндегі денелердің арақашықтығы, өлшемі және айналуы.

Есеп шығару

(2)

10

Бүкіләлемдік тартылыс заңы және екі дене есебі.

Есеп шығару

(5) (6)

11

Жасанды аспан денелерінің орбитасын есептеу әдісі.

Есеп шығару

(2) (5)

12

Жұлдыздардың фотометриясы, жарық көзінің жарқылы.

Коллоквиум

(5)

13

Күн мен жұлдыздардың физкалық табиғаты.

Есеп шығару

(2)

14

Кеңестіктегі жұлдыз бен галактиканың айналуы.

Есеп шығару

(1) (6)


Пәннің оқу әдістемелік қамтамасыз етілген картасы




Оқулықтар, оқу құралы

Пайдалан әдебиет. тілі

Автор, басылған жылы

Даналар саны

Электрондық болжаулар

кафедрада

кітапханада

1

Курс общей астрономии

орыс

Бакулин П.И., Кононович Э.В., Мороз В.И.

Дагаев М.М.



Электрондық

жеткілікті

Электрондық

2

Практикум по астрономии.

орыс

Б КурышевВ.И..

Электрондық

-

Электрондық

3

Астрономия. Орта мектептің 11-класына арналған оқулық.

қазақ

С.Э.Фриш, А.В. Тиморева

Электрондық

жеткілікті

Электрондық

4

Наблюдение звездного неба

орыс

Дагаев М.М.

Электрондық

жеткілікті

Электрондық

5

Курс практической астрономии,

орыс

Цветков К.А

Электрондық

жеткілікті

Электрондық

6

Общедоступная практическая астрономия

орыс

Попов Л.И.,-

Электрондық

жеткілікті

Электрондық

7

Астрономия

орыс

Волынский Б.А

Электрондық

жеткілікті

Электрондық


Негізгі және қосымша әдебиеттер:


  1. Бакулин П.И., Кононович Э.В., Мороз В.И. Курс общей астрономии. М,: Наука. 1983.

  2. Дагаев М.М., Демин В.Г., Климишин В.Г., Чарушин В.М. Астрономия. –М.: Просвещение. 1983.

  3. Дагаев М.М. Сборник задач по астрономии. –М.: Просвещение. 1980, 128с.

  4. КурышевВ.И.Практикум по астрономии. –М.: Просвещение. 1986, 144с.

  5. Попов Л.И.,-Общедоступная практическая астрономия,-М.:ОГИЗ,1946.

  6. Б.А.Воронцов-Вельяминов. Сборник задач и практических упражнений по астрономии. –М.: Наука. 1977.

  7. Пирожный Н.А.,-Астрономия: М.: Высшая школа, 1967.

  8. Куликовский П.Г. Справочник любителя астрономии.–М.:Физматгиз. 1961, 494с.

  9. Дагаев М.М. Наблюдение звездного неба. –М.: Наука. 1980, 454с.

  10. Берри А. Краткая история астрономии. М-Л. 1946

  11. Блажко С.Н. Курс практической астрономии. М-Л. 1990

  12. Климишин И.А. Астрономия наших дней. –М.: Наука. 1980, 456с.

  13. Андрианов Н.К., Марленский А.Д. Астрономические наблюдения в школе. –М. : Просвещение. 1987, 112с.

  14. Бронштэн В.А., Дагаев М.М., Кононович Э.В., Куликовский П.Г. Астрономический календарь. Постоянная часть. –М.: Наука. 1981, 704с.

  15. Физика космоса.Маленькая энциклопедия.–М.:Советская энциклопедия. 1986, 783с.

  16. Лейзер Д. Создавая картину Вселенной. –М.: Мир. 1988, 324с.

  17. Рябов Ю.А. Движение небесных тел. –М.: Наука. 1988, 240с.

  18. Климишин И.А. Релятивистская астрономия. –М.: Наука. 1983, 208с.

  19. Цветков К.А.,-Курс практической астрономии, -М.-Л.: ОНТИ, 1934.

  20. Попов Л.И.,-Общедоступная практическая астрономия,-М.: ОГИЗ, 1946.

  21. Перельман Я.И.,-Занимательная астрономия,-М.: ОГИЗ, 1946.

  22. Шур Я.И., Рассказы о календаре, -М.: 1962.

  23. Пирожный Н.А.,-Астрономия: М.: Высшая школа, 1967.

  24. Завельский Ф.С., -Время и его измерение от биллионных долей секунды до миллиардов лет: М.: Наука, 1977.

  25. Б.А. Воронцов-Вельяминов. –Астрономия: Орта мектептің 11-класына арналған оқулық.

  26. Карпенко Ю.А.,-Название звездного неба. М.,Наука, 1981.

  27. Климишин И.А.,-Календарь и хронология.-М.: Наука, 1981.

  28. Цыбульский В.В.,-Календари и хронология стран мира. –М.:Просвещение, 1982.

  29. Астрономический календарь, постоянная часть: М.: Наука, 1983.

  30. Буткевич А.В., Зеликсон М.С.,-Вечные календари. –М.: Наука, 1984.

  31. БановскиА.,-Мифы и легенды о созвездиях,-Алма-Ата: Казахстан, 1985.

  32. Дагаев М.М.Лабораторный практикум по курсу общей астрономии М1972

  33. Левитан Е.П.,- Астрономия: учебник для 11 класса общеобразовательных учреждении. М.: Просвещение, 1994.

  34. Энгельгардт И.,-Когда наступит 21 век. : Наука и жизнь. 1, 1999. С.8-11.

  35. ЛевитанЕ.,-Современные и старинные созвездия:Наука и жизнь10, 1999.

  36. Левитан Е.,-Когда же все таки начнется 21 век: Наука и жизнь, 11, 1999, Левитан Е.,-Имена звезд: Наука и жизнь, 1999, с.114-118.

  37. Левитан Е.,: Наука и жизнь, 10,2000, с.78,80.

  38. Дубошин Г.Н.,-Введение в небесную механику.-М-Л. ОНТИ НКТП СССР 1938.

  39. ГребениковЕ.А,РябовЮ.А.,Что такая небесная механика,М.Наука, 1966.

  40. Байндер О.,- Загадки астрономии М.: Мир, 1966.

  41. Зигель Ф.Ю.,-Малые планеты.-М.: Наука, 1969.

  42. Комаров В.Н.,- Новая занимательная астрономия.-М., Наука, 1972.

  43. Демин В.Г.,-Судьба солнечной системы. М., Наука, 1975.

  44. Паренаго П.П. Курс звездной астрономии. М,1954

  45. Волынский Б.А. Астрономия. М. Просвещение, 1971

  46. Мартынов Д.Я. Курс общей астрофизики.М, 1971

  47. Дагаев М.М. Лабораторный практикум по курсу общей астрономии. М, 1972

  48. Попов П.Н., Воронцов-Вельяминов Б.А.,Куницын Р.В. Астрономия.М,1967

  49. Воронцов-Вельяминов Б.А., Внегалактическая астрономия. М.Наука, 1978

  50. Разбитная Е. П. Астрономия. Программированное издание, Владимир, 1978

  51. Подобед В.В., Пестеров В. В. Общая астрометрия М.Наука, 1975

  52. Мартынов Д.Я., Липунов В.М. Сборник задач по астрофизике. М.Наука, 1986

  53. Кенжалиев Д.И. Астрометрия, Орал 2007

  54. Кенжалиев Д.И. Аспан механикасы, Орал 2007

  55. Қазақстан жоғарғы мектебі, 2005

  56. Әбішұлы Х.,-Халық астрономиясы,-Алматы, Қазақ мем. Баспасы, 1959.

  57. Әбішев Х.,-Аспан сыры, -Алматы, 1966.

  58. Ысқақов М.И.,-Халық календары, -Алматы, 1980.

  59. Қарамұрзин А.,-Астрономиядан қосымша оқуға арналған кейбір мәселелер.-Алматы, Рауан, 1990.

  60. Бекбасаров Н.М.,-Астрономияға кіріспе. Орта мектептің 11 сыныбында астрономияны оқытуға арналған көмекші құрал,-Алматы, Рауан, 1996.

  61. Имажанова Қ.И.,-Астрономия терминдерінің қысқаша орысша-қазақша түсіндірме сөздігі.-Алматы, 1996.

  62. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: физика және астрономия, Алматы, Рауан, 1999.

  63. Бекбасар Н.М. Практикалық астрономия, -Алматы, 2000.

  64. Башарұлы Р., Қазақбаева Д., Тоқбергенова У., Бекбасар Н.-Физика және астрономия. Жалпы білім беретін мектептің 9 сыныбына арналған байқау оқулығы. –Алматы, Рауан, 2000.

  65. Мерзімді басылымдар: физика және астрономия журналы.

Н. 4.07.-02


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Жаратылыстану ғылымдары факультеті
Физика және математика кафедрасы

«Бекітемін»

факультетінің деканы

____________Хамитова А.С.

(тегі,аты,әкесінің аты)

«_____» ____________ 20__ж.



Студенттерге арналған пәннің

БАҒДАРЛАМАСЫ

(СИЛЛАБУС)

Пән Астрономия

Мамандық 5В011000 – ФИЗИКА

Кокшетау 2015ж.

Студенттерге арналған пән бағдарламасы (силлабус) Республикалық Оқу-әдістемелік Кеңес мәжілісінде 15.05.2012ж. хаттама №18 қарастырылып бекітілген типтік оқу бағдарламасына сәйкес құрылған.

Кафедра меңгерушісі _______________________ Дамекова С.К.

(Аты – жөні, тегі, )
Факультеттің оқу әдістемелік комиссиясымен келісілген ______________

«____» _______ 20 ж./ Хаттама № ___________


Оқу әдістемелік комиссия төрағасы _________________Ермаганбетова С.К.

(Аты – жөні, тегі, қолы )

1. ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS
1. Оқытушы туралы мәліметтер:
Шуюшбаева Нургуль Найзабековна – физика және математика кафедрасының аға-оқытушысы (511 – ші кабинет)

Алтаева Г.С. - физика және математика кафедрасының оқытушысы. (511 – ші кабинет).


2. Пән туралы мәліметтер:

Пән атауы – Астрономия

өткізу орны – аудитория



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет