Оқытуды ұйымдастыру формасы



бет1/7
Дата15.12.2022
өлшемі96,5 Kb.
#162906
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7

ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАСЫ
1 Оқытуды ұйымдастыру формалары туралы түсінік, олардың даму тарихы
2 Сабақ- оқытуды ұйымдастырудың негізігі формасы
 3 Оқытуды ұйымдастырудың қосымша түрлері
4 Мұғалімнің сабаққа дайындалуы және сабақта оқушылардың әректін ұйымдастыру формалары
1 Оқытуды ұйымдастыру формалары туралы түсінік, олардың даму тарихы
Қоғамның даму тарихында жас ұрпақты оқытуды ұйымдастыру формалары қоғамдық талаптар мен қажеттіліктерге сәйкес өзгеріп, дамып отырды. Оқытуды ұйымдастыру формаларының даму тарихында оның үш түрі қалыптасқан: жеке - дара, топтық, сынып сабақтық жүйе.
Оқытуды ұйымдастыру формаларының даму тарихында төмендегідей формалар болды:
Жекелей оқыту - ежелгі және орта ғасырларда тараған оқыту формасы.
Топтық оқыту -  бірнеше оқушыларды топтастырып оқыту формасы.
Белл-Ланкастер жүйесі - Англияда жаңа дәуірде пайда болған “сатылы” немесе өзара оқыту формасы.
Дальтон-жоспар - ХХ ғ.басында АҚШ- та таралған. Әрбір оқушы өз күшімен бағдарламаны бөлшекетеп жеке дара оқытылды.
Бригадалық-зертханалық - Кеңес одағында ХХғ. басында тарған. Оқыту топтарға бөліну арқылы жүргізілді. Оны бригадир басқарды, топ тапсырмаларды орындап, оны бригадирлері мұғалімге тапсырған.
Сынып- сабақтық - ХVІІ ғ. Я.А.Коменский енгізген оқытуды ұйымдастыру формасы.
Таңдамалы оқыту формасы:
- Батовтік жүйе – мұғалімнің уақыты екіге бөлініп, жеке және ұжымдық жұмыстар жүргізілді.
- Маннгеймдік жүйе – оқушылар қабілеттіліктері мен үлгерімі бойынша күшті, орта, әлсіз болып бөлінуі ұйымдастырылатын оқыту формасы.
Жекелей оқыту жүйесі ежелгі және орта ғасырларда пайдаланылды. Мұғалім оқушының жеке орындаған тапсырмаларын тексеріп, мәтінді оқытып, тыңдады, үй жұмысын орындау амалын көрсетіп, музыкалық құралдарда орындауды үйретті. Бұл оқу жүйесінде әр түрлі жастағы және түрлі дайындықтағы оқушылар болғандықтан, оқу жұмысы жеке жүргізілді. Мұндай оқыту ұйымдастыруды оқытудың жаппай сипаты пайда болғанға дейін ғана өмір сүрді.
Өндірістің дамуы және қоғамдағы рухани өмір мәнінің жоғарлауы балаларды жаппай оқыту формаларының пайда болуына әкелді. Ондай формалардың бірі, Белорусия мен Украинадағы ағайындық мектептерде ғасырда қолданылған топтық оқыту болды. Бұл оқыту формаларның ерекшеліктері: оқушылар жас ерекшеліктеріне дайындықтарына сәйкес топтарға бөлінді, ол бүкіл топпен бірге, бір оқу материалы бойынша жүргізілді, оқу жылдың белгілі бір мерзімінде, белгілі бір уақытта басталды. Бұл сынып сабақ жүйесінің қалыптасуының алғышарттары еді.
ХVІІ ғасырда Я.А.Коменский сол мектептердің тәжірибесін жинақтап, өзінің «Ұлы Дидактика» кітабында сынып - сабақ жүйесінің тиімділігін дәлелдеді, оның кезеңдерін түсіндірді. Сынып сабақ жүйесінің оқытуды ұйымдастырудың ерекше формасы ретіндегі мәні, мұнда бір жастағы оқушылар жеке сыныптарға бөлінді, оқу алдын – ала құрылған кестеге сәйкес жеке пәндер бойынша жүргізілді, сыныптағы барлық оқушылар бірдей материалмен жұмыс істеді.
1878 жылы өзара оқытудың Белл – Ланкастер жүйесі пайда болды. Бұл жүйе атауы оны бір уақытта Англия мен Үндістандағы қолданған ағылшын А.Белл мен Дж. Ланкастер есімдерімен байланысты. Бұл оқыту формасының мәні: бір оқу жылында жас шамалары, білім дәрежесі әр түрлі, құрамы тұрақты емес оқушыларды жылдың қай мезгілінде болмасын оқуға қабылдап отырған. 200- 300 немес 600 – ден аса оқушыларды мұғалім сатылап оқытуды ұйымдастырған. Түске дейцін ересектерді оқытса, түстен кейін олар өз кезегінде жасы кіші оқушыларға өздерінің мұғалімнен алған білімдерін үйреткен.
ХІХ ғасырдың аяғында таңдамалы оқыту деген формалар пайда болды. Олар АҚШ- тағы Батовтіқ жүйе және Еуропадағы Мангеймдік жүйе. Батовтік жүйеде мұғалім уақыты екіге бөлінді: біріншісінде сыныппен ұжымдық жұмыс жүргізілсе, екіншісінде оқушыларға оқу материалын меңгеруде жеке көмек жасалды. Жоғары сыныптарда оқушылар мұғалімнің көмекшісі боды. Мангеймдік жүйеде оқушылар қабілеттері мен үлгерім бойныша күшті, орташа, әлсіз сыныптарға бөлініп оқытылды.
1905 жылы жекелеп оқыту жүйесін амарикандық қала – Дальтонда Елена Паркхерст деген мұғалім қолданып, бұл жүйе «Дальтон – жоспар» деп аталды. Бұл жүйенің ерекшелігі оқу жеке дара, әрбір оқушының өз күшімен, белгілі бір бағдарламаны бөлшектеп оқыту арқылы жүргізілді.
Кеңес мектебінің алғашқы жылдарында оқу ісінде баларадың бірлесіп атқаратын жұмысы ретінде бригадалық – зертханалық жүйесі ұсынылды. Бұл жүйе бойынша оқу сыныптары 3 – 4 тпқа бөлінді. Әр топты басқаратын бригадирлер (жақсы оқитын оқушылар мен ұйымдасытрушылық қабілеті жоғары оқушылар) белгіленді. Бригадирлер өз тобындағы оқушылардың орындаған тапсырмаларын жинақтап, мұғалімге бригада атынан жауап берді. Бригадир жауабына қарай бригада оқушыларына баға қойылды. Мұғалім тек консультант есебінде жұмыс істейді.
Сонымен, ең тұрақты және мектеп тәжірибесінде кең тараған оқытуды ұйымдастырудың сынып сабақ жүйесі болды. Ол оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. Себебі, ол ең алдымен мұғалімінің оқытатын пәннің мазмұнын жүйелі түрде баяндауына мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет