Сынып- сабақ жүйесінің ерекшеліктері:
• Оқушылар құрамы әркез тұрақты;
• Жас шамалары мен таным қабілеттері бірдей оқушылар топтасырылады;
• Жеке пәндерді тұрақты кесте бойынша оқытылады;
• Оқыту оқу жоспары, бағдарламысы және оқулықтарға негізделеді;
• Оқыту белгілі бір тұрақты мерзімде мұғалімнің басшылығымен ұйымдастырылады.
Сынып –сабақ жүйесі оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани адамгершіоік қасиеттерін, ақыл – ой қабілеттерін дамытуға жағдай жасайды. Сондай- ақ, сабақ балалардың оқу әрекетінің сыныптан тыс және үйдегі түрлеріне де бағыт – бағдар беріп, жетекшлік атқарады.
Жоғарыда оқытуды ұйымдастыру формаларының даму таризын талдай келе, біз оқытуды ұйымдастырудың анықтамасын береміз.
Оқытуды ұйымдастыру формасы - оқыту процесінің мақсаттары мен міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс - әрекетінің сыртқы көрінісі.
Сонымен, оқытуды ұйымдастыру формасы оқытудың мақсаты, міндеттері, мазмұны, әдістерінің біріңғай жүйесі болып табылады.
2 Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың негізігі формасы
Оқу жұмысын ұйымдастырудың сынып – сабақ жүйесінің ең негізгі компоненті (құрамдас бөлігі) – сабақ болып табылады.
Белгілі педагог И.П.Подласыйдың анықтауынша, «Сабақ – мазмұны, уақыты, ұйымдастырылуына қарай аяқталған оқыту үрдісінің бөлігі».
Ал И.Ф.Харламов «Сабақ- ол ұжымдық оқыту формасы, оған оқушылардың тұрақты құрамы, шектелген оқу уақыты (45 минут), алдын-ала құрылған сабақ кестесі, оқу жұмысын бір ғана материал төңірегінде ұйымдастыру тән деп анықтайды.
Сабақ бүгінгі күні ең негізгі оқытуды ұйымдасыру формасы болып табылады. Сабақ білім берушілік, тәрбиелеушілік, дамытушылық функция атқарады. Бұл функциялар әрбір сабақты жүйелі түрде жүзеге асып отыру тиіс. Сабақты тиімді, мәнді өткізу үшін оған дидактикалық, тәрбиелеушілік, дамытушылық талаптар қойылады.
Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар:
- Мақсаты айқын, мазмұны, жоспары, құрылымы болуы тиіс;
- Оқыту принциптері мен талаптарына сәйкес болуы тиіс;
- Ғылыми мазмұны оқушылардың жас және дербес ерекешеліктеріне сәйкес болуы тиіс;
- Оқу жоспары, бағдарламасына сәйкес болуы тиіс,
- Оқушылардың қызығушылығы мен ынтасын арттыру үшін әр түрлі әдістерді қолдану тиіс;
- Оқушылардың өздігінен білім алуын ұйымдастыру керек;
- Оқытудың білім беру, тәрбиелеу, дамыту қызметі біртұтастықта іске асуы тиіс;
- Сабақ кезеңдері бірізділікте, бір-бірімен байланыста болуы қажет;
- Ұжымдық іс-әрекет пен оқушылардың өздік жұмысын өзара байланыста, сәйкестікте жүргізу;
- Сабаққа дайындалу және оны өткізу мұғалімнің сыныптағы, мектептегі нақтылы жағдайды ескеруі тиіс және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |