Оқытуды ұйымдастыру формасы



бет6/7
Дата15.12.2022
өлшемі96,5 Kb.
#162906
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
PRAKTIKA OTChET (1) (копия), Entry test Grade 2, Задание № 1, Блок древние люди и становление кочевой цивилизации, ПРОГРАММА МАГ.РУСС, 9
Конференция - кейбір тақырыптарды тереңірек меңгеру үшін, оның ғылыми дәрежесін көтеру мақсатында ұйымдастырылатын оқыту формасы.
Пәндік үйірме - мазмұны, ұйымдастыру тәсілі мен уақыт өлшемі тұрғысынан өзіндік ерекшелігі бар, оқушылардың қызығушылығы мен пәндік бейімділігін дамытуға бағытталған оқытуды ұйымдастыру формасы.
Сынақ - бағдарламыдағы теориялық білімдерді күшейту, бекіту және оқыту процесінде оқушылардың жоғары белсенділіктерін, жауапкершілігін, дербестігін орнықтыру мақсатында жүргізілетін оқыту формасы.
Үй жұмысы - сыныптағы өткен сабақтың үйдегі жалғасы, оқушылардың өз бетінше орындайтын оқыту формасы. Оқушылардың үй жұмысы сыныптағы оқу жұмысымен жалғасып, толықтырылып отыруы керек, бұл оқушылардың білімдерінің терең және берік болуын қамтамасыз етеді. Үй жұмысын күнделікті орындау барысында оқушының дербестігі, ойлау қабілеті артып, өздігінен жүйелі білім алуға дағдыланады. Сабақта алған білімдерін өзіндік еңбекте қодана білуге, өзін- өзі бақылау және кітаппен жұмыс істей білу тәсілдерін меңгереді.
Үй жұмысын дұрыс ұйымдастырудың шарттары:
1) тиімді орындау туралы нұсқау беру;
2) үй тапсырмасы оқушының қызығушылығын оятуы тиіс, ол өмірмен, тәжірибемен байланысты болуы ьтиіс;
3) үй жұмысы шығармашылық сипатта болуы тиіс;
4) үй жұмысын орындау жолын түсіндіру керек;
5) үй тапсырмалары оқушының жас және дербес ерекшеліктеріне, ойлау қабілетіне сәйкес болуы тиіс;
6) үй тапсырмасын тексеру және бағалау барысында оның жақсы жәәне нашар жақтарына назар аударту керек;
7) тапсырмаға әділетті баға қою керек;
8) мұғалімнің бағалауы мен өзін өзі бағалауды ұштастырып отыру қажет.
Үй жұмысын орындаудың ұзақтығы оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкес әр түрлі болып келеді: 1,2 сыныптарда - 1 сағат; 3, 4 сыныптарда - 1,5 сағат; 5 - 8 сыныптарда - 2 сағат; 9 -11 сыныптарда 3 сағат болуы тиіс.
4 Мұғалімнің сабаққа дайындалуы және сабақта оқушылардың әректін ұйымдастыру формалары
Мектептің аса жауапты міндеті – оқушыларды ғылым негіздерімен берік және терең қаруландыру, табанды және жемісті білім алуға оқушылардың ынтасын арттыру, оларды өздерінің алған білімдерін практикада қолдана білуге үйрету және дағдыландыру болса, осы орайда мұғалімнің жауапкершілігі, оның сабақтар жүйесіне даярлануының оқу жұмысын ұйымдастыру үшін аса зор мәні бар. Жақсы жоспарланған, мұғалімнің нәтижелі даярлығын бейнелейтін сабақ – сыныптағы оқу жұмысын ойдағыдай өткізудің ең жақсы кепілі болады.
Сабаққа мұқият дайындалу, оның мазмұны мен ұйымдастыру әдістемесін ойластыру жұмысын әр бір мұғалім өзімнің ең басты міндетім деп сезінуі тиіс.
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы – аса жауапты іс. Мұғалім өзі оқытатын пәнді қанша жақсы білгенімен, егер ол сабақтар жүйесі жөнінде тыңғылықты жұмыс істемесе және әр сабаққа жеке даярланып отырмаса, оның сабақ беруінде ірі кемшіліктер болмақ.
Әр мұғалімнің сабаққа дайындалуы жөніндегі талап педагогикалық процестің күрделілігінен туады. Соған сәйкес мұғалімнің сабаққа әзірленуі барысында төмендегідей сұрақтарға жауап беруі керек:
1. Сабақтың мақсаты қандай.
2. Оқушылар қандай жаңа білімдер алуы қажет және олар практика жүзінде нені үйренеді.
3. Сабақта айтылатын ойдың бастысы қайсы.
4. Бұл ой қандай жүйемен баяндалмақ.
5. Олар қандай жолмен негізделмек.
6. Қандай қорытындылар керек.
7. Сабақта қандай әдістер және көрнекі құралдар пайдаланылмақ.
8. Оқушылардың білімін тексеру үшін оларға қандай бақылау сұрақтарын беру керек.
9. Оқушылар алған білімдерін пысықтау және практикада қолдану мақсатында қандай жаттығулар беру керек.
10. Үй тапсырмасына нені беруге болады және оны қалай тапсыру керек.
Озық тәжірибелі мұғалімдер сабаққа белгілі бір тиянақты жүйемен дайындалады. Ол төмендегідей кезеңдерден тұрады:
- алдағы оқу тоқсанына оқу материалын жоспарлау;
- өтілген сабақтың табыстары мен кемшіліктерін есепке ала отырып, келесі тақырыпты белгілеу;
- кезекті сабақтың жоспарын жасау.
Оқу жұмысының мазмұнын ойластырып алу – сыныпта оқу материалын өтудің бірізділігі жөнінде айқын да анық түсінік құрып алу деген сөз. Сондықтан мұғалімнің оқу бағдарламасымен жүргізетін жұмысы оларға оқу тоқсанына белгіленген материалдың өтуін қысқаша жоспарлап алу болып табылады.
Мектепте оқу материалы әр бір жарты жыл бойынша жоспарланады. Мұндай жоспардың түрін күнтізбелік жоспар деп атайды. Күнтізбелік жоспар жүйесіне белгілі бір тоқсан ішінде өтетін тақырыптар енгізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет