Ойын арқылы балалардың сөздік корын дамыту жолдары



Дата21.12.2022
өлшемі0,63 Mb.
#163789
Байланысты:
Кажкенова Динара ДОиВк211уск-Дене шынықтыру
Мектепке дейінгі мекемеде денсаулық сақтау технологиясын пайдалану, Ояну жаттығулар кешені

Тақырыбы: 6-тарау Ересектер тобы (5 жастан 6 жасқа дейін)


Орындаған: Кажкенова Динара ДОиВК 211уск тобының студенті

"Денсаулық" білім беру саласының базалық мазмұны дене шынықтыру, қауіпсіз мінез-құлық негіздері ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.

"Денсаулық" білім беру саласы
Денсаулық сақтау технологиясын қолданып, ойындар мен жаттығулар арқылы денешынықтыруға қызығушылықты, қауіпсіз мінез-құлық негіздерін қалыптастыру болып табылады.
Міндеттері:
дене сапаларын қалыптастыру;
негізгі қимылдарды жетілдіру арқылы балалардың қимыл тәжірибелерін байыту;
балалардың дене қалыптарының дұрыс дамуына, қимылдарының үйлесімділігіне, жалпақ табандылықтың аладын-алуға медициналық- педагогикалық бақылау жүргізу.
шығармашылық, танымдық және сөйлеу қабілеттерін дене шынықтырудың түрлі нысандарында дамыту;
тұрмыста, көшеде, табиғат жағдайларында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларына жаттықтыру;

Негізгі қимылдар


1) жүру: Сапта бір қатармен, аяқтың ұшымен, өкшемен жүру; тізеден бүгілген аяқты жоғары көтеру, заттарды аттап өту, түрлі қарқында, тәрбиешінің белгісімен тоқтау, қозғалыс бағытын өзгерту, шашырап, заттар арасымен, адымдап алға қарай жүру, қадамды алмастыра жүру. Жүру мен жүгіруді қайталап кезектестіру;
2) жүгіру: шашырап; жұптасып, бір қатармен, заттарды аттап, бір сызыққа қойылған заттар арасымен "жыланша" ирелеңдеп, кедергілерден өту арқылы, табиғи жағдайларда кедергілерден өту арқылы, түрлі жылдамдықпен – баяу, жылдам, орташа қарқынмен 1,5–2 мин тоқтаусыз жүгіру;
3) секіру: бір орында тұрып, алға қарай 3–4 м қашықтыққа жылжу арқылы секіру, тізенің арасына қапшықты қысып, қос аяқтап; түзу бағытта (арақашықтығы 6 м); қос аяқтап заттар арасымен (арақашықтығы 4 м), оң және сол аяқтарымен кезектесіп заттар арасымен (арақашықтығы 3 м), орнынан биіктікке, арқаннан, сызықтан аттап секіру, оң және сол аяғын кезектестіріп секіру, биіктіктен секіру, 20 см дейінгі биіктіктікке секіру;
4) лақтыру, қағып алу, домалату: қос қолмен допты жоғары, жіптің үстінен лақтыру, допты еденнен ыршытып жоғары лақтырып, қос қолмен қағып алу (4–5 рет), допты бір қатарға қойылған заттар арасымен домалату, допты қабырғаға ұрып және еденнен ыршытып қос қолмен қағып алу, 2–2,5 м арақашықтықтағы нысанаға құм салынған қапшықты, асықты дәлдеп лақтыру,
5) еңбектеу, өрмелеу. Биіктігі 40 см жіптің астынан қолды еденге тигізбей, бүйірімен еңбектеу, гимнастикалық орындық үстінде ішпен еңбектеу, көлбеу басқышпен өрмелеп гимнастикалық қабырғаға өтіп, сатыдан ұстай отырып қайта түсу, гимнастикалық орындық астынан еңбектеу, доға астымен еңбектеу (биіктігі 50 см), доғаның астымен қолына допты ұстап еңбектеу (биіктігі 50 см), құрсаудың ішіне кіру(биіктігі 50 см), көлбеу басқышқа шығу, доғаның астымен төрт тағандап, допты басымен итеріп еңбектеу,
6) тепе-теңдікті сақтау. Заттардан аттап жүру, шектелген беткей үстімен адымдап, аяқ ұшымен жүру, орындық үстімен текшелерден аттап, қосалқы қадаммен арқан бойымен (өкшені арқанға, аяқ ұшын еденге), әр қадам сайын допты алдынан немесе артынан қолдан-қолға ауыстыра отырып орындық үстімен, кедір-бұдыр тақтай үстімен жүру;
7) сапқа тұру, сап құрылымын өзгертіп қайта тұру. Сапқа бір, екі, үш қатармен тұру, сап түзеуден бір және екі, үш қатармен қайта тұру, бір орында және қимыл үстінде оңға, солға бұрылу, қатарда – қолды алға, сап түзеп жүргенде және шеңбер жасағанда – қолды жан-жаққа созып тік тұру; оңға, солға бұрылу, тұрған орнында айналу.

Музыкалық-ырғақтық қимылдар..


Музыка ырғағына сәйкес түрлі қарқында қимылдар жасау.
Өздеріне таныс дене жаттығуларын музыка әуенімен әсем де, ырғақты етіп орындау.
Аяқты өкшеге кезектестіріп қойып, топылдату.
Бір қырымен тізе бүге отырып жүру.
Қарапайым музыка ырғағына сай қолды шапалақтау.
Түзу бағытта шоқырақтап жүру
Жұптасып, шеңбер бойымен қозғалу

Қауіпсіз мінез-құлық негіздері
1) адамның дене құрылысы, оның маңызды мүшелері туралы білімдерін, жұқпалы аурулар туралы, аурулардың алдын алудың негізгі шаралары туралы түсініктерін қалыптастыру;
2) негізгі азық-түлік тағамдары туралы білімдерін кеңейту. Үйде, көшеде, қоғамдық орындарда кейбір қауіпсіздік ережелерімен таныстыру;
3) өзінің және басқа балалардың ауырғанын сезінген жағдайда ересектерден көмек сұрауға үйрету.
Назарларыңызға
көп көп рахмет !!!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет