Мазмұны
Кіріспе
1.Балаларды саналы тәртіпке тәрбиелеудің теориялық негізі
1.1Саналы тәртіпке тәрбиелеу әдістері мен негіздері.
1.2 Баланың мінез-құлық мотивтерін дамыту және өзінің санасынын қалыптастыру.
1.3Саналы тәртіпке тәрбиелеудегі оқушылардың жасы мен дара ерекшеліктерін ескеру.
1.4 Адамгершілік саналы тәртіпке тәрбиелеу
2.Тәжірибелік бөлім
2.1 Оқушыларды саналы тәртіпті тәрбиелеу және ата-аналармен жұмыс
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе Өсіп келе жатқан адамды тәрбиелеу дамыған тұлғаны қалыптастыру ретінде қазіргі қоғамның басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Н.Ә.Назарбаевтың жолдауында Біз бүкіл елімізде стандарттар деңгейіне сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз деген болатын. Сондықтан да бүгінгі өскелең уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру мәселесі толассыз, үздіксіз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге қатар жүрері анық. Ойын баланың кез-келген пәнге қызығушылығын оятып, болжау қабілетін дамытады. Баланы жас кезінен бастап жақсы мінез-құлыққа, әсіресе мейірімділікке, инабаттылыққа, жасы үлкенді және бірін-бірі сыйлауға үйрету ата-аналар, ұстаздар мен тәрбиешінің бірден-бір қасиетті міндеті[1].
Тақырыптың өзектілігі:Тәрбие-баланы әлеуметтендірудің екінші жағы, оларға адамдық өмірлік тәжірибе алу. Адамның танымдық үрдісінің қалыптасуы, оның білім, білік және дағды алу қабілеті назар аударатын оқытудан айырмашылығы, тәрбиелеу адамды тұлға ретінде қалыптастыруға, оның әлемге, қоғамға, адамдарға деген қарым- қатынасына бағытталған.
Бүгінгі таңда бала тәбиелеуде біздің мұғалімдер мен ата-аналарды толғандыратын мәселе - жасөспірімдерді жаман қылықтан сақтандырып, өмірдегі өз орнын, өз жолын жаңылмай табатын көздеген мақсаты үшін күресе білетін талантты да табанды ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Осы орайда бала тәрбиесін қалай жүргізуге болады? Олардың қателіксіз тіршілік етуі үшін мінсіз тәрбие беру жолдары қандай? Оларды саналы тәртіпке және мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеуді қалай жүзеге асыруға болады деген сұрақтар туындайды.
Саналы тәртіп оқушыларға ата-аналармен , оқушылар ұйымымен, жұртшылықпен мектеп жасайтын тәрбиелік ықпалдылық нәтижесі болып табылады. Сонымен бірге оқушылардың саналы тәртібі үшін сабақтың табыстылығы, мектепте қатаң режим мен тәртіптің болуын қамтамасыз ету - өте қажетті міндетті шарт.Мектепте бекітілген оқушыларға арналған ереженің де мәні зор. Оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеу жөніндегі жұмыстарды жақсартуға олардың мінез-құлқын бағалау және оқудағы , қоғамдық жұмыстарды атқарудағы табыстарын мадақтап отырудың мәні зор. Бұл бағытта оқушылардың саналы тәртіп пен мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеуді жақсарту педагогтардың бірінші кезектегі міндеті.
Курстық жұмыстың мақсаты: балаларды саналы тәртіпке тәрбиелеуді талжау болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1.Саналы тәртіпке тәрбиелеу әдістері мен негіздерін сиапттау;
2.Балаларды саналы тәрбиелеуде үш қағидатты талдау;
3.Баланың мінез-құлық мотивтерін дамыту және өзінің санасынын қалыптастыру.
Зерттеу пәні: Педагогика
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, теориялық және практикалық бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.