ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Silkway ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ «ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫ Орындаған: Абдигулова Жұлдыз Мамандығы:Дефектология Нұр-Сұлтан 2020 жыл Дизартрик балаларды тексеру
Балаларды дизартриядан сақтандыру.
Дизартриясы бар балаларды тексеру
Дизартриядан сақтандыру шаралары
І кезең –жүктілік кезінде , босанғаннан кейін баланың дамуына ешқандай кедергілер болмауы тиіс.
ІІ – кезең-дизартриясы бар балаларда сөйлеу тілінің дыбыстық жағының жетілмеуі салдарынан оқу және жазу бұзылыстары кездеседі. Сол себепті дислексия мен дисграфияны түзету жұмысы жүргізіледі
ІІІ-кезең-бұл деңгейдегі сақтандыру шаралары жасөспірімдердің ары қарай оқуына , кәсіби бағдарлауына байланысты
Мамандар туғаннан кейінгі 8-12 апта мөлшерін ең қауіпті кезең деп санайды. Сол себепті аналар осы кезеңде нәрестеге ерекше көңіл бөлу қажет. Дизартриясы бар балалардың бұлшықеттер тонусы мен қимылын дамытумен қатар , тактильді сезінуін дамыту қажет.
Бірінші жылдан бастап , баланың сөйлеу тілі түсінігін дамыту өте маңызды. Күніне бірнеше рет 10-15 минут нәрестемен қатынас жасаған тиімді.Сөйлеу функциясын дамыту барысында балаларды қысқа, ырғақты өлең , тақпақтарды естіп , қайталауға үйрету керек.Бұл жаттығулардың мақсаты – дауыс реакцияларын , тыныс алу , аяқ – қолдың қимылымен бірге сәйкестендіру болып табылады.
Дизартриясы бар балаларды диагностикалық тексеру жұмыстары
ЭЭГ (электроэнцефалограмма)- бас миының нервтік жүйесін тексеру
КТ немесе МРТ – бас миын тексеру
Жалпы анализ тапсыру
Жұлын миының - суын,инфекциялық ауруын және ракты тексеру
Нервопсихологиялық тексеру – баланың сөзді түсінуін тексеру және оқу мен жазуын тексеру
1. Анамнез жинау.Аналарға арналған анкета бойынша жүктіліктің өтуі , ананың денсаулығы , ауыруы ,тууы диспансерлік санақта тұруы , баланың моторлық дамуы , сөйлеу тілінің түсініктілік деңгейі жайлы мағлұматтар жиналады
2.Артикуляциялық аппаратты тексеру
3.Артикуляциялық аппараттың қимылын тексеру
Дизартриясы бар балаларды тексеру 4.Сөйлеу тілінің фонетикалық , лексикалық – грамматикалық жағын тексеру
5.Сөйлеу тілінің просодикалық жағын тексеру.
6.Фонематикалық қабылдауын тексеру
7. Жазу мен оқуын тексеру
Дизартриясы бар балаларды тексеру 8.Моторлы және сенсорлы функцияларын тексеру
9.Динамикалық праксисті дамыту
10. Кеңістік праксисті тексеру
11.Ырғақтылықты сезінуін дамыту
Дизартрияға шалдыққан баламен жүргізілетін жұмысты 3 кезеңге бөлуге болады:
Бірінші кезеңнің міндеттері: қимыл –қозғалыстың статикасын тәрбиелеу , қол – аяқ қимылының қозғалысын дамыту
Екінші кезеңде баланың қол , аяқ , қолдың басына , саусақтарына арналған қозғалыс ойындары ұсынылады; доп , таяқ қолданылатын жаттығулар.
Үшінші кезеңде логопедиялық жұмыстың қимыл –қозғалыс дағдыларының бекітілуі іске асады.Бұл мақсатпен ән қосылған ойындар, драматизациялар өткізіледі
Балаларда қозғалыстың тұрақты болуын қалыптастыру үшін аяғын сызықтың ортасына жақын қою , аяғын көтеруіне арналған жаттығулар қолданады.
Дизартриясы бар баланың жүгіруін жақсарту процесінде балалар қимыл – қозғалысқа динамикалық мәнерін беруді үйренеді.
Назарларыңызға рахмет!