Орындаған: Ибрагим Сымбат, мкм 20-1 Тексерген: Садибеков Ермек Алматы, 2021 ж



Дата08.02.2022
өлшемі64,48 Kb.
#122604
Байланысты:
Ибрагим Сымбат политология
my prof, my prof, c443d75a-c9c9-4af2-8c38-aee9fec78b99

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті



Факультеті «Механика-математика факультеті»
Кафедрасы «Математикалық және компьютерлік модельдеу»

СӨЖ
Тақырыбы: «Белгілі бір саяси ойшылдың саяси идеяларына сараптама»
Орындаған:Ибрагим Сымбат, МКМ 20-1
Тексерген:Садибеков Ермек

Алматы, 2021 ж
Белгілі француз ағартушысы, әйгілі тарихшы Виктор Кузен “Адам билікті тек адамдарға қызмет ету арқылы ала алады, ешқандай басқа жол жоқ” осылай деп тұжырым жасаған.
Жалпы билік дегеніміз не? Билік қарапайым халыққа үстемдік көрсете алады, қарсы шықсаң, шарасызсың деген бұрыннан қалыптасып қалған ойды, меніңше, жоятын кез келді. Себебі, билік біз ойлағандай негативті дүние емес, және оның қарапайым халықтан ешқандай ерекшеленіп тұрған құдіреті жоқ, біз соны түсініп, сол шындықты қабылдай білуіміз керек.
Адам билікті тек адамдарға қызмет ету арқылы ғана ала алады деген оймен өзім толықтай келісемін. Ал егер кері жағдайлар орын алып жатса, онда оған жауапты билік басындағылар емес, кәдімгі қарапайым халық. Себебі кез-келген мемлекеттің конституциясында, дәлірек айтқанда, Қазақстан Республикасының Ата Заңында нақты жазылған: “Негізгі билік- халық”. Яғни, біз билік туралы түсінігімізді өзгертсек, билік басындағылар да бір ретке келеді. Халықтың ауызбіршілігі берік, бір түйінге тоқтай алатын, бір адамдай болса, онда билік басындағылардың халық тілегін орындаудан басқа амалы болмайды. Сол кезде олардың еш үстемдігі жоқ, халыққа қызмет етуші жұмыскерлер екенін түсінер едік. Иә, олардың мемлекет алдындағы міндеті мен парызы – тек халық игілігі үшін қызмет, тер төгу. Ал халық керісінше ойлайды, олар заң шығарады, өз бетінше тәртіп орнатады, ал біз үнсіз бағынуымыз керек. Дәл қазір мен билік басындағылардікі дұрыс емес, оларға қарсы шығу керек демеймін, тек халыққа пайдасы жоқ кейбір шешімдерге үнсіз көнуіміз міндетті емес дегім келеді. Осы сәтте мынадай сұрақ туындауы мүмкін: “Халық дәл солай қарсы шығып, митингтер болған кезде, ол неге заңсыз деп есептелінді? Неге ол кезде митингке шыққандар жазаланып, олардың тілегі орындалмайды?”. Өйткені, ел басқарушылар жалпы халық үшін шешім қабылдайды, демек, барша жұртты қанағаттандырып отырған шешім, бірен-саран адам үшін өзгертіле алмайды, сонымен қатар, ол жиналған адамдар жай ғана халық арасында тұрақсыздық орнатушылар болуы мүмкін. Сондықтан митингке шыққандарды аяп, билік басындағыларды себепсіз жек көру, менің жеке пікірім, қисынға келмейтін дүние. Ал егер барша жұрт қарсы болса, онда барша жұрт бірігіп, батылдық көрсетіп, қарсылығын білдіру керек. Бұл жағдайда ешқандай билік дәрменсіз! Тым болмаса, оларға түсінуге себеп туындата аламыз.
“ Билік” сөзін тура мағынасын ашатын болсақ, “төрелік”, “қазылық” деген мағынаны білдіреді. Яғни қаншама халықтың әрқайсысын тыңдай отырып, барлығына тиімді шешім қабылдау, бір тоқтамға келу, ішкі-сыртқы мәселелердің Отан үшін тиімді жақтарын іздестіру – бұл жоғарғы жақтың қызметі. Және тек осы қабілеті үшін ол халық үшін шешім қабылдайды, тек осы қасиеті үшін сәл де болсын үстемдік берілген, шешім қабылдау құқығы берілген. Кері жағдайда, яғни халық үшін еңбек етпеген жағдайда немесе халық игілігіне қызмет қылмаған жағдайда оның билікке деген еш үміті болмауы керек, билік басына келуге мүмкіндігі де, жолы да болмауы заң.
Оның барлығын елемей, басқа жолмен билікке қолы жетті дегенімен, білімі де, тәжірибесі де, ел айнасы бола алатындай қабілеті де, өнері де болмаса, ол сол орында қаншалықты ұзақ тұра алады? Пайдасы жоқ адам қай заманда да ешкімге керек болмаған, қазіргі заманда тіптен, ешкім ұстай қоймас. Ол былай тұрсын, шамасы келмесе, өзі де ұзаққа шыдай алмайды. Көбелек қанаты пайда бола салып, ұшып кетпейді, біраз еңбектенеді, шынығады, содан кейін өмірге көзін ашады. Дәл сол сияқты қаншама халықты басқарып, әрқайсысының көңілін табу, дұрыс шешім қабылдай білу – үлкен өнер. Ал сол өнерді меңгермей, халыққа еңбегі сіңбей, оңай жолмен тәтті өмір кешемін деген – ақымақтық.
Қорыта келгенде, В. Кузеннің осы бір саяси ойымен толықтай келісемін. Жалпы айтқанда бұл ой қысқа ғана болғанымен, мағынасы өте тереңде жатыр. Билік деген маңызды орынға жету, халықты басқару және сол жолдағы жауапкершілікті сезіну оңай іс емес екенін әрбір азамат түсінсе екен.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет