Қысқа қашықтыққа жүгіру Жоспар: Қысқа қашықтыққа жүгірудің сипаттамасы Тарихи мәліметтер



бет1/6
Дата07.02.2022
өлшемі171,44 Kb.
#83564
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
қысқа қашықтыққа жүгіру


Қысқа қашықтыққа жүгіру


Жоспар:
1)Қысқа қашықтыққа жүгірудің сипаттамасы
2)Тарихи мәліметтер
3) Қашықтық бойы жүгіру


Қысқа қашықтыққа жүгірудің сипаттамасы

Қысқа қашықтыққа жүгіру неғұрлым қарқындылықпен орындалатын циклдің жаттығулар түріне жатады. Спринтрлік жүгіріске тек 100,200,400 м ғана емес, сондай-ақ қыста жеңіл атлетикалық манежде өткізілетін 30,50,60 , 300 м секілді қысқа қашықтықтағы жүгіріс те жатады.


Тұтас қозғалыс - жүгіру адымы тіреу және ұшу фазасынан тұрады. Тіреу мен тірексіз қалыптардың кезектесуі жүгірудің ерекшелігі болып табылады. Сондай-ақ жүгіру жылдамдығы жүруші адымының алшақтығы мен жиілігіне сәйкес болады. Жылдам жүгірістің ұзақтығы қозғалыстың шапшаңдығы мен қарқынына байланысты. Жылдамдық өскен сайын жүгіруші қозғалысы демалуымен салыстырмалы түрде алғандағы фаза ұзақтығы төмендейді, нәтижесінде - қозғалыс еркіндігіне тәуелді болатын жылдам жүгірістің сақтау мүмкіншілігі төмендейді. Және де спринте жақсы нәтижеге жету үшін спортшының бойы мен салмағы шешуші роль атқармайды. Бүған жеңіл атлетиканың даму тарихы куә. Ірі халықаралық сайыстарда жоғары спорттық жетістіктерге қол жеткізген Дж Оуенс (1), А.Мерчисон, Р.Хейес, А.Хари, К.Льюис, В.Борзов, А.Корнелюк, В.Муравьев, В.Савин және тағы басқа да қысқа қашықтыққа жүгіретін спортшылардың бойы, салмағы, дене бітімі жағынан өзара айтарлықтай ерекшеліктері болған.Ал жерлестеріміз Әмин Тұяқов пен ҒұсманҚосанов жарыс жолына шыққан күндері спорт әуесқойлары жандарын шүберекке түйіп жүрді десекте артық болмас.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет