Орындаған: Назарханова Жансая ээ-19-3 Тексерген: Тоқбаева Лариса Философия қандай



Дата06.02.2022
өлшемі445,76 Kb.
#79493
Байланысты:
Презентация Microsoft Office PowerPoint

Орындаған: Назарханова Жансая ЭЭ-19-3 Тексерген: Тоқбаева Лариса

Философия қандай

ғылым?


Философия (грек сөзі: φιλοσοφία; грек сөздерінен шыққан: φιλία - тарту, сүю, ұмтылу; σοφία - даналық).
Философия – ерекше ғылым. Оның пәрмені мен мәні дүниеге көзқарасы мен методологиясында. Ол ұлттық шеңберде немесе белгілі бір ағым аясында тұйықталып қалмайды. Философия – қашанда бүкіл адамзат табысы, баршаға ортақ рухани жеміс, әлемдік өркениеттің, рухани мәдениетінің ажырамас бөлігі. Философия – дүниеге көзқарас қалыптастыратын ғылым. Қандай да бір адам болмасын, ол дүниеге белгілі бір көзқарассыз өмір сүрмейді. Өмірді танып, білу арқылы адам белгілі қорытындыға келеді: қабылдайды, теріске шығарады, қолдайды, ұнатпайды, т.б. Міне философияның методологиялық, дүниеге көзқарастық рөлі деп осыны айтамыз.

Философия – адамзат дамуының қайнарынан бастау алатын ғылым. Ол біздің заманымызға дейінгі мыңжылдықтың басында дүниеге келді. Сол кезден бастап ол үнемі даму үстінде. Адам баласының ой – өрісі кеңейген сайын философия да тереңдей түсті. Философияны дінге жақын, өйткені ол дін сияқты догмаға сүйенеді дейтіндер де бар. Бірақ ол дін емес. Дегенмен, философия нақты фактілерге жүгінеді. Сондықтан философия басқа ғылымдар сияқты қашанда обьективтік факторларға сүйенеді. Басқа ғылымдар сияқты оның заңдары мен категориялары бар. Философия – дін мен ғылым екеуінің арасындағы дәнекер дейтін көзқарас та кездеседі.

  • Философия – адамзат дамуының қайнарынан бастау алатын ғылым. Ол біздің заманымызға дейінгі мыңжылдықтың басында дүниеге келді. Сол кезден бастап ол үнемі даму үстінде. Адам баласының ой – өрісі кеңейген сайын философия да тереңдей түсті. Философияны дінге жақын, өйткені ол дін сияқты догмаға сүйенеді дейтіндер де бар. Бірақ ол дін емес. Дегенмен, философия нақты фактілерге жүгінеді. Сондықтан философия басқа ғылымдар сияқты қашанда обьективтік факторларға сүйенеді. Басқа ғылымдар сияқты оның заңдары мен категориялары бар. Философия – дін мен ғылым екеуінің арасындағы дәнекер дейтін көзқарас та кездеседі.
  • Дегенмен, Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми мұрасында философия және дін арасындағы қатынас мәселесіне айрықша көңіл бөлінеді. Философтың бұл тақырыпқа арналған 1975 жылы Алматыда басылған «Дін туралы трактат» (әл-Миллә) атты еңбегі сол кездегі саяси билік тарапынан негізсіз тыйым салынып, қолдану аясынан алынып тасталған еді. Аталмыш трактат сол жылы жарық көрген «Возвращение учителя. О жизни и творчестве Фараби» атты кітаптың құрамында жарияланған еді.

Әрине, философия - өз алдында ғылым. Ол, ең алдымен, дүниетанымдық, теориялық, методологиялық ғылым. Философия бүкіл әлемді, оның басты салалары – табиғат, қоғам, адам санасын тұтас құбылыс ретінде алып, оның жалпы заңдылықтарын ашады, обьективтік шындық жөніндегі белгілі қағидалар жүйесін қалыптастырады. Сол мақсатқа жетуде ол басқа ғылымдар сияқты қоғам тарихында өз орны бар ғылым ретінде өмір сүреді.

  • Әрине, философия - өз алдында ғылым. Ол, ең алдымен, дүниетанымдық, теориялық, методологиялық ғылым. Философия бүкіл әлемді, оның басты салалары – табиғат, қоғам, адам санасын тұтас құбылыс ретінде алып, оның жалпы заңдылықтарын ашады, обьективтік шындық жөніндегі белгілі қағидалар жүйесін қалыптастырады. Сол мақсатқа жетуде ол басқа ғылымдар сияқты қоғам тарихында өз орны бар ғылым ретінде өмір сүреді.

Назарларыңызға рахмет!

  • Назарларыңызға рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет