Сұйық отынның жану және жарылысын зерттеу және берілген бастапқы жағдайда жану камерасына енгізілген массаға байланысты күйенің шығарылуы және КИВА-II компьютерлік бағдарламасын қолдану арқылы жанудың оңтайлы режимін анықтау.
1.Кіріспе
2.Формулалар
3.Зертханалық жұмысты жасау барысы
4.Әр түрлі массадағы сұйық отынның жану және жарылыс құбылысы
Жану адамзат игерген алғашқы күрделі техникалық процесс болып табылады.Біз бұл жұмыста сұйық отынның жану процесін қарастырамыз. Сұйық отын үнемі бу фазасында жанады. Мұнда сұйық отынның қайнау температурасы бірнеше жүз градустан аспайды,ал жалын температурасы жоғары болады.Сұйық отын алдымен буға айналып, содан кейін бу фазасында тұтанып,күйіп кетеді.
Cұйық отынның жану ерекшелігі-стационар еместігі.Сұйық және газтәрізді температуралық өрістегі бос беттен ауысатын сұйықтың жануы.
Жұмыста кинетика глобальді химиялық модельді қолдану арқылы анықталады.Осы модель бойынша отынның жануының химиялық реакциясының жалпы түрі:
Жұмыста кинетика глобальді химиялық модельді қолдану арқылы анықталады.Осы модель бойынша отынның жануының химиялық реакциясының жалпы түрі:
Жұмысты жасау барысы
Жану камерасы R=2 см,Н=15 см болатын ауамен толтырылған цилиндр.T=900 K,P=32 Бара.
Сұйық отын төменгі бөліктің ортасында орналасқан дөңгелек саптама арқылы жану камерасына айдалады.Айдалған отын буға айналып,тотықтырғышпен араласады.Содан кейін жану газдық фазада орын алады.Бұл процесстің орындалуы 4мс аспайды.
Бастапқы айдалатын массаны m1=0.001г “tspmas” жолына енгіземіз.
Өзгерістерді сақтаған кезде бізге 3 файл жүктеледі.Сол жерден есептің дұрыстығын тексереміз,ол үшін «Out»файлын ашқанда,соңында «NORMAL TERMINATION» шығу керек.
Осылайша тапсырманы 5 масса үшін орындаймыз.
Particle.plt» файлы арқылы TecPlot 7 программасымен газ бөлшектерінің радиусының графиктерін аламыз