Орыс халқының «Үйшік» ертегісін айтып беру. Тақырыбы: «Ертегілер елінде»



Дата20.09.2023
өлшемі23,87 Kb.
#181802
Байланысты:
Орыс халқының



Орыс халқының «Үйшік» ертегісін айтып беру. Тақырыбы: «Ертегілер елінде»
Білім беру саласы: Қатынас, шығармашылық.
Бөлімдері:  Көркем әдебиет, құрастыру.

Мақсаты: Балаларды «Үйшік» ертегісімен таныстыру. Ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту. Ертегі тыңдау барысында жағымды- жағымсыз кейіпкерлердің бейнесіне еніп, олардың мінез- құлқын келтіру. Балаларды достыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта,слайдтар, тышқан, бақа, түлкі, қоян, аю суреттері және үйшік үйі, аңдар.


Шаттық шеңбер:
Үлкенге де сіз деген
Кішіге де сіз деген,
Баршаңызға құрметпен
Бас иеміз біз деген!


Тәрбиеші:
Балалар бір жылда қанша мезгіл бар?
-Төрт мезгіл бар,
Көктем ,жаз күз, қыс.
Ал қазір қай мезгіл?
-Қыс мезгілі.
Дұрыс айтасыңдар,өткен сабақты қайталадық, жарайсыңдар!
Ғажайып сәт:
Есікті қағып,хат тасыушы мен қонжық кіріп келеді.
Қолдарында сиқырлы таяқ пен ертегі кітабы және қоржын бар еді.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-Мен сендерді ертегілер еліне қонаққа келдім. Және сендерге қонаққа қонжықты ерте келдім.Сендерге сиқырлы таяқ пен ертегі кітабын ала келдім.Ертегілер еліне саяхат жасаңдар. Менің сиқырлы таяғымды дұрыс қолдана біліңдер.
Дидактикалық ойын:
«Жұмбақтың шешуін тап»
1-ші: Жұмбақтар.
Үйін жинап ертеңмен,
Миіз тауып алыпты.
Мысығы келмеген соң,
Ол өкпелеп қалыпты. «Мақта қыз бен мысық»
Бұл қай ертегі?
2-ші:
Атай өзі салғанын,
Көрді өсіп қалғанын.
Ары тартты, бері тартты,
Тарта аламады.
Бұл қай ертегі? «Шалқан»
3-ші:
Апасынан қашып кетті,
Атасынан қашып кетті.
Кездестіріп біраз аңды,
Біраз жолдан асып кетті.
Бұл қай ертегі? «Бауырсақ»

-Ал енді , балалар сиқырлы таяқ пен кітапты пайдаланып ертегі тыңдайы.


Интерактивті тақта қосылып сюжетпен ертегі көрсетіледі.

Жазық далада бір үйшік тұр. Шиқылдауық тышқан тоқтай қалып сұрайды:


— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
Ешкім үн қатпады. Тышқан үйшікке кіріп өмір сүреді. Бақылдап бақа келеді:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Ал мен, бақылдаған бақамын.
— Кел, бірге тұрайық! — деп бақа мен тышқан үйшікте бірге өмір сүреді. Секеңдеп қоян келеді. Тоқтай қалып сұрайды:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Мен,..бақылдаған бақамын.
— Ал сен кімсің?
— Мен, секеңдеген қоянмын.
— Кел, бізбен тұр!
Енді олар үшеуі үйшікте тұрады. Терезені түлкішек-әпке тоқылдатады:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Мен, бақылдаған бақамын.
— Мен, секеңдеген қоянмын.
— Ал сен кімсің?
— Мен түлкішек-әпкемін.
— Кел, бізбен тұр!
Енді олар төртеу болады.
Жүгіріп келіп есіктен сұр қасқыр сұрайды:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Мен, бақылдаған бақамын.
— Мен, секеңдеген қоянмын.
— Мен, түлкішек-әпкемін.
— Ал сен кімсің?
— Мен, сұр қасқырмын.
— Кел, бізбен тұр! Енді олар бесеу болады. Барлығы көңілді өмір сүріпті, ән айтыпты.
Бір күні қорбаңдаған аю үйшіктен шыққан дауыстарды естіп,
тоқтап айқайға салады:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Мен, бақылдаған бақамын.
— Мен, секеңдеген қоянмын.
— Мен, түлкішек-әпкемін.
— Мен, сұр қасқырмын.
— Ал сен кімсің?
— Мен, қорбаңдаған аюмын.
— Кел, бізге!
Аю кірейін-кірейін деп, кіре алмайды.
— Мен, шатырда тұрайын.
— Бізді басып қаласың.
— Жоқ, қорықпаңдар.
— Жарайды, шық.
Аю отыра қалғанда үй: «тарс» — етіп құлады.
Үйшіктен аман-есен: тышқан, бақа, қоян, түлкі, қасқыр қашып шықты. Барлығы бірігіп бөрене тасып, тақтай аралап үлкен үй салуға кірісті. Үйшіктері үлкен, биік, әдемі болып шықты!


Сергіту сәті:
Боран соғат он жақтан,
Боран соғат сол жақтан.
Қарды қолмен ұстасақ,
Су болады қоғаптар.
Дидактикалық ойын : «Дұрысын тап»
«Құрастыру» Үйшіктің суретін құрастыру.
Балаларды мадақтау және бағалау.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: ертегі кейіпкерлерін тани біледі.
Игереді: тыңдау арқылы мазмұнын игереді.
Меңгереді: ертегіні зейін қойып тыңдап, кейіпкерлердің көңіл-күйін меңгереді

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет