Қосымша 1
Жеке білімдерін тексеру:
1.Үшбұрыштың берілген төбесінен жүргізілген және осы төбеге қарсы жатқан қабырғасының ортасымен қосатын кесінді ...... деп аталады.
2.Үшбұрыштың төбесінен қарсы жатқан қабырғасы арқылы өтетін түзуге түсірілген перпендикуляр ............. деп аталады.
3. АВС үшбұрышында ВD кесіндісі АВС бұрышын тең бұрыштарға бөледі. ВD кесіндісі қалай аталады?
4.Үшбұрышқа екі медина сызылды. Суретте неше үшбұрыш бейнеленген?
1 ) 4
2) 6
3) 8
4) 12
5 . АВС үшбұрышында AD кесіндісі – медиана. BD =3 см болса, ВС қабырғасының ұзындығын тап.
1) 9 см
2) 6 см
3) 5 см
4) 3 см
6 . ВАС бұрышын анықта, егер АD – АВС үшбұрышының биссектрисасы, ВАD бұрышы 35° екені белгілі болса.
1) 35°
2) 90°
3) 70°
4) 45°
7. Биіктіктердің қиылысуы үшбұрыштан тысқары жатуы мүмкін бе?
1) иә
2) жоқ
8.Кез келген үшбұрышқа неше биіктік жүргізуге болады?
1) 4
2) 1
3) 2
4) 3
9. ВD – кесіндісі АВС үшбұрышының медианасы, ВЕ кесіндісі –DBC үшбұрышының медианасы. Егер АС – 20 см-ге тең болса, ЕС кесіндісінің ұзындығын тап?
1) 15 см
2) 10 см
3) 5 см
4) 4 см
10. АDB бұрышын тап, егер BD кесіндісі –АВС үшбұрышының биіктігі болса?
1 ) 30°
2) 60°
3) 90°
4) 120°
Өздерін-өзі бағалайды.
Бағалау критерийі:
«5»-10
«4»-8-9
«3»-6-7
Қосымша 2
1 топ
2 топ
3 топ
Қосымша 3
Тапсырма №1.
Тең бүйірлі үшбұрыштың белгісіз элементтерін табыңыз.
1 жұп
2 жұп
Қосымша 4
Т апсырма №1
Тең бүйірлі үшбұрыштың биіктігі ВD = 6 см, АВD үшбұрышының периметрі 17 см, онда АВС үшбұрышының периметрі неге тең?
Тапсырма №2
AD, CN - АВС тең бүйірлі үшбұрыштың медианалары. AD = 4 см, АВ = BC, ал ∆BCN периметрі Р = 13 см. AB табыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |