Отан қорғаушылар мерекесі. (сценарий)



бет1/2
Дата12.03.2018
өлшемі1,85 Mb.
#38494
  1   2
23 ақпан -Отан қорғаушылар мерекесі. (сценарий)
Жүргізуші: Қайырлы күн!, ардақты азаматтар, қымбатты әріптестер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,23 ақпан Отан қорғаушылар мерекесі де келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің мәні,көңілдің жыры,әр отбасының алтын қазығы. Ендеше бүгінгі мерекелік кешіміз өздеріңізге арналады.Құрметті ер-азаматтар сіздерге арналған біздің педагогтардың би-шашуын қабыл алыңыздар!
(Педагогтар әуенмен залға кіріп,би шашуын тартады.) Жүргізуші:
Жүрекке адалдықтың ескен гүлін 
Ғажайып келешектің төккен үнін
Ардақты ағаларға шын көңілден
Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін. 
Құрметті азаматтар ,біздің балабақшамыздың ер азаматтары сіздерді 23 ақпан - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбекте табыс, тілейміз – дей келе құттықтау сөз кезегін балабақшамыздың меңгерушісі Сайфуллина Т.К сөз береміз.
Жүргізуші: (Ендігі кезек ойынға беріледі.) Ойын шарты: 5 жігіт ортаға келеді.. Шардың ішінде сіздерге деген жасырылыған сұрақтар бар.Соны орындап берулеріңізді сұраймыз.
1. Ерекше тілек.
2. Өз өнерін көрсету.
3. Ән айтып беріңіз 4.Қазақша тілек айтып беріңіз 5.Би билеп беріңіз. Енді 5 жігітті өз жұптарымен бірге вальс биіне шақырамыз. Жүргізуші: Жете бер аңсап күткен тілегіңе,
Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе.
Отанның, ел-жұртыңның мақтаны бол,
Алды бол қатарыңның бұл өмірде , - деп Мейрам аға, Әділбек аға, , т ағаларды шын жүректен құттықтаймыз!, Сіздерге арналған шағын сыйлықтарымызды қабыл алыңыздар!
Өздеріңізге қонар бақтың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырағыңа шаттық орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз!,
Осымен концертіміз аяқталды. Сау-саламатта болыңыздар






Каталог: E6A169929BB04032


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет