Отбасының тәрбие әдістерін таңдау, қолдану



бет1/2
Дата20.10.2022
өлшемі19,31 Kb.
#153984
  1   2
Байланысты:
Отбасының тәрбие әдістерін таңдау


Отбасының тәрбие әдістерін таңдау, қолдану.
Тәрбие әдістерінің әрекетін, қажеттілігін, мәнін айқындайтын тәрбиенің бөлігін- тәрбие тәсілі дейміз.
Отбасының тәрбие әдістеріінің түрлері:әңгіме, ақыл айту,түсіндіру,сендіру, пікірлесу, үйрету, жаттығулар, үлгі -өнеге ,мадақтау жазалау т.б.Отбасында сөзден көрі іс арқылы тәрбиелеу маңызды. Ең тиімді әдіске үлгі -өнегені жатқызуға болады.
«Сүтпен біткен мінез, сүйекпен кетеді» деген сөз ата-ананың тәрбиесінің күштілігін көрсетеді.
«Тәрбие - табалдырықтан басталады» деген нақылдың сөзі өмірден алынған шындық.
Отбасындағы тәрбие әдістері – бұл ата-аналардың өз баласының санасы мен әрекет-қылығына педагогикалық ықпал жасаудың мақсатты көзделген жолы. Олар: әр балаға болған ықпал тұлғаның жекелеген нақты әрекет-қылығы мен ақыл-парасатына икемделуінен даралықты келеді;
Тәрбие әдістерін таңдау ата-аналардың педагогикалық мәдениетіне орайлас келіп, олардың тәрбие мақсатын тануына, өз қадір-қасиетіне құндылықтық бағыт-бағдарына, өз жанұясында орнатқан қарым-қатынасына т.б. тәуелді.
Осыдан да отбасылық тәрбие әдістері ата-аналардың тұлғалық сән-сипатымен қайнай бітіскен және олардан ажыратыла қарастырылуы мүмкін емес. Қаншама ата-ана болса, әдістер түрі де соншалықты: жылы сөзбен көндіру, қорқыту, айқайлап үркіту, мақтау мен мадақтау, қаталдық құрсауына салу және жазалау.
Әдістер ата-аналар таңдаған тәрбиелік бағыт-бағдарға тәуелді келеді: біреулері өз баласының тіл алғыштығын тәрбиелегісі келеді, осыдан олардың әдісі ересектер талабын мүлтіксіз орындатуға бағдарланады.
Екінші біреулері дербес, өз бетінше ойлай білуге негіз болар тұлғалық қасиеттерді орнықтыруды көздеп, осыған сәйкес әдістік жолдарды таңдастырып, қолданады.
Ата-аналар тәрбиесі әдістерін іріктеу мен қолдануда келесідей жалпы шарттар ескерілуі тиіс:
- Ата-аналардың өз баласының болмысын жете тануы.
- Ата-аналардың жеке тәрбиесі мен беделі, отбасында орнатқан қатынастар сипаты.
- Егер ата-аналардың тәрбиелік істерінің бағыты бірлікті келсе, іс-әрекеттер әдістері басым келеді.
- Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті, осыдан педагогиканы меңгеру, тәрбиелік ықпалдардың қыр-сырларын үйрену, тұрмыстық қажеттікке айналады.
Қазіргі заман талабына сай жас жеткіншектерге тәрбие беріп, Отанымыздың саналы азаматтары етіп тәрбиелеу – баршаның ісі. Сондықтан бала тәрбиесіне біздің елімізде үлкен көңіл бөлінеді. Бала дүниеге келгеннен кейін қоршаған ортаның әсеріне байланысты, содан соң тәрбиенің ықпалына қарай жағымды, жағымсыз мінездер қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет