Өткізген: Аманшеева Б. Т. Тақырыбы: Тіл – халықтың мұрасы. Мақсаты



Дата04.11.2023
өлшемі15,63 Kb.
#189481
Байланысты:
тіл халық мұрасы



«Тіл – халықтың мұрасы»
Ойын-сауық
«Қонжық» ересек тобы


Өткізген: Аманшеева Б.Т.

Тақырыбы: «Тіл – халықтың мұрасы.
Мақсаты: Мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі қазақ тілін ұрпақтың бойына сіңіре білуге және туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Қ.Р мемлекеттік рәміздері, шарлар, жалаушалар.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Шаттық шеңбері
Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,
Туған тілім-анам тілі-өз тілім.
Туған тілім-далам тілі-өз тілім,
Туған тілім-адам тілі-өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Балалар шеңберге тұрып, педагогпен бірге бүгінгі күндеріне сәттілік тілейді.
-Балалар жылдың неше мезгілі бар?
-Жылдың төрт мезгілі бар.
-Жаз,күз көктем,қыс
— Қазір жылдың қай мезгілі.
— Қазір жылдың күз мезгілі.
— Күз мезгілінің айларын атаңдаршы?
— Күз мезгілінің айлары қыркүйек, қазан, қараша.
— Балалар бүгін бізде мереке. Қандай мереке білесіңдер ме?
— Бүгін 22 қыркүйек тіл мерекесі.
Ана тілі-адам болып жаралғаннан бері адамның жан дүниесінің айнасы, мәңгі құрметтейтін бәйтерегі.
Балалар біздер қай елде тұрамыз? -Біздің елбасымыздың аты кім? -Біз қай тілде сөйлейміз? -Біздер қазақша тілде сөйлейміз.Біздің ұлтымыздың тілі ол-қазақ тілі.
— Тіл туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Ана тілің-арың бұл
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте
Ана тілім бал тілім
Өзің барда шалқыдым
Өз тілімде ән шырқап
Термелетіп балқыдым
Ақыл ойын дананың
Ана тілден аламын
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей анамның.
Тілім барда мақтанам.
Тілім менің аппақ ән
Бірлігімді бүгінгі
Ана тілім сақтаған.
Өсірген ой білімді
Сүйем туған тілімді
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуді
Ана тілді білмесем
Шат-шадыман күлмес ем
Жер бетінде сайраңдап
Қазақ болып жүрмес ем

-Жарайсыңдар балалар тіл туралы көптеген тақпақтар біледі екенсіңдер.
Ендеше бәріміз бірігіп ойын ойнайық.
Дидактикалық ойын: «Кім зерек?»
Ойын шарты:Тақтадан жануардың суреті беріледі. Сол суретке қарап, бала жануардың атын атап және сол жануардың төлінің атын атау керек.
-Тіл туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер.
1. Өнер алды қызыл-тіл.
2.Тіл қылыштан өткір.
3. Тіл тас жарады
Тас жармаса бас жарады.
4. Басқа пәле тілден. Балалар осы айтқан мақал-мәтелдеріңді естеріңнен шығармай үнемі жаттап жүріңдер.Жарайсыңдар балалар. Ойын: «Арқан тарту»
Қорытындылау
Осымен біздің Тіл мерекесіне арналған ойын-сауығымыз өз мәресіне жетті.Бәріңіз де жақсы атсалысып қатыстыңыздар.Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау,мадақтау.
Еркежан
Ана тілің-арың бұл
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте
Ислам Ана тілім бал тілім
Өзің барда шалқыдым
Өз тілімде ән шырқап
Термелетіп балқыдым Әли Ақыл ойын дананың
Ана тілден аламын
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей анамның.
Баймұрат Алижан Тілім барда мақтанам.
Тілім менің аппақ ән
Бірлігімді бүгінгі
Ана тілім сақтаған.
Ару: Өсірген ой білімді
Сүйем туған тілімді
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуді Сана: Ана тілді білмесем
Шат-шадыман күлмес ем
Жер бетінде сайраңдап
Қазақ болып жүрмес ем

Расул: Өнер алды қызыл-тіл.

Нурали:Тіл қылыштан өткір.

Нұрбол: Тіл тас жарады
Тас жармаса бас жарады.

Медет: Басқа пәле тілден.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет