ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
магистр оқытушы Мустафаева Б.А.
Мектеп жасына дейінгі балаларды меномотехника әдісі арқылы
мәнерлеп оқуға және жедел жаттауға үйрету
Қазақстан Республикасының президенті Қазақстан халқына жолдауында: біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол- мәңгілік ел идеясы. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың-мәңгілік қазақтың перзенті.
Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген. Бойында ұлттық сана мен психология қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру-отбасының,балабақшаның, барша халықтың міндеті. Замана алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырғавн талаптарды орындау, жаңалыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы-мектепке дейінгі ұйымдардан баслағаны орынды.
Осы орайда еркін елдің ертіңін баянды ету бағытында жүзеге асырылып жатқан саяси, әлеуметтік жағдайларды ескере отырып дайындалған білім, ғылым саласындағы ресми құжаттар тәжірибеде қолданылуда.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған бағдарламасында көрсетілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын қоғамның өзекті және перспективалы қажеттіктеріне сәйкес ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету үшін мнемотехника әдісі мектепке дейінгі ұйымдардың іс-тәжірибесінен өткізілуде.
Бала өмірінің алғашқы мектепке дейінгі кезеңі оның өсіп жетілуіне ең жауапты кезең, бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бұл кезеңде баланың ақыл-ой қабілетіғ қасиеттері және эстетикалық сезімдері қызықты, мазмұнды ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті, еңбек, ойын процесінде жан-жақты қалыптасады.
Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында «Тәрбиеші шығармашыл,қоғамда талдауы керек мәселелерді талдай алатын,бәсекеге қабілетті жеке тқлғаны қалыптастыратындай маман болуы керек» деп айтылған. Осы мақсатта тәрбиешінің алдыңғы міндеттерінің бірі- балалардың ойлау қабілеттерін қалыптастыру болса, ойын осы мәселенің шешімі.
Балаларда ойлау қабілеті мен сөйлеу қызметі бірге дамиды. Мектеп жасына дейінгі балаларды тіл мәдениетіне тәрибелеу, сөздік қорын дамыту, заттарды сипаттау, жұмбақ шешу, құрастыру, тақпақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар мен көркем шығармалар,ертегілер тыңдау, әңгімелесу баланың тілдік құзыреттілігін, қызығушылығын арттырады. Тілдің грамматикалық құрамын дұрыс қолдануды игерту болып табылады.
Бала біткенннің бәрі ес білгеннен бастап білсем, көрсем, естісем,ұстасам,алсам деп әрекет етуге ұмтылады. Бұл баланың өзін қоршаған өмірді терең де толық білуге құштарлығы.
М.Жұмабаев «Педагогика» атты еңбегінде: «Бала тәрбиесі бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым болуды тілейтің өнер»... деп тегін айтпаған. Ұстаз педагогикалық процесті қарым-қатынас, ойын, қиялдау, ой талдау құрдастары арасындағы ынтымақтастықта өткізу керек.
Қатынас білім саласындағы мақсат жан-жақты қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін ойын технологиясымен қатар меномотекст(есте сақтау қабілеті) ТРИЗ әдісін қолдауныдың тиімді жолдарын тауып, әрбір іс-әрекетті тиімді ұйымдастыруға балалардың қиялын, логикалық ойлау, салыстыру, сипаттау, сөзге сурет ойлап табу, тақпақты сурет арқылы есте сақтап, жаттауға дағдылайды.
Мектеп жасына дейінгі сәбилердің дүние танымын кеңейтіп, ойын өрәстеп, тіл байлығын жетілдіру ісінде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше. Көркем сөз өрнегін балға тыңдатып, санасына сәуле түсіру, халық қазынасының музыкалық үнінен нәр алдыру оның ең сәби шағынан, ана әлдиінен басталады.
Балаларға оқылатын шығармалар олардың ой-өрісіне, дүние танымына әсер етерліктей болу үшін мына мәселелерді мұқият ескеру керек:
Балаға әңгімелеп айтуға, оқып тындатуға, жаттап айтуға таңдалған материалдардың олардың даму деңгейіне, жас шамасына лайықты болуы. Отбасында тәрбиеленуші әрбір бөбектің күнделікті іс-әрекеті, оның неге қызығып әуестенетіні, оның алғашқы ұстазы ата-анаға белгігі.
Арнайы жинақталған суреті кітапшалар, әңгіме-ертегілердің, мақал-мәтелдердің баланың өмірден алған әсерін, білім-дағдыларын, түрлі әдет-дағдыларын айқындай түсіндіріп, тереңдете, кеңейте түсерлік дәрежеде болуы. Шығарманың баланы Отан сүйгіштікке достық, жолдастыққа, ата-анаға, айналасындағы үлкен-кішіге, ата-әжесіне сүйіспеншілікке, мейірімділікке, бауырмалдыққа, адамгершілікке, мінез-құлыққа тәрбиелейтін дәрежеде болғаны жөн. Яғни шығарманың тәрбиелік жағына баса назар аудару. Мұндайда ата-баба мұрасынан, билерден, бізге жеткен тілек-бата, өнеге-өсиет сөздерінен төмендегідей мазмұнда айтылған ақыл өсиеттерді оқып беруге болады.
Оқылатын шығарманың суреттермен көрнекі бейнеленуі, шығарма кейіпкерлерінің мінез әрекетін, көркем образда бейнелену айқындылығы, нанымдылығы, шынайылығы. Психологтардың дәлелдеуінше балалар оқиғаның басталу, даму процесіне, оның шиеленісіне, оқиғадан-оқиғаның өрістеуіне, өзгерістер мен оның болу себептеріне, шешіміне, кейіпкерлер, мінездерінің әр түрлі іс-әрекет үстінде көріну өзгешелігіне қызыға назар аударады. Оқиғаның негізгі себептері туралы ой жүгіртіп, қорытынды жасауға ынталанады. Оқиғасы бала түсінігіне дөп келетін, оған айрықша әсер туғызған шығарманы тыңдап отырғанда бала сол оқиғаға өзі араласып кеткендей әсерленетін болады.
Әдеби шығармалардың тілі жеңіл де, көркем, балаға түсінікті, олардың сөз қорын жаңа сөздермен байытатындай болуы. «Туғанда дүние есігін ашады өлең» - деп, ұлы Абай айтқандай өмірдегі бар асылын ұрпағына арнаған, оның келешегін әріден ойлап, толғанған қапысыз ұстаз халық нәрестенің дүниеге келеген сәтінен-ақ шілдехана, бесік тойы, тұсау кесу, тілашар рәсімдерін жасауды әдейі ойлап тапқан өлең-жырмен кестелеп, баланың құлағына әуен үнін жеткізе білген. Балаға арналағна өлең, өсиеттер, бата-тілектер баланың өсу, өсею кезеңдеріне қарай баспалдақтап күрделеніп отыратынына фольклорлық мұралардың өзі куәгер.
Г. Бердыбаеваның мнемотехника арқылы балаларға өлең жаттау әдісін мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының студенттеріне сабақ барысында өтілуде.
Бұл әдістің балалармен бірге тәрбиешілердің өздеріне де көп көмегі тиеді. Менің байқағаным тәрбиеші бір өлең шумағымен таныстыру үшін қатынас саласы мен бірге шығармашылық саласын да меңгереді, өйткені өлең желісі бойынша сурет салу қабілеті де ашылады.
«Оқи білу мен оқыту білу, екеуі екі түрлі деген» Міржақып Дулатов «Мұғалімдерге» деген еңбегінде. Мектепке дейінгі балаларға оқыған әдеби шығарманың мағаныасын, қасиетін сезінуге қалай үйрету керек. Әр ақын өз өлең, әңгіме тақпақтарын көрген, білген, естіген әсерінен туындап шығарған, қағаз бетіне түсірген. Ал біз оқиғаны кері өрбітеміз, тақпақты біз суретке айналдыру арқылы ойнай, ойлай,есте сақтай отырып жаттаймыз.
Мотивациялық қозғаушы кезеңінде тақпақ тақырыбында байланысты ашық алаңда әңгіме жүргізіп тақпақтың авторымен танысамыз. Мәнерлеп оқып тақпақпен танысамыз. Автордың әсерінғ сезімін, ойын сезіну үшін, не көргенін білу үшін сурет салуды ұсынамыз.
Әр сөзге сөйлемге теңеп жеке-жеке сурет ойлап табу, қиын сөздерге тоқталу, қайталау арқылы естерінде қалдырамыз.
Дидактикалық ойындар:
«Қай сурет жоқ?»
«Қай сөйлем жоқ?»
Тақпақ қатарларын буындап жәй, жылдам, әр түрлі кейіпкерлер дауысына салып, тек ұлдар, тек қыздарға айтқызамыз. Ғажайып тосын сый ретінде маркермен салынсаған суретті, түрлі-түсті суретке айналдырамыз. Әсем бейнеленген мнемосхема тақпақ баланың жаттауға деген қызығушылығын арттырады. Немқұрайлы, қамтылмай қалмаған бүлдіршін қалмайды. Жаңадан шыққан әдіс-тәсіл қолдану арқылы балалардың көркем шығарманы есте сақтап жаттауға деген ынталарының дамуына, тілдерінің машықтанғанына көз жеткізеді.
Тәрбиеші мен балаларға көрнекілік ретінде пайдалауға қолайлы. Көркем салынған сурет схема әр уақытта іліп, балаларға өз бетінше жаттауға, дарынды балалардың тәрбиеші рөлінде тұрып басқа балаларға үйретуге мүмкіндік береді.
Ойын түрінде өткен бұл әдіс бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, барлық бес сала бойынша белсендіктерін дамытуға жол ашады.мектеп жасына дейінгі балаларға бір мезетте әр түрлі психологиялық процестерді қабылдау, есте сақтау,ойлау, қиялдау, зейін қабылдауды, жалпы қызығу қабілетін, ой-өрісін дамытады. Бүлдіршін әр сөзге терең үңіліп, әлемді, қоршаған ортаны меңгертеді. Бұл менотекст- мәліметтер жиынтығы, көрнекілік, қосымша көмек құралы тәрбиеші мен бүлдіршіндерге ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде, өзін-өзі басқаруда, жеке жұмыс жүргізуде теңдесі жоқ әдістемелік құрал болып есептеледі.
Мнемотексте – балалардың бір мезетте әр түрлі мәліметтер бере алатын сызба.
Мнемотекстің міндеті:
Көркем шығарманы тыңдауға, жаттауға ынталандыру
Ойлау жүйесін дамыту
Бейнелі ойды дамыту
Талдау, салыстыру, дәлелдеу
«Қай сурет жоқ?», «Қай сөйлем жоқ?»-зейінін жаттықтыру
Зеректігін, тапқырлығын дамыту
Дауыс ырғақтарымен жаттығу
Тақпақты мнемотекст арқылы мәнерлеп жатқа айту
Суретті тақпақтар жиынтығының балаларға өздерінің меңгеруіне қолайлы жағдай туғызуы
Есте сақтағыштығын дамыту
Мнемотекстпен жұмыс жүргізу үлгісі:
Шығарманы жазған авторымен таныстыру
Шығарманы мәнерлеп оқу
Шығарма туралы әңгімелесу, талдау
Қиын сөздермен жұмыс жасау
Ақынның тақпағына сурет салуды ұсыну
Әр қатарды оқи отырып, балаларға қиялдап ойлануға жетелеу
Бейнелі ойды дамыту
Әр қатарға маркермен суреттер салу
Мнемотексті көрсету арқылы қайталау
Сыйқырлап, көркем сурет ілу
Буындап, баяу, тез, көздә жұмып, іштей қайталау
Ойын түрінде «Қай сурет жоқ?», «Қай сөйлем жоқ?»
Сурет қандай болса, сендерде әдемілеп, мәнерлеп айтып беріндер
Алған білімдерін қорытындылау
А.Байтұрсынов «Тәрбиеші әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады» - деп айқан. Тәрбиешінің ізденісі жан-жақтылығы, өз мамандығына деген жауапкершілігі. Тәрбиеші тіл дамыту, сөйлеуге үйрету, сауат ашудың арнайы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті кезінде жаттауларды, шығармаларды балаларға оқып, түсіндіріп,әңгімелеп беріп, жаттау арқылы қабылдау, есте сақтау қабілетін дамытады.
Тәрбиешінің шығармашыл болуы «шығару», «ойлап табу» жаңа технологияларды пайдалана отырып өскелең ұрпаққа жан-жақты рухани адамгершілік сана-сезімін тәрбиелеу.
Жаңа технологияны меңгеру тәрбиешінің кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуын игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Бердыбаева Г «Жаңадан тақпақ айтамыз жаттап» әдістемелік құрал. Шымкент 2012ж
2. А.С. Амирова., С.Ж.Еркебаева «Мектепке дейінгі ұйымдарда ойын технологияларын пайдалану әдістемесі». -Алматы 2014ж
3.Қ.Р. Білім және ғылым министірлігі «Мектепке дейінгі балалық шақ» Ерте жастағы (1жастан бастап 3жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған. «Алғашқы қадам» бағдарламасына әдістемелік нұсқаулық. Республикалық орталығы Астана 2011ж
4.Қ.Р. Білім және ғылым министірлігі Мектепке дейінгі ересек жастағы (5 жастан бастап 6 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Біз мектепке барамыз» бағадрламасына әдістемелік нұсқаулық. «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталғы,- Астана 2011.
5.Ф. Жұмабакева «Мектепке дейінгі педагогика» -Астана 2008ж
Достарыңызбен бөлісу: |