Оқу үдерісіндегі диалогтік оқытудың маңызы



Дата10.10.2020
өлшемі14,6 Kb.
#64325
түріСабақ

Коучинг жоспары

Тақырыбы

Оқу үдерісіндегі диалогтік оқытудың маңызы.

Мақсаты

Диалогтік оқытудың маңызын көрсету, сабаққа оқыту нысаны ретінде әңгімелесуді енгізу.

Оқу нәтижелері

Оқу үрдісінде диалогтік оқытуды қолданудың маңызын түсінеді.

Диалогтік оқу түрлерін пайдалануды, сұрақты нақты қоюдың тиімділігін ұғынады.



Түйінді идея

Диалог оқуға деген ынтаны оята алатын пәрменді тетік.

Диалогтік оқу әдісін қарастыра отырып, мұғалімдерді сыни тұрғыдан ойлауға жетелеу.



Модульдер, әдіс тәсілдер

АКТ, Сыни тұрғыдан ойлану, Диалогтік оқыту, топтық жұмыс.

Ресурстар

Бейнежазбалар, таныстырылымдар, көңіл күй күнделігі, стикерлер, флипчарттар, маркерлер, конфеттер, т.б.

Коучинг барысы

І.Ұйымдастыру. Сәлемдесу.

Психологиялық дайындық. «Көңіл күй күнделігі».

Мұғалімдер өздерінің таңдаған түсін коучинг басталатын уақытта күнделікке белгілейді.



Көңіл күй

Түсі

Коучингтің

басы


Коучинг соңында

Көтеріңкі

Қызыл







Қуанышты

Қызыл сары







Жағымды

Сары







Салмақты

Жасыл







Көңілсіз

Көк







Жабырқау

Сия көк







Уайымшыл

Қара








ІІ. Заттар бойынша топқа бөліну. Мұғалімдердің заттары парталарға ретсіз қойылады. Өздерінің заты қойылған парталарға отыруы керек.

ІІІ. Қызығушылықты ояту.

Топ мүшелері З түрлі бейнежазбалар көреді.



ІҮ.Бейнежазба мазмұны бойынша ой бөлісу үшін мұғалімдерге бағыттаушы сұрақтар қойылады:

А) Бейнежазба мазмұнынан не байқадыңыздар?

Ә) Үш бейнежазбаның айырмашылығы бар ма? Қандай?

Б) Қандай тақырыпта ой қозғаймыз деп ойлайсыздар?

Осы сұрақтар арқылы коучинг тақырыбы ашылады.

Диалогтік оқыту дегеніміз не?



Ү.Интерактивті тақтадан Мерсердің зерттеуіне сәйкес диалогтік оқытудың З түрі көрсетіліп айтылады.

1.Әңгіме-дебат

2.Кумулятивтік

3.Зерттеушілік



ҮІ.Осы таныстырылымдағы сипаттама бойынша бейнежазбалардың қай әңгіменің түріне жататынын мұғалімдер топ ішінде талдап, анықтайды.

1.Әңгіме-дебат (Егіздердің әңгімесі)

2.Кумулятивтік (Жұмысшының бастығымен әңгімесі)

3.Зерттеушілік (Ханшайымның жаратушымен әңгімесі).



ҮІІ.Әңгімелесу әдісінің З түріне сәйкес үш топ көрініс көрсетеді.

«Бұрынғы мұғалім мен жаңашыл мұғалім арасындағы диалог»
ҮІІІ. Сергіту тренингі.

ІХ.Сұрақтардың түрлері, сұрақ қоюдың әртүрлі техникалары туралы қысқаша айтылады.

Х. Постермен жұмыс. З топқа үш түрлі тапсырма беріледі.

І топ: «Диалогтік оқыту оқушыларға не береді?

ІІ топ: «Диалогтік оқытудың мұғалім үшін маңызы қандай?

ІІІ топ: «Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызы».



ХІ.Бөлтірік шешеннің сөзінен мысал келтіріп, коучингке қатысқан мұғалімдерге алғыс жазылған конфеттер таратамын.

ХІІ.Көңіл күй күнделігіне коучинг соңындағы көңіл күйлерін белгілеп көрсетеді.

ХІІІ.Рефлексия. Мұғалімдер өздерінің ұсыныс, ой пікірлерін стикерлерге жазып, өз постерлеріне жапсырады.


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет