Оқу жылы бойынша №6 Хромтау гимназиясының тәрбие жұмысы бойынша жылдық есебі



бет1/3
Дата19.12.2016
өлшемі0,65 Mb.
#4151
  1   2   3
2012-2013 оқу жылы бойынша №6 Хромтау гимназиясының тәрбие жұмысы бойынша жылдық есебі.

Білім беру ұйымында тәрбие үдерісін құқықтық, әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету:

Тәрбие жұмысы Білім және ғылым Министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 521 бұйрығымен бекітілген ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын, ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 873 Қаулысымен бекітілген білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды, Хромтау аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің

№ 437.15.09.2012ж бұйрығымен бекітілген 2013-2020 жылдарға арналған бағдарламасын негізге ала отырып жұмыс жасайды.

Тәрбие ісі меңгерушісінің педагогикалық шеберханасында сынып жетекшісінің анықтамалылығы журналы , басқа да тәрбие жұмысына қатысты оқулықтар мен әдістемелік құралдармен, нормативтік құжаттармен қамтамасыз етіліп, аудио, бейне таспалары бар.



Тәрбие жұмысының мазмұны, түрлері мен әдістері;

Тәрбиенің мазмұны:

Білім берудің жаңа моделіне өту жағдайында және тәрбиенің білім беру үдерісіндегі рөлінің өсуіне байланысты тәрбие мазмұнын қайта бағдарлау даму заңдылығы болып табылады. Қазір білім беру үдерісінде жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына үлкен мән беріліп отыруына орай, адамгершілікке тәрбиелеу мен рухани жағынан қалыптасуы барлық тәрбие үдерісінің өзегі болып отыр.

Тәрбиенің мазмұны оның мақсаттары мен міндеттері арқылы анықталады және ол қоғамдық дамудың бағыты мен мазмұнына заңды тұрғыда тәуелді болады. Сонымен бірге, тәрбиеге әлеуметтік-рөлдік көзқарас тұрғысында адам көптеген әлеуметтік жүйенің компоненті болып саналады: отбасы, ұжым, кәсіби топ, этнос, қоғам және т.б. Сондықтан, тәрбие мазмұны құндылық қарым-қатынас жүйесімен: өзіне, өзінің отбасына, мектепке, қоршаған ортаға, Отанына, Жер әлеміне, сондай-ақ, әлеуметтік рөл жүйесімен де сәйкестенеді: адам, дос, ұл (қыз), құқық қорғаушы, аға (қарындас) патриот, немере (немере қыз), азамат, туыс, қорғаушы, оқушы, ұлттық мәдениетті қорғаушы және жасаушы, ұжым, топ мүшесі, көш басшы, еңбекші, иегер, әлем азаматы, қалалық (ауылдық), бейбітшілік орнықтырушы, көрші, эколог, бірлестіктің, топтың, этнос мүшесі.

Гимназиядағы тәрбие беру жұмысының тақырыбы:

Жеке тұлғаның ақпараттық- коммуникациялық құзырлылығы негізінде рухани- адамгершілік дамуын қалыптастыру.

6 Хромтау гимназиясының тәрбие жұмысының мақсаты:

Бәсекеге қабілетті, өзін-өзі басқара білетін, қарым-қатынас мәдениеті, ақпараттық мәдениеті, зерттей білетін дағдылары, іс-әрекет жасай білу, интеллектуалдық жұмыс істей білу мәдениеті дамыған тұлға тәрбиелеу.



Тәрбие жұмысының міндеттері:

  • денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеін тәрбие жүйесін құру және дамыту;

  • балаларды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу;

  • өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс-әркетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гуманистік дүниетанымды қалыптастыру;

  • мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау;

  • жеке тұлғаның өзін -өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал етуде білім беру ұйымдары жағдайында жастар мен балалардың танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге икемділігін, өзін- өзі тану мен өздігінен білім алу дағдыларын, әлеуметтенуін барынша дамыту бейімділігін қалыптастыру;

  • қазіргі заманғы қоғамдық өмірге және тиімді кәсіби іс-әрекет пен жеке басының және әлеуметтік кәсіби тұрғыда үздіксіз пісіп жетілуіне қажетті маңызды тұлғалық және кәсіби сапаларын қалыптастыру;

  • қоғамда орнықты қалыптасқан дәстүрлер негізінде этникалық және діни толеранттылықты тәрбиелеу;

  • балалардың бойында Қазақстанға сырттан енуші этнодіни экстремизм мен түрлі радикалды ағымдарға қарсы әрекет ете алатын дағдылар қалыптастыру;

  • отбасылық тәрбие жүйесін қайта жандандыру және отбасын білім беру мекемелерінің тәрбие жүйесіне араластыру.

Тәрбие тұжырымдамасының негізгі 12 бағыттарына сәйкес жылдық жұмыс жоспары құрылып, гимназия директорымен бекітілген:

  • Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие

  • Рухани-адамгершілік тәрбиесі

  • Отбасы тәрбиесі

  • Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру.

  • Әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру

  • Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру

  • Экологиялық тәрбие

  • Эстетикалық тәрбие

  • Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын және денсаулық қорғаушы орта қалыптастыру

  • Еңбек және экономикалық тәрбие

  • Кәсіби-шығармашылық тәрбие

  • Интеллектуальді мәдениетті дамыту

Биылғы оқу жылында алға қойылған мақсат:

Тәрбие тұжырымдамасының бағыттары бойынша ашық тәрбие сағаттарын өткізу,әдістемелік құралдар дайындау, өзара іс-тәжірибе алмасу.



Тәрбие жұмысы жөнінде кеңестерде қаралған мәселелер:

10.09.2012 жылы кіші педагогикалық кеңесте «Жалпыға бірдей міндетті Білім Заңы аясында аз қамтылған отбасылар мәселелері және шешу жолдары.», 10.12.2012 жылы «Ыстық тамақпен қамту»,6.12.12 жылы ұжымдық кеңесте «Гимназия жанындағы асхана жұмысының ұйымдастырылуы.», «« Мектепке жол» акциясының орындалуы»,03.10.12 жылы гимназия директоры орынбасары жанындағы кеңесте «Жас ұлан» ұйымының ұйымдастырылуы: мәселелер мен шешу жолдары», 09.11.12 жылы «Класс журналдарын жүргізілу ережелерінің сақталуы», «Жолда жүру ережелері сабақтарының берілуі», 13.12.12 жылы әдістемелік кеңесте «Тәрбие жұмысының тұжырымдамасы бойынша жүргізілген жұмыстар», сәуір айында әдістемелік кеңесте «Оқушылардың қызығушылығы бойынша ұйымдастырылған үйірмелердің оқытылуы»қаралды.



Алдын алу кеңесінде қаралған мәселелер:

№ 6 Хромтау кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесі құрылып, жылдық жұмыс жоспары жасалынды. 19 қыркүйек күні өткізілген алдын алу кеңесінің отырысында Хромтау аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің № 4008 хатына сәйкес № 6 Хромтау гимназиясында «Балалар түнгі қалада» акциясы аясында өткізілген іс-шаралар талқыланды. 17 қазан күнгі алдын алу кеңесінің отырысында білім алушылардың сабаққа қатысымы туралы мәселелер қаралып, талқыланды. 15 қараша күні алдын алу кеңесінің кезекті отырысында «Зорлық-зомбылықсыз және қатыгездіксіз балалық шақ» ұранымен 2012 жылдың 1-19 қарашасында жұмыс жоспары құрылып, іс-шаралар өткізілді. Кеңесте акция аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар, жалпы мектепішілік тәртіп мәселесі қаралды. Яғни сабақтан қалатын, сабақтан кешігетін білім алушылардың есімдері анықталып, сол білім алушылармен жұмыс жүргізу туралы шешім қабылданды.Желтоқсан айында өткізілген алдын алу кеңесінің отырысында «Балалардың денсаулығы өз қолымызда» темекі шегу, ішімдік, токсикалық және есірткіге қарсы алдын алу жұмыстары- бойынша медбике Утебаева Жаннаның есебі тыңдалды.

16 қаңтар күні алдын алу кеңесінің кезекті отырысы болып, онда бір мәселе талқыланды. Яғни себепсіз сабақтан қалатын білім алушылардың ата-аналарымен жұмыс. Мәселе бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтылып, мектеп инспекторы Жұмабаева Гүлім ата-аналардың балаларды тәрбиелеу және оларға білім беру жөніндегі құқықтары мен міндеттеріне тоқталды. Кеңес отырысында сабақтан жиі қалатын білім алушыларды дер кезінде анықтап,ата-аналарымен жұмыс жүргізу туралы шешім қабылданды.

20 ақпан күні «Гимназия ережесін бұзған білім алушылармен жұмыс» тақырыбында алдын алу кеңесінің отырысы болып, тәртіп сақшылары жалпы мектептегі білім алушылардың тәртібіне тоқталды. Соның ішінде кейбір сабақтан кешігу, үзіліс кезінде жүгіру сияқты гимназия ережесін бұзған білім алушыларды атап, жүргізген жұмыстарға тоқталды.

21 ақпан күні « Ата-аналардың құқықтық сауаттылығы» тақырыбында семинар өткізіліп, «Кішкентай білім алушыларды зиянды әдеттерден сақтандыру» тақырыбында ата-аналарға кеңестер берілді.

Құқық мектебінің жетекшісі Нұртазина Мейрамгүл «Құқықбұзушылықтың қоғамда алатын орны» тақырыбында жоғары сынып білім алушыларына баяндама оқып, талқылады.

Наурыз айында өткізілген алдын алу кеңесінің отырысында «Тұлғаны ізгіліктендірудегі отбасының міндеті» туралы, білім алушылардың көктемгі каникул кезінде бос уақытын ұйымдастыру туралы мәселелер талқыланды. Ата-аналарға арналған сауаланамалар жүргізу керектігі айтылды.

17сәуірде «Мамандық таңдаудағы балалардың қызығушылығының қалыптастыруына отбасының ролі» тақырыбында алдын алу кеңесінің отырысы болып өтті. Отырыста білім алушылардың жұмыспен қамтылуы туралы айтылып, осы орайда отбасылармен жұмыс жүргізу мәселесі қаралды.

15 мамыр күні өткізілген кеңестің отырысында «Білім алушылардың жазғы демалыс-сауықтыру лагерлерін ұйымдастыру», кеңестің жұмысын қорытындылау мәселелері қаралып, талқыланды. Келесі оқу жылына жұмыс жоспары құрылды.
Сынып жетекшілер кеңесінде қаралған мәселелер:

3 қыркүйек күні бірлестіктің семинар отырысы болып өтті. Бұл отырыста сынып жетекшілер 2012-2013 оқу жылы бойынша мектептің тәрбие жұмысымен , сынып жетекші жұмысының мазмұны,сынып жетекшісінің портфолиосымен таныстырылды. Сонымен қатар ашық тәрбие сағаттарын өткізу кестесін толтырылды. 8 қазанда «Жасөспірімдер арасында ұшырасатын суицид көріністерінің алдын алу»мәселелері талқыланды. 5 қарашада «Жасөспірімдер мінез-құлқындағы ауытқушылықтарды түзету проблемалары: құқықтық, педагогикалық және психикалық аспектілер» тақырыбында семинар отырысы болып өтті. 3 желтоқсанда өткен бірлестік отырысында «Білім алушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу жолдары» тақырыбында баяндама оқылды. 3қаңтар күні «Тәрбие жұмыстарының тиімділігі арттырудағы ата-аналар жиналысының ролі» тақырыбында семинар болып, онда «Мониторинг және бағалау»,«Қамқор» қамқорлық акциясы туралы айтылып талқыланды. 4ақпанда бірлестік отырысында «Білім алушылардың кәсіптік бағдарлануы», 25 наурызда «Білім беру ұйымдарында азаматтықты қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында семинар, 8 сәуірде «Сынып ұжымымен жүргізілетін тәрбие жұмысын талдау схемасы», 13мамыр «2012-13 оқу жылының тәрбие жұмысының жоспарын бекіту»мәселелер қаралап талқыланды.



Ата-аналар комитеті отырысында тәрбие жұмысының мәселелерін қарау:

27 қыркүйек күні «Отбасы мен мектептің әріптестігі-тұлғаның табысты әлеуметтенуінің кепілі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналысқа барлығы -170 ата-ана қатысты. Күн тәртібі бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жасаганбергенова Баян «Отбасы мен мектептің әріптестігі-тұлғаның табысты әлеуметтенуінің кепілі»тақырыбында баяндама жасаса, өткен оқу жылы бойынша дарын балалармен жұмыстың нәтижесі бойынша Қозбағарова Назым таныстырды. Жаңа оқу жылы бойынша қосымша оқыту бағдарламасымен директордың ғылыми әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Жақсылықова Шолпан Жайылханқызы таныстырды. Гимназия директоры Муакшева Гүлмараш Орынбасарқызы мектеп білім алушыларын ыстық тамақпен қамту мәселесі туралы айтып, мектеп ережесімен , жаңа нормативтік құжаттармен таныстырды. Соңғы мәселе бойынша ата-аналар кеңесінің төрағасы болып Баймағамбетов Марат қамқоршылық кеңестің төрағасы болып Нұртазин Асқар көпшіліктің дауыс беруімен сайланды.

31 қазан күні «Ата-аналар және мұғалім: ынтымақтасып жұмыс жүргізуді үйренеміз» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстел басында мектептің отбасымен өзара қарым-қатынасы ата-ана беделіне құрмет көрсету, отбасының рухани кемелдене түсуіне көмектесу, үй-ішінің балаларға оңды ықпал жасауына жәрдем беру негізінде құрылуы тиіс тігі айтылды. Сынып жетекшілер «Нағыз ата-ана кодексі», «Ата-аналарға арналған тоғыз өсиетпен» таныс болып, өзара пікіралысты.

5 желтоқсан күні 11 сынып жетекшісі Тлеуова Майра «Діни қауіпсіздікті нығайтуға байланысты мектептің отбасымен жұмыс жүйесін қалыптастыру бойынша» ата-аналармен отырыс жасап, ұсыныстар жасады.

Қаңтар айында «Қамқор» қайырымдылық акциясы болып өтті. Осы айда дінтану пәні мұғалімі Тлеуова Майра Шамилқызы ата-аналарға «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын ұйымдастыру» тақырыбында ұсыныстар берді.

Ақпан айында ата-аналармен «Ата-аналардың құқықтық сауаттылығы» тақырыбында семинар өткізіліп, «Кішкентай білім алушыларды зиянды әдеттерден сақтандыру» кеңестер берілді.

Наурыз айында балалардың адамгершілік тәрбиесі жөнінде ата-аналарға арналған жаднамалар таратылды.

Сәуір айында мектеп психологы «Өзара түсіністік негізі неде?» тақырыбында тренинг, әлеуметтік педагог «Балалар тәрбиесіндегі ата- ананың жауапкершілігі» тақырыбында аз қамтылған отбасылармен отырыс өткізді. Сонымен қатар «Көктемгі ізеттілік» акциясы аясында аз қамтылған отбастарына көмектер берілді.

18 мамыр күні жалпы ата-аналар жиналысы болып, жылдық қорытынды жұмыстар, «Балаларды жазғы демалысқа жіберудің жағдайларын қарастыру»,«Балалар қауіпсіздігін қадағалау»,«Алдымызда жаз» сияқты мәселелер талқыланды.

Мектептің өзін-өзі басқару жұмысының бар болуы және тиімділігі;

Білім алушылар үшін өзін-өзі басқару – ол бос уақытын тиімді және үнемді пайдалану, құқығын және мүддесін қорғау, жаңа бастамаларына қолдау мен дамытудағы көмек. Білім алушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту үнемі әлеуметтік жауаптылықты кеңейтуді, өмірінде кездесетін мәселелерді шешуге көмектеседі.  

13 қыркүйек күні № 6 Хромтау гимназиясында «Ұланбасы» сайлауы болып өтті. Салтанатты сайлауға сынып жетекшілер, білім 220 білім алушы, 12 сынып жетекші қатысты. Сайлау ашық дауыс беру арқылы өткізілді. Алдымен «Ұланбасы» болуға білім алушылар өз кандидатураларын ұсынып, мәлімдемелер берді.

Нәтижесінде:

Ғани Арайлым /10 сынып/-«Ұланбасы»

Құдайбергенова Әсемгүл /10 сынып/-омбудсмен

Жалмағамбетова Жұлдыз /10 сынып/- мәдениет министрі

Мажит Дәулет/10 сынып/-тәртіп министрі

Адаева Меруерт/9а сынып/-білім министрі

Алихан Дина/9әсынып/-денсаулық министрі

Күзенбай Ернұр/10 сынып/-ақпарат министрі

Бекен Ерлан, Өмірбекова Индира /9а сынып/спорт министрлері

Мектепте «Жас Ұлан», «Жас қыран» балалар ұйымы жұмыс жасайды. «Жас Ұлан» балалар ұйымында барлығы-, «Жас қыран» ұйымында- бала бар. «Жас Ұлан» балалар ұйымының мүшелері қалалық, облыстық КВН ойындарында үздік өнер көрсетіп, республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы ұйымдастырған ойында Бас жүлдені жеңіп алды.

25 қыркүйек күні «Жас Ұлан» балалар ұйымының көшбасшыларының отырысы болып өтті. Отырыста қыркүйек айында жүргізілген жұмыстар талқыланып, қазан айында жүргізілетін жұмыстар талқыланып, министрлерге жұмыстарымен таныстырылды.

25 қыркүйек күні «Жас Ұлан» балалар ұйымының ұйымдастыруымен «Үздік сынып бұрышы» байқауы болып өтті.



Байқаудың нәтижесі бойынша бастауыш сыныптар арасында :

І орынға- 2 «а»сынып,

ІІ орынға – 4 «а», 2 «ә» сынып,

ІІІ орынға –3 «а»сынып ие болды.



5-11сыныптар арасында

І орынға –7 « ә»сынып,

ІІ орынға –6 «а»сынып,

ІІІ орынға – 10, 9 «а» сыныптары ие болды. Жеңімпаз сыныптар грамоталармен марапатталды.

29 қазан күні «Жас Ұлан» балалар ұйымының өзін-өзі басқару тобының отырысы болып өтті. Онда қазан айында жүргізілген жұмыстарға сараптама жасалынды. 29 қараша күні «Президент күні-халықтың күні» тақырыбында «Жас Ұлан» балалар ұйымының салтанатты жиыны болып, онда 25 білім алушы «Жас Ұлан» қатарына салтанатты түрде қабылдынды. Жиында топ басшылары рапорт тапсырып, тұңғыш президент күніне құттықтаулар айтылды.

14 желтоқсан күні «Жас Ұлан» балалар ұйымының салтанатты жиыны болып, барлық бастауыш сынып білім алушылары «Жас қыран» балалар ұйымына қабылданып, 7 білім алушы «Жас Ұлан» балалар ұйымына қабылданды.



Сынып жетекшілер кеңесінің жұмысының бар болуы және тиімділігі;

Биылғы оқу жылында №6 Хромтау гимназиясында 22 сынып жетекшісі жұмыс жасады.Оның үшеуі мектепалды даярлық тобы, сегізі бастауыш сынып жетекшілері, калган он бірі орта және жоғары буын сынып жетекшілері.Сынып жетекшілерінің ішінде жас мамандар да бар.Олар тәжірибелі сынып жетекшілерінен көмек ,ақыл-кеңес, бағыт-бағдар алып отырады.

"Өнеге" сынып жетекшілер бірлестігінің жүргізілген жұмыстарына тоқтала кетсек, жоспар бойынша бірнеше бірлестік отырыстары және бірнеше семинар ұйымдастырылды.

Оқу жылының басында бірлестік отырысынды тәрбие жұмысының меңгерушісі Жасғағанбергенова Баян Ідірісқызы "ҚР Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұловтың "Білім жүйесін жаңғырту-адами капиталдың сапалы өсуінің басты бағыты" атты білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясында сөйлеген сөзін таныстыра отырып,сынып жетекшілерімен талқылады.Сонымен бірге осы отырыста жаңа оқу жылының жылдық жұмыс жоспарымен, нормативтик құжаттармен таныстырды. Әлеуметтік педагог Карагулова Д. "Мектепке жол"қамқорлық акциясына шақырды.

Қыркүйек айында жас мамандарға арналған бірлестік отырысында тәрбие жұмысының меңгерушісі Жасағанбергенова Б .І. "Сынып жетекшісі нені білу керек?" атты ақыл кеңестер мен көмекші нұсқаулар берді . ҚР сынып жетекшісі-сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып ,үйлестіріп келістіріп , өткізетін педагог.

Сынып жетекшілерінің құқықтары :оқушылардың денсаулығы және психологиялық жағдайы туралы мағлұмат алыпоытру, сынып оқушыларының сабаққа қатысымы және ата-аналармен тығыз байланыста болу.

Қыркүйек айының соңында семинар ұйымдастырылды.Бірінші мәселе бойынша бірлестік жетекшісі Жуминова Ж.Ж. "2012-2013 оқу жылы бойынша тәрбие жұмысын жоспарлау"тақырыбында баяндама оқыды. Екінші мәселеде бірнеше тақырыптар қамтылды.Жасағанбергенова Б.І. "Сынып жетекшісінің портфолиосы","Сынып жетекші жұмысының мазмұны " мазмұны тақырыптарын ортаға салып тиімді жақтарын айтып таныстырды.

Қазан айында бірлестік отырысында сынып жетекшілерінің арасында "Жасөспірімдер арасында ұшырасатын суицид көріністерінің алдын алу "атты үлкен мәселе талқыланды.БЖ: Жуминова Ж.Ж. интерактивті тақтадан бірнеше слайдтар арқылы суицид тақырыбына байланысты жағдаяттарды көрсете отырып, сынып жетекшілеріне баланың ішкі жан дүниесіне тереңірек үңіле отырып, әркез баланың жанынан табыла білуге шақырды.Сонымен сынып жетекшісінің тәрбиелік жұмыстағы ұстанымы атты баяндаманы Айткулова А.Т.оқып шықты.Сынып жетекшілері өз ойларын ортаға салды.

Қараша айында кезекті "Жасөспірімдер мінез-құлқындағы ауытқушылықты түзету проблемалары :педагогикалық- психикалық аспектілер" атты семинар ұйымдастырылды,бірлестік жетекшісі Жуминова Ж.Ж интерактивті тақта арқылы "Бала көңіліне шуағымызды аямайық"атты тақырыпта слайдтар көрсетті.

Желтоқсан айында Керимова Г."Діни экстремизм дегеніміз не?" атты ашық тәрбие сағатын өткізді.Бастауыш сынып жетекшісі Абденова Г.З. "Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың түрлері мен әдістері " тақырыбында іс-тәжірибесін сынып жетекшілерімен бөлісе отырып, шығармашылық есеп берді.Бірлестік жетекшісі Жуминова Ж.Ж. "Адамгершілік -асыл қасиет " тақырыбында облыстық семинарда ашық тәрбие сағатын өткізді.

Қаңтар айында "тәрбие жұмыстарының тиімділігі арттырудағы ата-аналар жиналысының ролі" тақырыбы аясында семинар болды.Бұл семинарда "Мониторинг және бағалау" және "Қамқор" қамқорлық акциясы тақырыптарына баяндамалар оқылды. Семинар барысында В.А. Сухомлинскийдің "Өз балаңызды сүйе отырып, оларды сізді де сүюге үйретіңіз, үйретпесеңіз - қартайған шағыңызда көз жасыңызды төгесіз" даналық сөзін ортаға салып, отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері мәселесінде сынып жетекшілері өз ойларын ортаға ортаға салды. Гимназия психологы бірнеше тренингтер өткізді.

Ақпан айында 9-11 сынып жетекшілерінің арасында "Білім алушылардың кәсіптік бағдарлануы" тақырыбында бірлестік отырысы өткізілді. Жалпы білім беретін оқу бағдарламасы білім алушылардың бейіналды даярлығын қамтиды.Бұл тақырыптарда сынып жетекшілері Тлеуова М. және Райымбаева М өз іс-тәжірибелерін ортаға салды. Мектеп психологы Максимова Г бірнеше тренингтер ,пайдалы кеңестер ұсынды.

Наурыз айында "Білім беру ұйымдарында азаматтықты қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу "тақырыбында семинар өткізілді. Бұл тақырыпта тәрбие ісінің меңгерушісі Жасағанбергенова Б.І. баяндама оқыды. Қаламызда жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында прокуратура, ішкі істер , білім беру , денсаулық сақтау , еңбек және әлеуметтік қорғау орындары , қоғамдық ұйымдар мената-аналар қоғамы өкілдерінің қатысуымен "Түнгі қаладағы бала", "Жасөспірім","жазғы демалыс", "Бала және отбасы"бірлескен профилактикалық рейдтері жүргізілуде деп атап өтті.

Сәуір айында "Сынып ұжымымен жүргізілетін тәрбие жұмысын тәрбие жұмысын талдау схемасы " тақырыбы аясында бірлестік отырысы өткізілді.Бірлестік жетекшісі тиімді ұсыныстарды ұсынды.

1.Сынып ұжымы мен жеке оқушының қысқаша мінездемесі.

2.Өткен оқу жылында қойылатын тәрбиелік мақсат-міндеттер.

3.Тәрбие жұмысын ұйымдастырылу формасы

4.Тәрбие жұмыстарының негізгі бағыттары.(мазмұны).

5.Қоғамдастық және ата - анамен жұмыс.

6.Тәрбие барсында қолданылатын әдістер мен тәсілдер.

7.Тәрбие жұмысының нәтижесі.

Мамыр айында өткізілетін бірлестік отырысында "Педагогикалық диагностика әдістемесі" тақырыбында Жасағанбергенова Б.І. баяндамамен таныстырады. Сынып жетекшілерінің жұмыстарына қорытынды жасап, келесі оқу жылында қаралатын мәселерге тоқталады.


Оқушылардың өзіндік, зертханалық жұмыспен айналысу жағдайы және оның қорытындысы;


Жылдар

«Зерде» шығармашылық жұмыстар

КҒА

Дарын ҒЖЖ

2012-2013

3

3

5

Оқушылардың оқу және оқудан тыс қызметінде өз мүмкіндіктерін іске асыру жағдайлары (факультатив жұмысы, үйірме жұмысы, спорттық секциялар, көркем өнер үйірмесі, пікірталас клубтары, студиялар, басқа да салалар)
Тәрбие бағыты бойынша ақылы үйірмелер

2012-13 оқу жылы


Мұғалімдер

















5

















10

11

Барлығы

Саудин Нұрқасым

Тоғызқұмалақ













7

9

10

6


































30

Алиев Бекзат

Шахмат

3




5













6

5

5
















2

2

2




30

Күнтаева Фаризат

Волейбол

























4

5

2

7

10







2










30

Абдуллина Самиға

«Өркен» хор үйірмесі

2

3

5

5

5

5








































25

Жасағанбергенова Баян

Көркемөнерпаздар үйірмесі



















5

5

5

2

2

2

2

1

1













25

Мопықова Бексана

«Сымбат» үйірмесі

























10

5

5

3

2



















25

Курманов Абзал

«Шебер қолдар»

























5

5

5

3

2

3

2













25

Барлығы

5

3

10

5

12

15

12

17

29

22

14

15

16

4

3

4

2

2




190

Каталог: images -> doc
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
doc -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым
doc -> Негізгі орта білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
doc -> Тәлімгер портфолиосын құрудың негізгі принциптері
doc -> Галилео Галилей Физик или астроном? Сначала давайте посмотрим его краткую биографию… Галилео Галилей
doc -> 6 Хромтау гимназиясының әлеуметтік педагогтың 2013-2014 оқу жылына арнаған жұмыс жоспары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет