Директор жанындағы мәжіліске
2020-2021 оқу жылында мектеп бітіруші түлектердің
ҰБТ-ға психологиялық дайындығы туралы
АНЫҚТАМА
2020-2021 оқу жылында мектеп бітіруші түлектердің ҰБТ-ға психологиялық дайындығы өз деңгейде жүргізілуде. Дайындық жұмыстарының мақсаты: ҰБТ алдында мектеп бітірушілердің психологиялық дайындық дағдыларын қалыптастыру, емтихан кезіндегі өзіне сенімділіктерін жоғарылату. Міндеттері:
Мектеп бітірушілердің эмоционалдық және физикалық қысымдарын азайту;
Стресске төзімділік деңгейін көтеру;
Тез есте сақтау тәсілдерін үйрету;
Психологиялық қолдау көрсету.
Оқушылармен диагностикалық, ағартушылық, түзету-дамытушылық, кеңес беру бағыттары бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мектеп түлектерінен оқу жылының қыркүйек, қазан айларында емтихан алдындағы стресске төзімділік деңгейін анықтау, мамандық таңдаудағы пікірлерін білу мақсатында Бек депрессия шкаласы, Айзенктің өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау әдістемесі, Зунг әдістемесі, Кәсіби ой-ниетін анықтау әдістемелері алынды. Диагностикалық жұмыстардың нәтижесі бойынша, мектеп түлектері стресске төзімді, депрессия шкаласы қалыпты деңгейде. Диагностикалық жұмыстардың нәтижесі оқушының өзіне және сынып жетекшісіне таныстырылды. Сонымен қатар оқушылармен аптасына 1 рет түзету-дамытушылық жұмыстар өткізіліп келе жатыр. «Емтихан кезінде стресстен қалай арыламыз?», «Ашу-ызамен не істеу керек?» тақырыптарында лекторий, мини-лекциялар оқылды, емтихан уақытындағы үрей мен қорқынышты жеңудің көптеген әдістерін «Емтихан кезіндегі өз-өзіне сенімділік», «Мен өзімді мақтан етемін», «Ойлар. Сезімдер. Мінез-құлық» сында тақырыптардағы тренингтер барысында қолданудамыз. Дамытушылық жұмыстар барысында оқушылар бойындағы эмоционалды қысымдардан арылып, өз-өздеріне деген сенімділік деңгейлері артуда. Әр жұмыстан соң оқушылар өз ойларымен, пікірлерімен бөліседі. Бұл өз кезегінде оқушының көпшілік алдында сөйлеу дағдысын қалыптастырады, пікірін ортаға салуды үйретеді.
Оқушыға, ата-анаға жеке кеңес беру жұмыстары сұраныс бойынша және айына бір рет міндетті түрде жүргізілуде. Ата-аналар жиналысы барысында ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастары жақсарту, емтиханға дайындыққа қолайлы жағдай жасау, баланың күн тәртібі сынды өзекті мәселелер төңірегінде топтық кеңес беру жұмыстары өтілген болатын.
Қазіргі таңда оқушылардың психологиялық дайындығы жақсы деңгейде, алдағы уақытта дайындық жұмыстарын күшейтіп, қарқынды жұмыстар жасалады.
Ұсыныс:
ҰБТ-ға психологиялық дайындық жұмыстары күшейтілсе.
Мектеп бітіруші түлектердің ҰБТ-ға психологиялық дайындығы «жақсы» деп бағаланса.
Анықтаманы жазған: А.Ж. Султанбай
Достарыңызбен бөлісу: |