Оқу пәнінің тақырыбы бойынша дәріс тезистері және дәріс курсын оқу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар



бет1/26
Дата06.02.2022
өлшемі1,5 Mb.
#80346
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
лекц ФР





  1. Оқу пәнінің тақырыбы бойынша дәріс тезистері және дәріс курсын оқу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар

1 Дәріс


Тақырыбы: Кіріспе. Өсімдіктер физиологиясының пәні мен міндеттері. Өсімдіктер физиологиясының басқа пәндер жүйесіндегі орны. Өсімдіктер физиологиясының объектілері.


Жоспар:

  1. Өсімдіктер физиологиясы пәні, мақсаты мен міндеттері.

  2. Өсімдік клеткасының химиялық құрамы.

  3. Өсімдік клеткасының негізгі қасиеттері.

  4. Өсімдік клеткасы осмостық жүйе ретінде.



1. Өсімдіктер физиологиясы - өсімдік организміндегі тіршілік құбылысына байланысты процестерді зерттейтін ғылым. «Физиология» термині гректің physis-табиғат және logos-ілім деген сөзінен шыққан.
Өсімдіктер физиологиясы өзінің зерттеулерін жеке клеткадағы тіршілік әрекеттерінен бастайды. Содан кейін жеке мүшелердегі және тұтас өсімдіктегі минералдық қоректену, фотосинтез, тыныс алу, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына төзімділігін, өсу мен дамуының физиологиялық негіздерін қарастырады. Сонымен қатар осы процестердің өзара байланыстылығын зерттейді.
Басқа тірі организмдерге қарағанда өсімдіктің өзіне ғана тән ерекшеліктері бар. Олардың ішінде ең негізгісі-олардың автотрофтығы, яғни қоршаған ортадағы минералдық заттарды пайдаланып, алуан түрлі органикалық заттарға айналдыру қабілеті. Өсімдіктер физиологиясының негізгі міндеті-өсімдік организмінің өміріндегі тіршілік әрекеттерінің ішкі тетіктерін-механизмдерін, заңдылықтарын, сыртқы орта жағдайларына байланысының негіздерін ашып, оларды адам қоғамының игілігіне байланысты өзгертіп, игерудің әдістерін қалыптастыруға бағытталған. Тіршілік әрекеттерінің материалдық негізі нуклеотидтердің, соның ішінде дезоксирибонуклеин қышқылының (ДНҚ) ашылуы ХХ ғасырдағы биологияның ең негізгі басты жетістіктерінің бірі болып есептеледі. Өсімдіктер физиологиясының дамуы химия, физика және математика ғылымдарының жетістіктерімен тығыз байланысты. Барлық физиологиялық зерттеулерде аталған ғылымдардың әдістері кеңінен қолданылады.
2. Өсімдік клеткасы мен ұлпасы қарапайым бөліктерден (протон, электрон, нейтрон, фотондардан), биоэлементтерден (су, органогендер-Н, С, S, O, P), иондардан (Na+, K+, Mg2+, Ca2+, Cl-), микроэлементтерден ( Мn, Fe, Co, Cu, B, Al, V, Vo, J) және молекулалық құрылымдардан (көмірсулар, майлар, фосфатидтер мен т.б.) тұрады. Минералдық заттар клеткада тұз күйінде немесе белоктар, көмірсулар және липидтермен байланысқан күйінде болады. Анионға (Cl-) және катионға (Na+, K+) диссоциацияланатын тұздар клетканың осмостық қысымын және қышқыл-сілтілік тепе-теңдікті орнықтыруда маңызды роль атқарады.
Бралық тірі организмдердің денесі майда тор тәріздес клеиткалардан тұратындығы ерте заманнан лупа мен микроскоп (Гук, 1665; Шлейден, Шванн, 1839) шыққан кезден, оларды тіршілік құбылыстарын зерттеуге пайдалана бастаганнан белгілі болған. Клетка –өсімдіктер мен хайуанаттардың өте майда негізгі құрылыстық және қызметтік бөлігі.
Тіршілік әрекеттерін өз алдына дербес жүзеге асыра алатын бактериялар, балдырлар, саңырауқұлақтар бір клеткалы организмдерге жатады. Бұлардың басым көпшіліктері өте майда, көзге ілінер ілінбес организмдер. Дегенмен олардың ішінде біршама ірі, жай көзбен қарағанда бөліктері оңай байқалатындары да аз емес. Мысалы, ацетабулярия (Acetabularia) деп аталатын теңіз балдырының ұзындығы 7- см ге дейін жетеді.
Өмірімізде күнделікті көзге түсетін жоғары сатыдағы өсімдіктердің барлығы көп клеткалы организмдерге жатады. Мысылы ағаштың бір жапырығында 20000000 клетка бар. Егер бір ағаштың жапырақ саны шамамен 200 мыңдай десек, клеткаларының жалпы саны 4 триллионға жетеді екен.
Өсімдіктің жалпы денесін құрастыратын жеке мүшелері жапырақ, сабақ, тамыр және гүлшоғырлары өз алдына белгілі қызмет аткарады.Олардың әрқайсысы түрліше қызмет атқаратын бірнеше ұлпалардан құралған. Жеке ұлпалар бір-біріне пішіндері және атқаратын қызметтеріжағынан ұқсас клеткалардың пішіндері және атқаратын қызметтері басқа ұлпалардағыдан өзгеше болады.
Алайда көп клеткалы өсімдіктердің жеке клеткалары атқаратын қызметін бір клеткалы организмдердің қызметімен салыстыруға болмайды. Себебі көп клеткалы организмдердегі жеке клеткалар тіршілік әрекеттері атқаратын қызметтері жағынан бір клеткалы организмдерге тән дербестігін жоғалт бастайды.
Сондықтан жеке клеткаларды бір жағынан дербес организмдер, екінші жағынан көп клеткалы организмдердің ең майда және қарапайым бөлігі деп қарастырған жөн.
Жекеленіп алынған клеткалар көлемдеріжағынан да алуан түрлі болып келеді. Мысалы, кейбір бактериялық клеткалардың диаметрі- бір микрометрге жетер жетпес, болса ұзындығы бірнеше миллиметрмен өлшенетін клеткалар да кездеседі.
Ең майда деген бактерия клеткасының біреуінің құрамында 1011 молекула болады екен. Міне, осының өзі тірі организмнің майда бірлігі- клетканың қаншалықты күрделі екендігін дәлелдеп, неліктен тіршілікке байланысты зерттеулер соныі ішінде физиологиялық зерттеулер клеткадан басталатындығы түсінікті.
Клеткалар сыртқы пішіні жағынан түрліше болуы мүмкін. Егер өсімдіктің жеке клеткасын бөліп алып өсірген жағдайда оның пішіні, жиектерінің кез- келген нүктесі орталық нүктесінен бірдей қашықтықта болатын дөңгелекшеге ұқсап дамыған болар еді. Бірақ өсімдіктер денесіндегі басқа клеткалардың қоршауында қысылып өскен клетканың сыртқы пішіні көп қырлы болып келеді. Мысалы, сабақтың немесе тамырдың созылып өсу аймағындағы клетка ұзындығы 50 мкм, ені 20, биіктігі 10 мкм шамасындағы қорапша сияқты болып өседі.
Өсімдік клеткасын микроскоппен қарағанда ең алдымен көзге түсетін 3 бөлігі- қабығы протопластарыжәне вакуоль байқалады.
Протоплазманың құрамында құрылыстыұ бөліктер , цитоплазма және рибослмалар орналасқан. Құрылыстық бөліктерге – ядро, митохондиялар, пластидтер жатады. Цитоплазманың өзі мембраналардан ( плазмалемма, тонопласт, эндоплазмалық тор) май»да денешіктерден (диктиосомалар, лизосомалар, сферосомалар)және цитоплазмалық негізден (матрикс) құралған.
Атқаратын қызметтеріне байланысты клетканыі құрылыстық бөліктерін үш топқа бөлуге болады:1) өзгеруші машиналар – митохондиялар, хлоропластар; 2)белок және басқа полимерлердің синтезделуін жүзеге асыратын машиналар –рибосомалар, ядро; 3) май қышқылдары холистеринді синтездеуге қатысатын метаболиттік жүйе (гранулалар).
Клетка сыртынан целлюлозадан және басқа полисахаридтерден құралған қабыұпен қоршалған. Оның толып жатқан ірі саңылаулары болады. Сондықтан ол еріген заттардың клетка ішіне енуіне, немесе сыртына шығуына кедергі бола алмайды. Клетка қабығының ішкі жағында цитоплазманы қоршаған плазмалық мембрана – плазмалемма орналасқан. Ол өзі арқылы қабыққа қарағанда, таңдап өткізеді. Соған байланысты заттардың клеткаға енуін және одан шығуын реттейді. Цитоплазмада- митохондрия, хлоропластар, ядро және т.б. органоидтар жайғасқан. Өсімдіктердің өсіп жетілген клеткаларында тонопласт деп аталатын мембранамен қоршалған үлкен орталык вокуолі бар. Ол құрамында минералдық иондар,органикалық қышқылдар,кейде қышқылдар, кейде қанттар және амин қышқылдары бар ерітіндіге толы болады. Өсімдік клеткасының ішкі бөліктері бір-бірінен мембраналар арқылы оқшауланып жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет