Ежелгі адамдар ең алғаш тас құралдарын шақпақтастардан жасаған.Себебі бұл материал табиғатта көптеп кездескен.Ол оңай жарылады әрі арнайы бір пішін жасап, қыр шығаруға қолайлы болған. Тасты өңдеп құралдар жасау барысында пайда болған өзектастар (нуклеус) қазба жұмыстары барысында көптеп кездеседі. Еліміздің аумағындағы Бөріқазған,Тәңірқазған,Қазанғап, I Ақкөл т.б. ежелгі палеолит тұрақтарынан тас құралдар табылған. Негізгі тас бұйымдар бифас, унифас, үлкен көлемді тас жаңқа, дөрекі жасалған тас шапқы,өзектас тұрпатты шапқы болып табылады. Унифас - деп тек бір жағы ғана өңделген тас құралды айтады. Ал бифас ұғымы екі жағы да өңделген тас құралды білдіреді.
Тас өңдеу техникасы өңделіп отырды. Тасты сүйек, ағаш, мүйіз тоқпақшаларымен де жарған. Тегіс тас тақташадан ұзынша қалың қалақшалар сындырылып алынды. Тас өңдеудің бұл жаңа әдісі леваллуа әдісі деп аталды.