Оқулық,дәптер,шаңырақтың суреті сызылған плакат,суреттер. Шаттық шеңбері



Дата08.09.2017
өлшемі284,78 Kb.
#31233
түріОқулық
Пәні: Өзін - өзі тану
Тақырыбы: Шаңырақ жарастығы

Мақсаты: Балалардың «сыйластық», «махаббат » құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-шаңырақ жарастығы; сыйластығы туралы түсінік қалыптастыру.

-жағымды қарым қатынас жасау іскерліктерін дамыту.

-өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: оқулық ,дәптер,шаңырақтың суреті сызылған плакат,суреттер.

Шаттық шеңбері:

Оқушылар шеңбер құрып тұрады.Мұғалім сабақты жақсы көңілмен, жылы сөздермен бастайды.

-Сәлеметсіңдер ме, менің аяулы, жас достарым. Мен барлығыңды жанымдай, өз балаларымдай жақсы көремін. Біз бүгінгі сабақта шаңырақ жарастығы туралы әңгімелесеміз. Әрбірің өз шаңырақтарыңа жақсы тілек айтып шығыңдар 

Мысалы:

-Мен шаңырағыма қуаныш тілеймін.

-Мен шаңырағыма сәттілік тілеймін.

-Мен шаңырағыма бақыт тілеймін. т/б

Балалар бір шаңырақ астында тұратын адамдарды қалай атаймыз?

-Отбасы.

-Бір шаңырақ астында тұратын адамдар арасындағы сыйластық туралы айтып беріңдер.

Мұғалім:

-Иә,дұрыс айтасыңдар балалар, бір шаңырақ астында тұратындардың бір-біріне сыйластығы, махаббаты, бауырмалдығы,татулығы,бірлігі шаңырақ жарастығын құрайды.

Мәтінмен жұмыс.»Сүйіспеншілік» мәтінін оқу

Сұрақ:

«Сүйіспеншілік бар жерде байлық пен сәттілік бар» дегенді қалай түсінесіңдер?

Оқушылардың жауабын тыңдау

Мұғалім: 


  • Шаңырақ жарастығының негізін сүйіспеншілік, яғни бір үйде тұратын адамдардың бір-біріне деген махаббаты құрайды.Сол себепті бір шаңырақ астында тұратын адамдардың бір-біріне сүйіспеншілігі басым болса, ол үйде сыйластық та, ынтымақ та, береке де болады. 




Тыныштық сәті.

Балалар, денелеріңді түзу, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмуға да болады.Ауаны терң жұтып, еркін тыныстаңдар, денелеріңді бос ұстап, айналаджағы барлық тіршілік иесі сендерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқандай сезініңдер. Тұла бойларың жақсылыққа, қунашықа толғанан сезінуге болады(2 мин отырады)

Шығармашылық жұмыс

Оқушылар үйден алып келген отбасымен бірге түскен фотосуреттерін көрсетіп шағын әңгіме айтады.

Тақтадағы «Шаңырақ сәні - сыйластық» деген халық мақалының мағынасын ашу.

Ойын: Жарасымды шаңырақ

Балаларға қиылған таспа кесінділеріне үлкен әріптермен жазылған сөздерді таратып беремін.


  • Балалар,біздің сыныбымыз бір шаңырақ сияқты, ал осы шаңырақтың жарасымды болуы біздің қолымызда.Олай болса,өздеріңе берілген «уықтардағы» сөздерді дауыстап оқып, сол оймен келіссеңдер шаңыраққа қадайсыңдар.




Дәптермен жұмыс.


  • Балалар, сендер әр күндеріңді қуанышты етіп өткізуге дағдылануларың керек.Қалай дейсіңдер ғой? Ол үшін мерекелік кесте жасап алу қажет деп ойлаймын.




Оқушылар дәптерде берілген кестенің бірінші бағанасына күнді қалай атайтындарын жазады, ал екінші бағанасына мерекелік іс шараларды жазады.

Тапсырма нәтижесі қорытындыланады.


  • Міне, көрдіңдерме, балалар,шаңырақта көңілді де қуанышты, қызықты да жақсы өмір сүру өзіміздің қолымызда.




Оқулықпен жұмыс.

«Көмек» өлеңін оқу.

Оқушылар өз көмектері жайлы айтып береді.

Бес жолды өлең құрастыру «Отбасы»

Қорытындылау. Слайд.


  • Бүгінгі сабағымыз не жайында болды?


  • Отбасы неден құралады екен?




Отбасы:

1.өзара түсіністік

2.сыйластық

3.мейірімділік

4.төзім

5.сенім

6.қамқорлық т.б.

Жүректен жүрекке

Оқушыларға жүректің суретін таратып беру, оған өз сыныптастарының шаңырағына жақсы тілек жазып бір-біріне береді.

Сабақ тақырыбы: «ШАҢЫРАҚ ЖАРАСТЫҒЫ»

Мақсаты: Балалардың «сыйластық»,»махаббат», құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

1.Шаңырақ жарастығы,сыйластығы туралы түсінік қалыптастыру.

2.Жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін қалыптастыру.

3.Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:оқулық,дәптер,жайлы әуен,топпен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар,қағаздан қиылған күн,гүл,үй суреттері,бейне материал.

ШАТТЫҚ ШЕҢБЕРІ

Сәлеметсіңдер ме,менің аяулы жас достарым. Бүгін сендерді көргеніме қуаныштымын.Мен сендердің барлығыңды жақсы көремін және жақынымдай сыйлаймын.Біз бүгін шаңырақ жарастығы туралы әңгімелесеміз.

Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше,себебі, біздің бүгінгі сабағымызға біз үшін ең аяулы адамдар,ең ардақты ата-аналарымыз,ата-апаларымыз қонаққа келіп отыр.Ендеше әрқайсың өз шаңырақтарыңа жақсы тілек айтып, сабағымызды бастайық.

Мысалы: -Мен шаңырағыма бақыт тілеймін.

-Мен шаңырағыма қуаныш тілеймін.

Адалдық,қамқорлық,кешірімділік,сыйластық,махаббат,сәттілік т.б.

Сабағымызды әрі қарай Ермек Өтетілеуов ағаларыңның «Мен қазақ баласымын» өлеңімен жалғастырайық.

Бұтағы-бабасының,

Ұрпағы-атасының,

Шуағы-әжесінің,

Тұяғы-әкесінің,

Тілегі-анасының,

Тірегі-ағасының,

Түлегі-даласының,

Дарытқан бар асылын

Мен-қазақ баласымын.

Жерінде-бабасының,

Елінде-атасының,

Көңілінде-әжесінің,

Қолында-анасының

Жолында-ағасының,

Төсінде даласының,

Тапқан өз жарасымын,

Мен қазақ баласымын.!

ӘҢГІМЕЛЕСУ.

1.-Балалар, отбасы деген не?

-Отбасы дегеніміз бір үйде тұратын ең жақын туыс адамдар.Оларды отбасы мүшелері дейміз.Ата-апа,әке-шеше,аға-бауыр,апай,сіңілі т.б

2.-Сен отбасында кімсің?

-Мен отбасының бір мүшесімін,ата-апамның немересімін,әке-шешемнің баласымын

3.-Отбасы мүшелері бір-бірімен қандай қарым-қатынас жасайды?

-Бірге отырып тамақ ішеді,әңгімелеседі,демалады,еңбек етеді,сыйлайды,бір-бірін жақсы көреді т.б.

4.-Өз үйіңде сен үшін ең қымбат нәрсе не?

-Жақсы көңіл-күй,сыйластық,татулық.

Ендеше мына әңгімеге құлақ түрейік.

МӘТІНМЕН ЖҰМЫС.

А.Асылбеков. «Сүйіспеншілік»

1-2-3 абзацты әңгімелеу.Содан соң сыныпқа сұрақ қою

-Сендер болсаңдар қайсысын шақырар едіңдер?Неге?

Балалар жауаптары.

Әңгімені аяғына дейін әңгімелеу.Сыныпқа сұрақ:

«Сүйіспеншілік бар жерде-байлық пен сәттілік бар»-дегенді қалай түсінесіңдер?

Балалар жауаптары

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС:

Балалар,үйімізде өз шаңырағымызда жарастық болу үшін қандай адамдық қасиеттер болуы керек екен? Сол сөздерді атап, күн нұрына

ілейік.

«Шаңырақ жарастығы» атты газет шығады



ӘҢГІМЕЛЕСУ.

Балалар,осы сөздердің ішінде ерекше «махаббат» деген сөзді алайық.

«Ізгіліктің бастауы-махаббат» дейді. 1.Сендер осы «махаббат» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

А.Адамдардың бір-біріне деген шын сүйіспеншілігі

Б.Адамдардың бір-біріне жақсылық тілеуі

В.Айналадағы адамдарға,Отанға,табиғатқа деген сүйіспеншіліқ

2.Ата-аналарың сендерді еркелеткенде қалай атайды?

Жаным,құлыным,балапаным т.б.

3.Махаббат бізді неге бөлейді?

А.Ата-анамызға деген сүйіспеншілікке

Ә.Отанды сүюге.

Б.Табиғатты аялауға,оның сұлулығын тануға. В.Өзгелерді сыйлауға

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС

1-топ. «Ана мен бала арасындағы махаббат». Өздеріңнің аналарыңа деген тілектеріңді алдарыңдағы кішкене жүрекшеге жазып,оны үлкен жүрекке жапсырайық.

2-топ.»Гүлдесте жасау». Қолдарыңда отырған гүлдерге табиғатқа деген сүйіспеншіліктеріңді жазып, гүлшоғырын жасайсыңдар.

3-топ.»Күн сәулесі».Күн сәулелеріне Отанға,туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңді жазып,күнді құрастырыңдар.

ТЫНЫШТЫҚ СӘТІ

Жайлы әуен қосылып тұрады.А.Еңсепов «Балалық» күйі

Мұғалім: Балалар,денелеріңді түзу,бастарыңды жоғары

көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмуларыңа болады.Ауаны терең жұтып,еркін тыныстап,денемізді бос ұстаймыз.

Айналадағы барлық тіршілік иелері сіздерді аялап,қоршап,қамқор болып жатыр.Сіздер жанұяларыңызбен бақытты сәтті бастан өткізіп жатырсыздар.Көңіл-күйлеріңіз өте жақсы,сіздер күліп,тамаша сезімдерге бөленіп жатырсыздар.Тұла бойларыңызға махаббат пен жақсылыққа толды.

Енді көзімізді ашып,бастапқы қалпымызға оралайық.

Кім өзінің алған әсерімен бөліскісі келеді?

ЖАҢА АҚПАРАТ.

Адамға өмірде ең қымбатты-отбасы.Отбасында сыйластық,сүйіспеншілік,татулық,бауырмалдық болғанда ғана бірлік болады.Бір-бірін аялап,кешіре,түсіне білгенде отбасы берік болады.

ОЙЫН-ЖАТТЫҒУ.

Балалар,бізге қонаққа досымыз Махаббат қонаққа келе жатыр екен.Махаббатқа демалатын үй керек.Ендеше,бәріміз бірігіп,оған әдемі үй салып берейік.

Тақтаға үй макеті ілінеді.Қабырғаларына керек сөздер столда тұр,бірақ оның ішіндеМахаббаттың көңіл-күйін түсіретін сөздер де жүр екен.Жақсы сөздерді алып,үй қабырғасын құрастырайық, ал жаман сөздерді қоқысқа тастайық.Ауласын әдемілеу үшін ағаш пен гүлдер егейік.

Гүлдерге мақал-мәтелдер жазылған.

1.Балалы үй-базар. Бала-көңілдің гүлі,көздің нұры.

2.Ата-бәйтерек,

Бала-жапырақ.

3.Ата-асқар тау,

Ана-бауырындағы бұлақ,

Бала-жағасындаңы құрақ

4.Ата-ананың қарызы,

Ұрпақтың өмірлік парызы.

5.Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің.

6.Ананың сүті-бал,

Баланың тілі-бал.

7.Ата көрген оқ жонар,ана көрген тон пішер.

ДӘЙЕКСӨЗ.

« ШАҢЫРАҚ СӘНІ-СЫЙЛАСТЫК»

Шаңырақта сыйластық,сүйіспеншілік,бірлік,татулық,ынтымақ,бауырмалдық,қамқорлық,махаббат шаңырақтың сәнін кіргізіп,жарастық орнатады.

ӘҢГІМЕЛЕСУ.

Балалар,қазақ халқы отбасында ата-бабаларының салт-дәстүрін сақтай отырып,балаларына тәлім-тәрбие берген.Қазір де осы салт сақталған.Қазақ салтында кішілер үлкеннің атын атамай, жолын кеспей, оны сыйлап,оған құрмет көрсеткен.Содан барып үлкен мен кішінің арасында жарасымды қарым-қатынас орнаған.Ол әдетке айналып,әдептілік ережесін тудырған.

Біз үй дегенде, өзіміз тұратын үйді айтамыз,елестетеміз.Ал «отбасыңа жақсылық тілеймін» деп тілек айтқанда,біздің ортақ үйіміз,Отанымыз Қазақстанды айтамыз.Біздің елімізде әр түрлі ұлттардың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр.Адам өз жанында бейбітшілік тапса,басқа адамдармен де қарым-қатынасы жақсы болады,егер өзін сүйсе,өзінің айналасындағы басқа адамдарды да сыйлай алатын болады.Бейбіт жарасымды өмірде адамдар сәтті еңбек етеді,балалар оқиды,бәрі де бақытты болады.

НАЗАР АУДАРАЙЫҚ

ВИДЕО-СЛАЙД «Қазақстан»

Балалар, енді махаббат еліне қайта оралайық.Сендер ата-анадан басқа тағы кімдерге өз махаббаттарыңды арнар едіңдер?

Мысалы:Мен өз махаббатымды осы елде тұратын барлық ұлттарға арнағым келеді.Сол үшін өз жұлдызымды картаға ілемін.Әр бала кімге арнайтынын айтып,жұлдызшаны картаның маңына іледі.

Жұлдызшаларды ілу.

-Балалар,қараңдаршы,еліміздің картасы қандай әдемі болып кетті,себебі сендер сияқты қанша адамның жүрегінің махаббаты біздің елімізді,ортақ үйімізді шаттыққа бөлеуде,себебі біздің ортақ шаңырағымыз Отанымыз Қазақ елін әрбір адам сүйеді.Өйткені біз тәуелсіз бейбіт елде тұрамыз.

ЖҮРЕКТЕН-ЖҮРЕККЕ.

Әр бала ата-анасына,ата-ана өз баласына тілегін айту.

Ән: «Дос болайық бәріміз»



Өзін өзі тану Сыныбы: 5
Тақырыбы: Отбасы жарастығы
 
Мақсаты:
- отбасы жарастығы және отбасының өсіп дамуы туралы түсінік беру;
Міндеттері:
- отбасын қадірлей білу, адам өмірінде отбасының алатын орны туралы мағлұмат беру;
- оқушылардың өз отбасын құрметтеуін арттыру;
- өз отбасына деген сүйіспеншілігін, мақтаныш сезімдерін арттыру;
Түрі: Сайыс сабақ
Әдісі: Әңгімелесу,сұрақ – жауап, ойын
Көрнекілігі:Жүректер,шарлар, гүлдер,Нақыл сөздер; «Үйінде ұл – қызы бардың көгінде сөнбес жұлдызы бар», «Ақ жүрек әке – күншуақ, ақжүрек ана – ақ бұлақ», «Әке – ер, ана – жігер, бір үйде екі кемеңгер»
Кіріспе сөз
Мұғалім.
Отбасы - адам тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата – ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата – бабамыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейір алады. Ата – анаға баладан жақын ешкім жоқ, сондықтан қай ата – ана болсын баласының білімді,әдепті болуын армандайды.
Адамзаттық дегеніміз – жеке адам санасының жетілуінің ең жоғарғы сатысы, жаныңның шалқар шабыты,қиялыңның қия шыңға самғауы. Ал өте қарапайым нәрседен туған: шаңырағыңды сыйлаудан, анаңның алғашқы әлдиінен, отбасынан басталады.
Отбасы – біздің қоғамымыздың алтын қазығы деген екен В.А.Сухомлинский. 
Шаттық шеңбері: Оқушылар шеңбер құрып тұрады.
Сәлеметсіңдер ме, менің аяулы достарым. Мен барлығыңды жанымдай, бауырымдай жақсы көремін.
-Біз бүгінгі сабақта отбасы жарастығы туралы әңгімелесеміз. Әрбірің өз шаңырақтарыңа жақсы тілек айтып шығыңдар.
Мысалы:
-Мен шаңырағыма қуаныш тілеймін;
-Мен шаңырағыма сәттілік тілеймін;
-Мен шаңырағыма бақыт тілеймін
Сен бақытты ұлансың! М. Қуанышбеков.өлеңін оқу.
Анаң-күнің жүрегің, Әкең -өмір тірегің.
Сен бақытты ұлансың, Бәрі саған қуансын. 
Әжең- асыл ардағың, Атаң- дана қорғаның
Сен бақытты ұлансың, бәрі саған қуансын.
Ағаң –қамқор асқарың, Інің- мөлдір аспаның.
Сен бақытты ұлансың, Бәрі саған қуансын.
Әңгімелесу:
« Отбасы татулығы» Аңыз әңгіме.
- Отбасы әңгіменің мәні неде?
- Неліктен патшаны ұйымшыл отбасы қызықтырады?
- Отбасы жарастығы дегенді қалай түсінесіңдер?
- Отбасының сыйластығына қалай қол жеткізуге болады?
- Отбасының татулығы қандай табыстарға жеткізеді?
Жоспары:
1.Топқа бөлу, аты, ұраны.
2.Бақытты сәт.
Балаңызды сөз арқылы марапаттауда, яғни бағалау үрдісінде «Өте жақсы» сөзінің синонимдерін қолданып осы марапаттау сөзді қаншалықты түрлендіріп айта аласыз?
Мысалы: Жарайсың, қандай керемет деген сияқты сөздермен.
3. Топтық жұмыс. /Сурет салу/
Тақырыбы: Отбасы жарастығы.
4. Жағдаяттарды шешу. /сұрақтарға жауап алу/
Бала – біздің болашағымыз.
1.Саят өз ата – анасын басқа балалардың ата – аналарымен
көп салыстырады.Кейде -Саяттың өз ата – анасына көңілі толмай, реніш білдіретін кездері де болады.
- Саяттың іс – әрекетін қалай бағалайсың?
- Саятқа қандай кеңес берер едіңдер?
2.Меруерттің көңілі ештеңеге толмайды. Тіпті ол бәйек болып жүретін ата – анасының жақындарының мейірімі мен қамқорлығын сезінбейді де. Меруерт өзінің бұл қылығына еш қиналмайды.
- Меруерттің немқұрайлығының себебі неде?
- Меруерттің бойында қандай қасиеттер жетпейді деп ойлайсыңдар?
3.Ербол үйіндегі кәрі әже,атасының мазасыздығына құлағының нашар естейтініне 
ашуланады. Ол қарттардың да, ашуға қалай бой бергенін сезбей де қалады.
- Ербол неліктен қарт адамдарды түсінбейді?
Ерболға қандай кеңес бересіңдер?
4. Бір үйдің екі қызы бар. Ата –анасы екеуіне бірдей жағдай жасайды. Бірақ ағайынды екі қыздың бірі ылғи ешнәрсеге көңілі толмай, көңілсіз жүреді. Ал екіншісі, керісінше, шат шадыман.
Себебі неде деп ойлайсыңдар?
5.Ата – анадан өсіп ұрпақ тараған жақсы,жаман болса, бала солардан.
1 топ Жеті атаны атаңыз?/Әке, бала,немере,шөбере, шөпшек, немене, туажат/.
2 топ Үш арсыз не? /күлкі, тамақ, ұйқы/
6. «Балаларға өнер білім берілсін,
Сұлу мінез әр өнермен өрілсін»/өнер сайысы/
7.кезең Анаңды толық танисың ба?
- Анаңның сүйіп жасайтын жұмысы
- Анаңның туған күні
- Үйде ыдысты кім жуады?
-Таңертең сені кім оятады?
- Анаң қандай түсті киімді ұнатады?
Дәйексөзбен жұмыс істеу:
Ұяда не көрсең ,ұшқанда соны ілесің. Халық мақалы.
Мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?
Жаңа ақпарат.
Адамға өмірде ең қымбаты- отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдылық болғанда бірлік болады. Бір-бірін аялап, кешіре , түсіне білгенде отбасы берік болады.


Сыйластық. 
- Ата болып ақыл айтып көріңдер, - Аға болып үлгі көрсет кішіге,
- Әже болып ертегі айтып көріңдер. - Іні болып көмектес сен ісіне.
- Әке болып еркелетіп көріңдер, - Әпке болып мейіріміңмен аяла,
- Ана болып мейірімділік төгіңдер - Қарындас боп бауырында саяла
Берілген мақалдарға сүйеніп, шағын әңгіме жазыңдар.
1. Ата- асқар тау,
Ана- бауырындағы бұлақ,
Бала –жағасындағы құрақ.
2. Ата-бәйтерек,
Бала-жапырақ.
3. Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да, 
Қарызыңнан құтыла алмайсың. 
Отбасы:
*****сүйіспеншілікті сезінуге үйретеді.
***** жақсылыққа жетелейді.
***** еңбектенуге , білім алуға көмектеседі.
***** үлкендерді құрметтеуге , кішілерге қамқор болуға тәрбиелейді.
Жүректен жүрекке.
Әкем-әнім.
Сөзі- О. Сүттібаевтікі.
Әні- Ә. Сүлейменовтікі.
Ұшырдың баптап ұядан,
Кетпейсің ойдан, қиялдан.
Арманға биік қол созсам,
Тұрасың демеп жиі алдан.
Көңілім бүгін алаңды,
Күттің бе, әке, балаңды?
Шаттықпен жарқын тойыңа,
Сыйлаймын сазды бұл әнді.
Адалдық әркез көксеген,
Үйрендім, әке, тек сенен.
Ардақтап өтем мәңгілік,
Ғұмырда жалғыз жетсе дем.
Жүректі тербеп күй сынды,
Биікке ұшсам сүйсіндің.
Мойныңа көптен асылмай,
Сағындым, әке, иісіңді.

Тренинг. Ананың балаға жүрек жылуы. «Ең әдемі тілек» жарысы
Қорытынды:
Жас ұрпақты осы тұрғыда тәрбиелеуде отбасы маңызды орын алады. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, «Баланың бас ұстазы – ата- ана». Бұлар балаға отбасылық өмірдің алуан түрлі қыры мен сырын, тылсым дүние жұмбақтарын танытып, тағылым – талғамға баулиды. Себебі отбасы – таным бесігі, отбасы – үлгі – өнеге бастауы. Ата – ана күнделікті өмір тіршілігінде еңбегі, адамдық бейнелері, жақсы мінез – құлқы, дұрыс қарым – қатынасы арқылы балаға үлгі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет