«Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Дата28.11.2023
өлшемі15,78 Kb.
#193918
түріСабақ
Байланысты:
1 сынып ҚОРҚЫНЫШ СЕЗІМІНЕН АРЫЛУ


«Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қорқыныш сезімінен арылуға және өз-өзіне деген сенімділікті арттыруға арналған ойындар мен жаттығулар
Бастауыш сынып оқушыларына

Қорқыныш сезімінен арылуға және өз-өзіне деген сенімділікті арттыруға арналған ойындар мен жаттығулар
Мақсаты: Ауызша сабақтар кезінде балаларда көбінесе қорқыныш пайда болады. Ұялшақ балаларда қорқыныш басым болады. Қорқынышы басым болса, баланың өз-өзіне сенімсіздігі жоғарылай түседі. Үрей мен сенімсіздікті сезінуі мүмкін екендігін елестетіңіз және оларға көмектесуге тырысыңыз
«Сызбақағаздағы саяхат»
Ойынға сызбақағаз бен бояулар керек. Бұл ойынды топпен немесе жеке баламен ойнауға болады. Балаға ұсыныс: «Біз бүгін сызбақағазда бірге саяхатқа шығамыз. Әрқайсымыз кезекпен сызбақағазға жақындап, суреттер саламыз. Ойынның талабы қылқаламды немесе маркерді сызбақағаздан үзбей сурет саламыз. Егер маркерді сызбақағаздан үзсеңіз, онда басқасы келіп, өз суретін сала бастайды. Әрқайсысына 10 секунд қана уақыт беріледі. Әртүрлі сызықтарды салуға, түрлі-түсті бояуларды қолдануға рұқсат етіледі.
«Титаник»
«Балалар, сендер жұпқа бөлініп, кім А, ал кім Б болады екенін анықтаңдар. Барлық А-лар үстел басына жақындапалдарына қағаз, қолдарына қарындаш алып тұрады. Барлық Б-лар маған жақындайды мен олардың құлақтарына кез-келген бір киноның атын айтамын. Б-лар А-лардың арқаларына сол киноның суретін салады. Ал а-лар сол суреттерді қағазға салып, қай кино екенін тауып алу керек. Егер А-лар киноның атын тауып алса, дауыстамай Б-лардың құлақтарына сыбырлай қояды. Содан кейін балалар орындарымен ауыстырады.
«Дұрыс бағыттағы қадам»
Сендер менің 30 сұрағыма жауап беруге тиіссіздер, егер сіздер дұрыс жауап берсеңіздер мен бір қадам алға жылжимын. Егер қате жауап берсеңдер онда бір қадам кері шегінемін. Мен қадам жасауды есіктің жанынан бастаймын. Бүкіл бөлмеден өтіп орныма қайта келуге тиіспін. Мен сендердің қолдарыңдағы пешка редінде боламын. Соңында көрейік , қай жерге дейін жететінімді. Сұрақтар пәндерге, қарым-қатынасқа байланысты әр түрлі болады. (не ұнайды, не ұнамайды, қандай қиялың бар т.б.)
«Қандай кейіп»
Мақсаты: оқушылардың ұялшақтық сезімдерін төмендету.
Мұғалім эмоция тізімін таратып береді. Бір оқушы басқа оқушылардың қандай кейіпте (эмоцияда) тұрып қалғанын табу керек. «Теңіз толқиды бір, теңіз толқиды екі, теңіз толқиды үш «Қуаныш» бейнесі, орныңда қатып тұрып қал».
Эмоциялар тізімі: қуаныш, ыза, үрей, мейірім, қорқыныш, ұялу, таң қалу, т.б.
Осындай тренингтер өткізілсе, балалардың бойындағы ұялшақтық мінездері төмендеп, өздерін сенімді сезінуге көп көмек болады. Бұндай балалар үнемі мұғалімнің назарында болуы керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет