Оқушылардың білімін тексеруде компьютерді пайдалану



Дата05.06.2017
өлшемі76,39 Kb.
#17768







Оқушылардың білімін тексеруде компьютерді пайдалану
Ақтөбе қаласындағы

№32 мектеп-гимназияның

информатика пәні мұғалімі

 

Компьютермен оқыту – оқушылардың өз бетімен іздену жұмысының өте тиімді түрі. Түрлі тапсырмаларды компьютермен орындау оқушыны еркіндікке, төзімділікке, мақсаткерлікке баулиды. Компьютермен тапсырма орындау оқушының қиялдау мүмкіндігіне жол ашылады, ақыл-ой белсенділігін дамытуға көмектеседі. Компьютерлік оқулықтар және компьютермен түрлі жұмыстар жүргізу арқылы оқушының біліктілігі мен белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады. Сабақта компьютерді пайдалану арқылы сабақ сапасын көтерумен қатар, оқушылардың ынтасын, белсенділігін арттырып, оқушының назарын пән мазмұнына аударып, өз бетінше практикалық жұмыстарды орындауға қызықтырады.



Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің  деңгейіне  республика мектептерін көтерудің тиімді жолы - білім беру саласын толықтай ақпараттандыру.

Ақпараттандыру – жеке және заңды тұлғалардың ақпаратқа деген талаптарын қанағаттандыру мақсатында ақпараттық және мәселені шешу құзыреттілігін коммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде ақпараттық қорлар мен жүйелерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтілік-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс.

Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауында  өткен ғасырдың  отызыншы жылдарында сауатсыздықпен күрес жүргізілгендей, компьютерлік сауаттану  жөніндегі  ауқымды іске азаматтарды  тарту қажеттілігі  айтылған және мемлекеттік  қызметке жаңа қызметкерлерді  қабылдау кезіндегі  копьютерлерді, интернетті және электрондық поштаны қолдана  білу дағдысы  міндетті талап болуға тиіс екендігі атап көрсетілді. Осыған байланысты XXI ғасырда  ақпараттанған қоғам қажеттілігін  қанағаттандыру үшін білім беру саласында  төмендегідей міндеттерді шешуге міндеттіміз: компьютерлік технологияны, интернет, компьютерлік желі,  электрондық  және телекоммуникациялық  құралдарды, электрондық оқулықтарды  оқу үрдісіне  тиімді пайдалану  арқылы  білім сапасын  көтеру.

XXI ғасыр  ақпарат  ғасыры  болғандықтан  адамзатқа  компьютерлік  сауаттылық қажет. Ал бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Мектеп қабырғасынан  теориялық біліммен қатар практикалық білімнің  алғышарттарын меңгеру қажет. Ал теориялық білімді практикамен  ұштастыру  үшін компьютердің  қажет  екендігі  даусыз. Түрлі елдерде болып жатқан жаңалықтармен танысуда, ақпараттар ағымынан  қалыспауда  интернет, электронды пошта құралдарын пайдалануға болатыны  дәлелденді. Сондықтан білім беруді  ақпараттандырудың тағы  бір басты  бағыттарының  бірі  оқушылардың  интернет желісінде жұмыс істей  білуіне жағдай жасау. Интернет желісінде  жұмыс істеу оқушыларға әлемдік жаңалықтардан хабардар болып, білімін тереңдетуіне септігін  тигізеді. Заман ағымына сай  күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары  мен теледидарларды, компьютерлерді  қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта  электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін  арттырып қана қоймай,  логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға,  шығармашылықпен жұмыс істеуге  жағдай жасайды. Дәстүрлі  оқулықты  оның  электрондық нұсқасына  оңай айналдыруға болады. Бұл нұсқаның жетістігі – оны компьютер жадында  сақтау мүмкіндігі, оны компьютерлік  желілер  арқылы  тарату  болып табылады.

Информатикадан сабақ  беру әдістемесі педагогикалық ғылымдар жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Пән ерекшелігіне қарай информатика курсын толығымен компьютерлік негізде қарастыруға болады. Тақырыптар мен тарауларды оқып үйренуді толығымен компьютерлік технологияға жүктеу керек.

Білім жүйесін ақпараттандыру және мәселені шешу құзыреттілігін әрі қарай дамыту барлық пәндер бойынша компьютерлік оқулықтарды кенінен оқу процесіне енгізу арқылы оқу жүйесін жаңа сатыға көтеру болып табылады. Міне осыған байланысты тұлғалық өзекті тақырыптың мақсаты:

Оқу танымдылық коммуникативтік құзіреттіліктің және ақпараттық оқу технологияларын жетілдіре отырып, информатика пәніне деген қызығушылығын арттырып оқушылардың ой-өрісін кеңейту.

Информатика пәнін оқытуда жаңа педагогикалық ақпараттық – коммуникативтік технологияларды пайдаланудағы басты мақсаты – оқушыларға білім алу процесінде көмектесу. Бұл мақсаттарға оқыту программалары, дәрістерді қолдауға арналған электрондық оқулықтар, тексеру программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді.

Информатика пәнін оқытудағы ақпараттық технологиялардың педагогикалық  мақсаттары:

- Қолданушы мен ақпараттық және коммуникациялық құрылғылар арасындағы жылдам байланыс;

- Оқытылу ақпаратының компьютерлік көзге елестетілуі;

- Ақпараттық - әдістемелердің оқыту процесін ұйымдастырудағы бақылауын автоматтандыру.

Информатиканы оқыту әдістемесі оқушының өзіндік тұлғасын қалыптастыру үшін, оның дүниетанымын және интеллектін дамытуға, іргелес пәндерді зерттеуге, білімін жалғастыруға және болашақ мамандық қызметі үшін қажетті компьютерлік білімі мен   іскерлігін қалыптастыруға және жүйелендіруге бағытталған.

Қазіргі уақытта информатика сабағында тек қана иллюстрация тестілеу үшін ғана қолдану жеткілікті емес. Компьютер оқу үрдісінің барлық кезеңдерде қолданылуы қажет жаңа сабақты түсіндірудебекітуде, қайталауда, білімді, дағдыны, іскерлікті тексеруде және үлгерімді тексеру және оқушылардың білімін жетілдіру мақсатында.

Электрондық оқулық оқушылардың үлкен ізденіспен жұмыс істеуіне жағдай туғызады. Электрондық оқулықты пайдалану арқылы:

1.Сабақта технологиялық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігі.

2. Мұғалімнің педтехнологияны игеруі.

3.Оқушының пәнге деген қызығушылығы.

4.Білім, білік, дағды деңгейін қалыптастыруы.

5. Білімнің тереңдігі.

6.Тексеру түрлері, бағалауы.

7.Практикалық дағдыларды игеруі артады.

Қазіргі уақытта информатика сабағында тек қана иллюстрация тестілеу үшін ғана қолдану жеткілікті емес. Компьютер оқу үрдісінің барлық кезеңдерде қолданылуы қажет жаңа сабақты түсіндіруде, бекітуде, қайталауда, білімді, дағдыны, іскерлікті тексеруде және үлгерімді тексеру және оқушылардың білімін жетілдіру мақсатында ақпараттық технологияларды пайдалану; біріншіден, оқытушының жұмыс өнімділігін арттырып, оқу нәтижелерін тексеруге көбірек уақыт бөлуге көмектеседі; екіншіден, объективті түрде қадағалай отырып, балалардың алған білімін бағалауды жүзеге асырады; үшіншіден, бақылау технологиясына ғылыми элементтер енгізіп, оны кейіннен де дайдалануға болатындай етіп, білім мекемелерін алынатын білім мен дағдылану деңгейлерін нақты түрде стандарттау технологиялары жайлы айтуға негіз бола алады.

Бұл процестің негізі мынада – мұғалім тексеру нәтижесі жайлы толық ақпарат ала отырып, балалардың әрқайсысына олардың қатесіне байланысты қағазға жазылған қосымша тапсырма береді. Бұларды орындау нәтижесін тағы да компьютерлік тест немесе мұғалімнің өзі тексеріп шығады. Мұндағы негізгі мақсат – оқушыға баға қою мақсатында емес, оқушының қай тақырыпты қалай меңгергені жайлы мәлімет беретін дидактикалық тест алу.

Компьютер оқытушының көмекші құралы ретінде сабақтың тиімділігін арттыратыны дәлелденген. Сондай – ақ, компьютерден сабақты өткізу барысында әрбір оқушыға әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды беруде, ал топтағы оқушылардың білім көрсеткіштерін есепке алып, бақылап отыруға толық мүмкіндік беретін тұстары қолданыс тапқан.

Қазіргі кезеңде оқулықтар теориясы, оқытудың жаңа ақпараттық технологиялармен жобалау әдістемесі жасалуда. Оқыту процесін компьютерлендіру үрдісі мұғалімдердің қызығушылығын, шығармашылық ізденісін, электронды оқулықтарды жасау теорияларын және оларды іс – тәжірибеде қолдану әдістерін игеруге ұмтылысын тудыруда.

Қазіргі таңда қолға алынып отырған компьютерлік оқу үрдісінде «интерактивті тақтамен» жұмыс істеу. Бұл тақтаның тиімділігі мынада:

-   тез арада қайтарма байланыс болуын қамтамасыз етеді;

-  қажетті ақпараттық материалдарды жылдам тауып алуға мүмкіндік береді;

- әрбір жеке тұлғаның, білімін, білік іскерлігін әрбір тараулар бойынша тексеруге, бағалауға мүмкіндік береді.

Оқытушыны алдымен сыныптағы компьютерлерге пәні бойынша дәріс тақырыптары мен мазмұны жеке тақырыпты игеруге қатысты зертханалық жұмыстарды тәжірибелік есептерді, оқушының білімін тексеруге арналған тесттерді енгізіп қояды. Дербес компьютердегі дәріс мәтініне өзгертулер мен қосымша материалдарды қиындықсыз ендіруге болады. Оқушылар өзгерістерді дер кезінде біліп отырады.

Әрбір оқытушы өзінің пәнінен дәріс материалын, тәжірибелік сабағын, бақылау жұмысын, қорытынды тесті компьютерге енгізіп қоюының артықшылықтары бар. Бұл біріншіден, әртүрлі себеппен сабаққа келмей қалған оқушының өтілген материалды компьютерден оқып, ізденіс жасауына, білім алуына мүмкіндік береді. Екіншіден, дербес компьютерді қолдану, оның графикалық мүмкіндігі оқушының пәндерге деген қызығуын туғызады, әрі келесі сабақтарды меңгеруге жетерлік білімдері жинақталады. Үшіншіден, білім деңгейі әртүрлі оқушылардың жаңа сабаққа қатысты даярлығы шамаланады. Төртіншіден, оқушы компьютер арқылы сабақтың жалпы қисынды құрылымын біле отырып модульді тапсырмаларын орындауды алдын ала жоспарлай алады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауттылық талап етілуде.

Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру.

Еліміздің кепілі, болашақ тірегі мектептердің білім деңгейін көтеру және онда ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу - тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, ұстаздардың, басшылардың педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Бочкин А.И. Методика преподавания информатики. — Минск: Вышэйшая школа, 1998.

2. Малев В.В. Общая методика преподавания информатики. – Воронеж: ВГПУ, 2005-271 с

3. Лапчик М.П. и др. Методика преподавания информатики. – М.: Академия, 2001. – 624 с.

4. Қойбағарова Т.Қ., Ельтинова Р.А. Информатиканы оқыту әдістемесі: Оқу құралы. І-ІІ-бөлім. Павлодар: ПМПИ, 2012. – І-бөлім. 195 бет. ІІ -бөлім. 214 бет.

5. Хуторской А.В. Современная дидактика. – СПб.: Питер, 2001.– 544с.








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет