Оқушылардың ұжымдық шығармашылық іс-әрекеті тәрбие әдісінің бір түрі Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер әлеуметтік тәжірибені игерудегі, өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы, өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып тәжірибе жинақтау, бірлесе еңбек теу, қарым-қатынас жасау бірліктеріне ие болу сияқты субьект позицияларын қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғалім ұйымдастырғанының негізіндегі оқушылардың біріккен іс-әрекеті. Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер белгілі бір дәрежеде оқу материалын меңгеру, оқу барысындағы «Осал жерлері» жөнінде оқушылардан кері ақпараттарды жедел алу деген сияқты өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік жасайды, оқушының тұлғалық қасиетін өз мәнінде дамыту үшін маңызды шарт болып табылатын қарым-қатынастардың жетіспеушілігін азайтады. Диалектикалық қарама –қайшылықтардың бірлігі мен күресі деп аталатын заңына сәйкес кез-келген нәрсені дамыту процесінде күрес арқылы қарама-қайшылықтар пайда болады, олай дамытудың қозғалушы күші де, қозғалыс көзі де қарама-қайшылық.Бүгінгі таңдағы өркениетті елу қатарына қосылуды мұрат тұтқвн тәуелсіз Қазақсан Республикасының қоғамы болашақ түлектерді жедел өзгерісті дүниеде өмір сүруге дайындау қажеттігіне оқу-білімдену жүйесіне жаңа да курделі талаптар қоюда. Ал мұндай дайындық балада әрқилы ғылыми салаларға тән біршама білім-біліктер жиынтығы қалыптастырумен ғана шектеліп қоймастан, оның бойында жоғары шығармашыл және икемшіл тұлғалық мүмкіндіктерді дамытуға бағытталған нақты істерді қамтуы тиіс. Соңғы жылдарда жалпы және орта білімді гуманизациялау мен гуманитаризациялау ниеті айқын әрі мақсатты бағыт ала бастады. Ал бұл ұлағатты мақсаттың тиімді іске асуы бала тәрбиесінің қайнар көзі бастауыш мектепке тәуелді болатыны айдан анық. Адамға табиғаттан берілген ізгіліктің мүмкіндіктердің 80% осы бастапқы кезеңнен қалыптасатынын ғылым дәлелдеп отыр.
Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық теориялық негіздері. Біз тақырыпты толық ашу үшін алдымен барлығына толық тоқталайық: Адамдар топтасуының ұйымдасқан түрі-ұжым. Психологияда ұжым дегеніміз- топтың ең жоғары деңгейде ұйымдасқан түрі, мұнда топ ішіндегі қарым-қатынас жалпы мақсатты іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырып отырады. Ұжымдық қарым-қатынас жасаудың негізгі обьектісі-адамдардың ұйымшылдығы мен бірлігі, топтағы психологиялық ахуал, әрбір ұжым мүшесінің көңіл-күйі, сергектігі т.б. Таным теориясы(гнесология)-айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында бейнеленуі, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатынасын, қоғамдық тәдірибе негізінде жүзеге асатын таным үрдісінің заңдылықтарын, оның негізгі түрлерін, әдістерін, жорамалдар мен теориялар құру және дамытудың жолдарын зерттейтін психология ғылымның саласы. Оқушылардың ұжымдық таным қызметін іске асыру үшін, оған оқушының оқуға деген қабілетін білген жөн. Қабілет- баланың бір нәрсеге деген құштарлығы арқылы ашылады. Қабілетсіз бала жоқ. Қабілеттілік нышан арқылы білінеді.
Баланы ұжымда сыныпта оқытудың ерекшеліктері:
-Тұрақты оқушылар тобы;
-Әр оқушының оқуын қадағалап бақылау, оған көмек көрсету;
Міне, осы ерекшеліктер оқушының ұжымда білім алып, таным қызметінің дамуына мүмкіндік береді.
Ұжымдарды ұйымдастыруда мына мәселелерді басшылыққа алған жөн:
-Әрбір пән бойынша бөлек топтар құрылатындығы, бір пәннің шеңберінде топтық құрамы жеке оқушылардың ілгері басуын ескере отырып анықталуының қажеттігі;
-Математика,физика, химия, шет тілі пәндері бойынша ұғымдар оқушылардың білімдерінің және дағдыларының деңгейіне қарай құрылғаны орынды;
-Оқу ұғымдарын жинақтауда оқушылардың өзара қарым-қатынастары да ескерілуі тиіс.
Әр түрлі құрама ұжымдарда жұмыс істеу тиімділігін ғалымдар зерделеп, 5 оқушыдан құралған ұжым тиімді болатындығы жөнінде тұжырым жасады. Өйткені 3 оқушының талқылау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті пікірлер мен ұсыныстары жеткіліксіз, 4 және 6 адамнан құралған адамдарда жіктелу пайда болады, ал 7 адамнан құралған топта әрбір оқушының өз пікірін айтуына, өз ұсыныстарын және көз қарастарын жеткізуіне мүмкіндік болмайды. Ұжыммен орындалатын жұмысты ұйымдастыру үшін топтарды орналастыру да маңызды мәселелердің бірі. Тіпті қарапайым кеңістікке орналастыру да оқушылардың өзін-өзі танытуларына, олардың өзіндік қасиеттерін және осы кезеңдегі өзіндік мәнін қалыптастыруға әсер етеді. Осы ұжымдық іс-әрекет негізінде оқушылардың арасында барынша белсенді байланыс орнайды, қарым-қатынас жақсарады, алға деген ұмтылушылық, қызығушылық пайда болады. Ұжымдық іс-әрекеттерді ұйымдастыруда кеңесшіні сыйлау мәселесә демаңызды, яғни балалардың іс-әрекетін ұйымдастыруда өзін-өзі басқарудың психологиялық құралдарын пайдалана алу қажет. Арнайы жүргізілген эксперименттер ғалымдарға мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді: кеңесшіні ұжымның өзімұғалімнің және жоғары социометрилық статусы бар кеңесшінің келісімдерін ескере отырып таңдауы керек; жағдайға байланысты кеңесшілер жиі ауыстырылып отырған дұрыс. Осылайша танымдық мәселелерді шешуде негізінен бастауыш сынып оқушыларының өзара ықпалдастығы, қарым-қатынасы, ынтымақтастығы, танымдық қызығушылық ерекшеліктері, танымдық белсенділігі, алынатын ұжымдық танымдық іс-әрекет мына түрде көрініс табуы мүмкін.
1.Ұжымдық жұмыс принциптерін ұйымдастыратын фронтальды жұмыс. Мұндай жұмыстарды ұйымдастырудың тапсырмалар түріне проблемалық жағдаяттарды талқылауда, теоремаларды бірігіп отырып дәлелдеуді, орындалатын жұмыстардың жоспарын бірігіп талқылауды, біріге отырып әңгіме құрастыруды, картина бойынша бірігіп жұмыстар жасауды, психотренингтер өткізуді т.б. жатқызуға болады.
2.Ұйымшылдық принципі бойынша ұйымдастырылған топтық жұмыс. Оның түрлері: жұптық жұмыс, топтық сауалда, топтық жұмыстарда әңгімелесу, дөңгелек үстел, пікірталас, дебат элементтері бар топтық жұмыстар (форум, сараптау, талқылау топтарының отырыс, сиптозицм, жобаларды ұсыну, ойындық модельдеу бойынша проблемалық пікірталастар, диалогтар т.б.).
3.Топ жұмыстарының бейнесі ретіндегі топтардағы өзара тексерулер: орындалған жұмыс бойынша толық немесе жекелей түсінік беру, өзара пікір алмасу ( ауызша, жазбаша, практикалық жұмыстарды өзара тексеру т.б.).
4.Ассистенттердің, кеңесшілердің және белсенді оқу топтарының басқа да мүшелерінің жұмысы.
5.Оқушылар кездесуі.
Міне осылардың негізінде бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекетінің толық ұйымдастырылуын көрсетуге болады. Ұжымдық танымдық іс-әрекет қажеттілік арқылы көрініс тауып отырады. Жаңа бір нәрсені білу үшін әрбір бала өзінің тіршілік және рухани қажеттігін өтеп отырады. Міне, осының әсерінен балада бір нәрсеге қызығу пайда болады.Ұжымда мұғалім балаларға ойлауды қажет ететін әр түрлі әдістерді қолдануды түсіндіріп көрсетеді, оларға түрлі жаттығулар мен тапсырмалар бере отырып шеберлікті, дағдыны бекітіп, шығармашылық қолдануды үйретеді. Міне, мұғалім мен оқушының осындай іс-әрекеттері ұжымдық іс-әрекетке айналады. Ұжымдық танымдық іс-әрекеттің ұйымдастырылуының тағы бір көрінісі- қызығушылық, яғни танымдық қызығу.Бастауыш мектеп жасындағы баланың ұжымдық танымдық іс-әрекеттері оқу үрдісінде жүзеге асады. Бұл жастағы балалар өте сезімтал. Оның сезімі тәуелсіз және өте ашық болады. Бұл жастағы балалардың қиялы өте шапшаң, фантазияға берілгіш келеді. Осы жастағы балаларды қандай да болсын бір іске оп-оңай тартуға жеңіл. Бұл кездегі балалар қиын істерді құштарлықпен орындайды. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрсе оларды ойлантады.Кеңестік психологтер зерттеулері бойынша 7 жастағы оқушыны мектепке қатысты жағдайлардың барлығы қызықтырады: жаңа адамдар ( сыныптағы оқушылар, мұғалім), жаңа орын (мектеп,сынып) іс-әрекеттің жаңа түрі және т.б.балалар жасына байланысты танымдық қызығу мәселелерінбірнеше ғалымдар өз еңбектерінде қарастырған: Н.Рыбалкина, Л.Горден, М.Беллева, И.Цветкова, Л.Маневцова, В.Иванова, бастауыш мектеп оқушылары бойынша А.Абдуллаева, М. Морозова, М.Щеломенцова, т.б. бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығуына жақын мәселелерді В.Дорохова, Р.Жданова, О.Саулина, И.Трегубованың жұмыстарында қарастырылған (Қазақстан мектебі №7, 2005,56-58 беттер).