Оқушылардың метатанымын қалыптастыру аясында жүргізілетін жұмыстар Исмайлова Уркия Курбантаевна



Дата18.03.2017
өлшемі88,71 Kb.
#12019
Оқушылардың метатанымын қалыптастыру аясында жүргізілетін жұмыстар
Исмайлова Уркия Курбантаевна

«Өрлеу» БАҰО АҚ ОҚО бойынша филиалының"Деңгейлік бағдарламалар" орталығының тренері.



Баланы өз күшіне сендіріп үйрету керек.

М.Жұмабаев
Қазақстандағы маңызды және ең өзекті мәселелердің бірі білім беру жүйесін дамыту және білікті мамандарды даярлау болып табылады. Білім беру мәселесі еліміздің экономикалық және қоғамдық жаңартудың өсіп келе жатқан сұраныстарына сайкес болуы тиіс. Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз ететін маңызды құралдардың бірі. Сол себепті қазіргі таңда Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Қазақстандық педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын Кембридж университеті бағдарламасының мақсаты мұғалімдерді оқушылардың бойында оз бетімен білім алу, өзін өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға: түрлі адамдармен тиімді диалог жүргізе алатын қазіргі заманда табысты, өмір сүруге дайын сандық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді азамат болашақ маман ретінде қалыптасуға көмектесетін оқу үдерісін ұымдастыру үшін қажетті білім мен және практикалық дайындықпен қамтамасыз ету. Сол себепті әрбір өскелең ұрпақ жан-жақты біліммен қаруланған, білікті, мәдениетті, бойында ұлттық күш жігері мен азаматтық намысы бар, өз-өзіне сенімді, нақты бір шешім қабылдай алатын азамат тәрбиелеу үшін біз сабақ беру үдерісіміз бен әдіс-тәсілімізді жаңартуымыз керек. Бұл міндеттерді іс жүзінде жүзеге асыру - мұғалімдердің міндеті. ІІІ деңгей бағдарламасының нұсқаулығында: «Құзырлы мұғалім оқушыларға, ортаға және ресурстарға лайықтап нақты кезеңде қолданылуы тиімді оқыту элементтерін «реттеп» отырады» деп көрсетілген. Сабақта бағдарламада көрсетілген жеті модульдерді ықпалдастырған кезде, әр оқушы еркін пікірлесу арқылы, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алуға бағытталады. Сонымен қатар басқалардың пікірлерін тыңдай отырып, өзінше зерттеп отырады. Оқушылардың ойлау, қабылдау қабілетін қалыптастыру топтық жұмыс өте тиімді, яғни сабақты деңгейлеп оқыту арқылы іске асыру және оқушыны ізденуге , оның сабаққа деген қызығушылығын арттыру, белсенділігін дамытып, жеке тұлға болып шыңның биіктігіне шығуына апаратын жолдың бірі-осы Кембридж Бағдарламасының әдіс-тәсілдерін қолдану деп ойлаймын . Қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріндегі түрлі өзгерістерге байланысты білім жүйесінде және оның мазмұны мен оқыту технологиясында да өзгерістер болып жатыр. Оның айғағы әр мектептерге еніп жатқан өзгерістер болып табылады. Әр мұғалімнің алдына қойған мұраты, ең қасиетті міндеті - рухани бай, жан-жақты дамыған , дарынды тұлға қалыптастыру және өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың мүмкіндігін ашу, оны шығармашылық тұлғаға жетелеу болып табылады. «Білімдіден не пайда, білгенін көпке айтпаса,Үйреткеннен не пайда, қайырымы қайтпаса» деп А.Байтұрсынұлы айтқандай, тәжірибелі, табысты оқытуға бастайтын ұстаздар үнемі мектеп мұғалімдерімен тығыз байланыста болса, білгенін үйретіп отырса біздің балалар табысты балаларға айналар еді.

Мен бұл курста берілген материалдар мен ақпараттарды сараптай отырып, өзгерістің міндетті түрде қажет екендігін сездім. Бойымдағы күш-жігеріммен өткен сабақтарымдағы жетілдіру қажет жерлерін ойыма тоқи отырып, білім сапасын көтеру жолында қандай қадамдар жасау қажет екендігін ойладым, оқушыларымды қалай жаңаша оқытуға шақыру керектігін сараптай отырып, жұмыстарымды жоспарладым. Оқушылардан, ата-аналардан алынған сауалнама қорытындысы бойынша мен сабақ жоспарына өзгеріс енгізе бастадым. Сауалнаманы сараптай отырып, мен оқыту мен оқуда неге назар аудару керек, ата-ананы қандай мәселе қанағаттандырмайды, оқушыны қалай оқыту керек, мұғалімдерді не алаңдатады, оқушыны жан-жақты дамыту үшін қандай мәселені қолға алу керек деген мәселеге назар аудардым. Әрине жұмыста қиындықтар мен кедергілер орын ала бастады. Мектеп ұжымымен пікірлескенде мен «Білім беру жүйесіне не үшін өзгеріс керек?», «Біз 21-ғасырда балаларды қалай оқытамыз?» , «Оқушыны табысқа қалай жетелейміз?» деген проблемалы сұрақтар қоя отырып, түрлі идеялармен, пікірлерімен ой бөлістім. Мектепте оқу жүйесіне байланысты туындаған қиындықтарды қалай жеңеміз деген сұраққа жауап іздей отырып, мен келесі қадамымды жоспарладым.

Мен сабақ жоспарларымды жинақтап, жүйелеп болған соң, жоспарланған жұмыстарды жүргізе бастадым. Жұмыс жүргізу үшін өз оқушыларыммен бірлесе отырып, оқудағы мәселерді анықтау үшін пікіралысулар ұйымдастырдым, оған қатысқан оқушыларды сабаққа қызықтыру үшін қолданылатын әдіс-тәсілдерді , 7 модульді сабақта қолданудың тиімділігі туралы, топтық жұмыста оқушылардың елсенділігін арттыру мақсатында қолданылатын әдіс-тәсілдерді саралай отырып, ұғалім үшін тиімді , оқушы үшін пайдалы тәсілді анықтау барысында әр сабағымда әр түрлі тәсілдерді пайдаланап отырдым. ІІІ деңгей бағдарламасын меңгерген мұғалімдер үшін бұл аса қиындық тудырмайды, мектеп мұғалімдермен бірлесіп, мүлде бағдарлама жөнінде мәліметі жоқ мұғалімдерге сабақта қолдану үшін жаңаша әдіс-тәсілдерді, атап айтқанда, диалогтік оқытудың тиімділігін, АКТ-ны пайдалану арқылы оқушыны дамыту, Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалаудың оқушының дамуына әсері талқыланып, сарапталды.

Бірнеше мұғалімнің қатысуымен өткізілген сабақ талқыланып, сабақтың сәтті тұстары мен жетілдіруі қажет жерлері талқыланды. Осы өтілген сабақтардан мұғалімдер сабақты жаңаша өтудің түрлі әдіс-тәсілдерін меңгерді, оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттыру үшін қандай жұмыстар атқару қажеттігін түсінді. Мен өзімнің ұзақ, орта мерзімді жоспарларым мен қысқа мерзімді жоспарларымды мұғалімдерге үлгі ретінде ұсындым.

Әсіресе, сабақта бағалаудың тиімділігі ескеріліп отырды. Дарынды мен талантты балаларды оқыту модулі бойынша мектептегі алтын белгі үміткер оқушыларымен болған «Көшбасшылар бәйгесінде» дарынды , талантты оқушылардың күрделі тапсырманы қажет ететіндігі олардың сұранысына сай тапсырмалар жоспарланып, дарындылармен жұмыс түрі ұсынылды. Сайыста 7 модуль де қамтылды, сайыс ретінде өтілген сабақта түрлі тәсілдер қолданылып, оқушының сыни ойын дамыту үшін берілген тапсырмалар оқушылардың жаңа қырынан танылуына мүмкіндік берді.

Мен оқыту мен оқу үдерісінде осы бағдарлама аясында жасалынатын ұзақ мерзімді және орта, қысқа мерзімді жоспарымды дайындап, сол жоспар бойынша жұмыстарымды жүргізіп отырдым

Өзімнің 11 «Ә» сыныбында өтілген қазақ әдебиеті сабағынан кейін қысқа мен орта мерзім жоспары жан-жақта қарастырылып, А, В, С оқушылардың іс-әрекеттері талқыланды. Зерттеуге алынған сынып оқушылары келесі математика сабағында да зерттелді. Сабақта оқушыларға берілген білім, қолданылған әдіс-тәсілдер , оқушылардың жауаптары мен сабақта атқарылған жұмыстар толық зерттелді. Әр сабақтан кейін болған кәсіби әңгіменің қорытындысы бойынша әр қайсысына рефлексивті есеп жазылды. Өткізілген әрбір сабақтан кейін ондағы айтылған пікірлері назарға алынды және де оқушыларға сипаттама беріліп отырды. Сабақтардағы қолданылған түрлі тәсілдер баланың сабаққа қызығушылығын арттырумен қатар олардың дамуына едәуір үлес қосты. Оқушылардың жан-жақты дамуы үшін ұсынылған түрлі тәсілдер оқушының әр қырынан танытуға мүмкіндіктер беріп отырды. Жаңа өткізілетін сабақтың жоспарына өзгеріс енгізуге, қай әдістердің тиімділігі, ең бастысы даму жоспарындағы басымдықтар мен күтілетін нәтижелер ескеріліп бақылауда болды.зерттелуші оқушылар тарапынан байқалған кедергілер мен кемшіліктердің себептері іс-әрекеттерді зерттеу кезінде талданып, тиісті өзгертулер енгізіліп отырылды. Зерттеу сабағы аяқталғаннан кейін бүкіл топ мүшелері бірден оқушылардың оқу үдерісіне қатысты барлық нәтижелерін жүйеледі. Сабақта орын алған кедергілер мен оқу үдерісінде алынған нәтижелерді есепке ала отырып, зерттеуші мұғалімдер жұмысты бірлесе отырып, қайта жоспарлады. Онда оқушылардың пікірі мен «оқушы үніне» ерекше мән берілді. Сабақта зерттелуші тарапынан орын алған өзгерістер дер кезінде жазылып, сарапталып отырды. Соған байланысты әріптестер алдағы сабақ жоспарларына қажетті өзгерістерін енгізіп, жүйелеп отырды.

Кембридж университеті ұсынған сындарлы оқыту теориясының тәсілдерін мектептегі әріптестеріміздің қолдауы, тәлімгер мен коучер мұғалімдердің көмегімен даму жоспарымызға енгізіп, іс-әрекетті зерттеу сабақтарын жүргізу кезінде көптеген болжамдардың анықталғанын білдім. Менің сабақтарға қатысқан мұғалімдер оқу үдерісіндегі тиімді тәсілдер арқылы сабаққа оқушының қызығушылығын арттыруға болатындығын, баланың сыни ойын дамытуға болатынына көздері жетті. Егер мұғалім тарапынан үнемі оқу үдерісіне бағытталған осындай зерттеулер барысында мектеп жұмысының алға қарай дамуы орын алады деп ойлаймын. Әрине, зерттеулер жасалып, зерттеу нәтижесіне байланысты түрлі тәсілдер ұсынылса, оқу үдерісінде оқушы үнін ескере отырып жұмыстар жасалса, мұғалімнің де , оқушының да жұмысы нәтижелі болады деп ойлаймын.

Осы арада мектепішілік желілік қоғамдастық құрып, оны жоспарлап алып, мұғалімдердің бір – бірімен пікір алмасу, ой бөлісуі, ынтымақтастығы артып, жүйелі жұмыстар жүргізу мақсатында бетпе – бет кездесулер өткізіліп отырды. Осындай жұмыстардан кейін мұғалімдердің қызығушылығы арта түскені байқалады.

Өмірдің ұлы аксиомасы : Алғаныңыздан да көп алыңыз,болғаныңыздан да артық болыңыз. Бұл сфераны таңдай отырып мен өз назарымның үлкен бөлігін осы сфераға жұмылдыру қажет екендігін түсіндім.Қарсы жағдайда өмірдің өзгерісі жоқ аксиомасымен шайқасуға тура келеді және ол: Сіз өзгермесеңіз,онда осы кезге дейін алғаныңыздан басқа ала алмайсыз. Өте тез қарқынды дамып келе жатқан заманмен ілесіп,жаңашыл ұстаздар қатарында болу, яғни Кембридж тәсілімен сабақ өту менің өзгеруімнің негізгі себебі. Курстың бірінші бетпе-бет кезеңінде бағдарламаның теориялық білімін оқып келгеннен кейін мен әріптестеріме болған қарым-қатынасымды,сабақ өту әдіс тәсілдерімді ,оқушыларға болған көзқарасымды бәрін-бәрін өзгертуге тырыстым. Мен ескі және тұрақты дағдыларымды өзгерткен кезде,қандай ішкі қиындықтар туындайтынын сезіндім. Жеке бастың дамуының дағдыларын құру тұрақты күшті талап етеді,ал оны тек тәртіп қана қамтамасыз етеді.

Тәртіп-ой мен оны жүзеге асыру арасындағы көпір,бұл шабытты жетістікке қосатын желім. Мұғалімдер жұмыстарының нәтижесіз болуын тәртіптің жоқ болуымен байланыстырмайды. Өмірлік ұстанымдарға кішкентай ғана тәртіпке салатын ережелер үлкен ықпал етуі мүмкін.Тәртіпке келтіретін жаңа ережелер өміріміздің бағытын өзгертетінін білдім.Тәртіп табиғатпен өте ұқсас,оған жету үшін бар күш-жігерді жұмсау қажеттігін түсіндім. Ағаш қандай биікке дейін өседі? Ол өте күшті жердің тартылу күшін жеңе отырып,күн көзіне ұмтылады және ол қаншалықты мүмкін болса,сонша биік өседі.Ағаштың бұлай ұмтылып өсуі ойлап істелінген нәрсе емес,себебі ағашта ой жоқ. Ал сіздер мен біздерде ойлау арқылы таңдау мүмкіндігіміз бар.

Тәртіп өзіне мүмкіндіктерді тартады.Өзіңді жеңу арқылы , әлемді жеңесін дегендей,егер кімде-кім өзіне міндеттемелер алса,ол тәртіптің арқасында жоғары мақсаттарға жететінін білдім.Тәртіп-ұстамсыздыққа тосқауыл қойып,ізеттілікке жол ашатын парасатты ой ойлау мен әрекет етудің ерекше үрдісі... ол оң әрекеттерді дамытатынын,тек табысқа бастайтынын,денсаулықты жақсартатынын білдім.

Білім мен түсінік оқушы бойында қалыптасады,ал мұғалім бұл үдеріске көмек көрсететін жан. Мұғалім өзінің білімділігімен,жүріс тұрысымен,жайдары мінезімен,тіпті сырт пішіні,киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада әсер ететінін білдім.Дәстүрлі оқытуда тақырыптың мән мағынасы терең менгерілмей жай ғана жатталғандықтан тақырыпты оқушы өмірде тиімді пайдалана алмағандығы анықталды.Сондықтан білім беру саласына өзгеріс енгізілді,ол - сындарлы оқыту. Сындарлы оқыту оқушыға нақты білім беруді мақсат ететінін білдім және ол Кембридж тәсілімен оқытуды ұсынады,оның мазмұны бізге жеті модуль түрінде берілген. Өздеріңізге белгілі бүгінгі оқушыны әлемде болашағына дұрыс таңдау жасай алатын, сондай - ақ өзінің өмірдегі өзгерістер ағымына икемделе білетін қабілетіне байланысты өмір сүру тәртібі күтіп тұр. Осыған байланысты баланы зерттеу әрекетіне дайындау, оның зерттеушілік ізденіс білігі мен дағдыларын қалыптастыру қазіргі білім беру ісінің маңызды міндеті болып есептеледі.

Бүгінгі күнде әлемдік оқу үдерісінің өзегі - жаңа технологиялар екені мәлім. Әлемдік аренаға шығу үшін Қазақстан да дамыған елдерде тәжірибеден өткен түрлі тәсілдерді білім саласына енгізіп отыр. Әлемнің бірнеше елінен сынақтан өткізілген жаңаша оқыту төрт бағытты қамтиды. Олар: модульдік технология, рейтингтік жүйе, дамыта оқыту технологиясы , сын тұрғысынан ойлау. Мүғалімнің жетістікке жетуі үшін оған технология мен қатар қаншама еңбегі қажет екендігі баршаға мәлім. Сондықтан мұғалім оқушыларға өтетін сабақтарын түрлендіріп өткені оның жетістігі болып есептеледі. Сабақта Блум таксономиясын пайдалану арқылы әрі сабақты жүйелеп, әрі оқушының өз бетінше жұмыс жасауына ықпал етеді.



«Жұртымды түзеймін десең, алдымен бесігіңді түзе...» деп М.Әуезов айтқандай , ұстаздар болашақты тәрбиелейді. Тек мұғалімдер үнемі ізденіс үстінде болып отыруы қажет. Өйткені, К.Д. Ушинскийдің айтуынша «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі жойылады» Мен ІІІ деңгей бағдарламасының негізгі идеясы мен одан күтілетін нәтижелерді ескере отырып, өз мектебімде мұғалімдердің осы бағдарлама аясында жұмыс жасауына өз ықпалымды тигізе отырып, оқушыларымыздың білімді игеріп қана қоймай, оны өз қажетіне жарата білетін қоғамның саналы азаматы болып қалыптасуына жағдай жасаймын. «Өмір бойы оқу әрбір қазақстандықтың өмірлік кредосына айналуы қажет » деген Елбасы-Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың сөзін құптаймын.
Каталог: jobalar -> orleu
orleu -> Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық Қызметін дамыту. Кесте. №1 сабақ. Алғашқы психодиагностика Сабақтың мақсаты
orleu -> Бақытты бал дәурен Шымкент-2013жыл
orleu -> Көше бойлап келе жатқан аруға, Байқалғаны нанның жерде жатқаны
orleu -> Фарабиге арнау. (Әні бар) 1 Оңтүстіктің арайланған ақ таңы, Бұлбұл үні естіледі бақтағы
orleu -> Бір сен деп Таңменен тұрдым «Бір сен»-деп
orleu -> АҚ «Өрлеу» ОҚо пқбаи дбо тренері Шолпан Аблакимовна Оспанкулова \2015 жыл қаңтар\ Диалогтық оқытудың оқушының белсенділігін арттырудағы маңыздылығы
orleu -> Білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялар, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы
orleu -> Төкеев Бертай Есмаханұлы ГҮл сезім шымкент 2009 Гүл сезім
jobalar -> Білім көздері: Тіл дамыту Тақырыбы:«Ойыншықтар әлемі» Мақсаты
orleu -> Дінтану негіздері курсын оқытуда діндер мазмұнындағы сан ғасырлық рухани құндылықтарды меңгерту «Инновациялық технологиялар мен жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет